Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

ҚР мемлекеттік қызметтегі кадр жұмысы


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Мемлекеттік органдарды басқару қызметінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі 7
1.1 Мемлекеттік органдарды басқарудың әлеуметтік-экономикалық түсінігін бағалау әдістері 7
1.2 Мемлекеттік органдарды басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын факторлар 12
1.3 Кадрларды басқару құрылымы 16
2 Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі 26
2.1 Мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мәселелері 26
2.2 Мемлекеттік органның функциялары мен міндеттері 34
3 Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының жүйесі және қызметі 58
3.1 Алтынсарин ауданы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері 58
3.2 Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының функционалдық мүмкіндіктері және мүмкін болатын қауіптері 59
Қорытынды 61
Қолданылған әдебиеттер 63

Кіріспе

Өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгiн және толық мемлекеттiк егемендiгiн алғаннан кейiн Қазақстан мемлекетi өз аумағында құқықтық мемлекет құруды басты мақсат етiп қойды.
Қазақстан мемлекетінің ішкі және сыртқы қызметінің басты мақсаты – мемлекеттің және оның төңірегінде топтасқан халықтың тәуелсіздігін, егемендігін, қауіпсіздігін, саяси тұрақтылығын нығайту, қоғамын қорғау, оны жан – жақты өркендетіп, дамытып, көркейту..
Дипломық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік органдардың қызметін талдау.

1 Мемлекеттік органдарды басқару қызметінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі
1.1 Мемлекеттік органдарды басқарудың әлеуметтік-экономикалық түсінігін бағалау әдістері
Мемлекет туралы ғылым ежелгі Шығыс елдерінде дүниеге келді, бірақ ең жоғары шыңына Ежелгі Греция мен Римде жетті Платон ілімдері және оның «Мемлекет», «Заңдар» шығармасы. Аристотель ілімі: «адам саяси жануар және сондықтан өзімен бірлесіп өмір сүруге түйсіктік ұмтылуды алып жүреді», - деп сендірді. Ежелгі Римде Марк Тулий Цицерон және оның жұмыстары «Мемлекет туралы» және «Заңдар», құқықтық теңдік мәселелеріне көп көңіл бөлді. Орта ғасырларда Фома Аквинскийдің 2 қалада оқуы Николло Макиавеллидің қайта өрлеу дәуірі мемлекетті қоғамның саяси жағдайы ретінде қарастырады. Капиталистік қатынастардың туу дәуірі Т. Гоббс, Б. Спиноза, Ш. Монтескье, М. Вайер, Ж. Руссо және т.б. – қоғамдық келісім теориясының негізін қалаушылар.

1.2 Мемлекеттік органдарды басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын факторлар
Мемлекеттік органдарды басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың біріне жатады. Ғалымдар арасында бұл мәселені зерттеу барысында әр түрлі көзқарастар қалыптасқан және оны шешу жолдары туралы да ортақ пікір жоқ. Аталған мәселені тиімділіктің жалпы жүйелік факторларын талдау негізінде қарастыру мемлекеттік саяси-идеялық және стратегиялық факторларды ескеруді ұйғарады. Басқару тиімділігін талдауда экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және республика субъектілерінің кіші жүйелері деңгейінде жалпы мемлекеттік факторлар негізгі фактор ретінде қарастырылады. Кіші жүйелер мен деңгейлерде билік пен басқаруды ұйымдастыру мақсаттарының және стратегияларының, құрылымдық нысандарының өзіндік ерекшеліктерімен байланысты факторлар тікелей талдау объектісі болып табылады. Ұйымдарды басқарудың тиімділігін талдау барысында басқарушылық қызметтің нақты тәсілдерінің, әдістері мен құралдарының тиімділікке тигізетін әсері түсіндіріледі. Жалпы жүйелік және аймақтық факторлардың рөлі корпоративтік масштабтағы басқару жағдайлары мен механизмдерін талдау арқылы айқындалады.

1.3 Кадрларды басқару құрылымы
Басшы еңбек ұжымының іс-әрекетін реттеп, ұжымға әлеуметтік әсер етіп отырады. Басшылық ресми қарым-қатынас жүйесімен байланысты және ол жоғарғы органдармен тағайындалып, жұмыстан босатылды. Басшы өзінің іс-әрекетінде қатаң иерархиялық құрылымға жүктеледі, бағынушыларға сол құрылымда алатын орнына сәйкес қарым-қатынас жасайды. Басшылық мәдениеті оның тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Басқару тиімді болу үшін басшының тұлғалық қасиеттері биік деңгейде болуы қажет. Басшы тек қана өндіріс емес, сонымен қатар ұйымның, өндіріс пен кәсіпорынның құндылықтарын, дәстүрлерін, нормаларын басқарады. Джордж Ингмидтің зерттеуі бойынша, егер бір басшы ең бірінші құндылыққа – байлықты қойса, онда жұмысшылардың демалыс бөлмелеріне қаражаты жетпейді, ал екінші бір басшы ең биік құндылық – адамгершілік деп ойласа, онда жалақыны көтереді. Басшы әрқашан әділ, таза болуы тиіс. Басшыға қажетті қасиеттер: 1) білімділік 2) өзіне сенімділік 3) ойлау қабілеті 4) адамдарды басқару қабілеті 5) батылдылық 6) көріктілік.
Менеджер дегеніміз қазіргі өндіріс шарттарында – басқару бойынша мамандар.

2 Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі
2.1 Мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мәселелері
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында егемендікке қол жеткізген Қазақстанға өз халқына лайықты әлеуметтік-бағдардағы қоғам кұрудың өзіне берілген тарихи мүмкіндігін ұтымды пайдалану міндетін дұрыс атқару керек болды. Сол кездің өзінде-ақ елдің өркениетті деңгейі қоғамдық дамудың перспективалы бағыттарын ұстану қажеттілігін саналы түрде әрі ғылыми негізде анықтауға мумкіндік берді. Осы бағытта кұқықтық мемлекет, азаматтық қоғам мен нарықтық экономиканы құру идеялары, алдыңғы қатарлы елдерде ойдағыдай жүзеге асырылған оңтайлы тәжірибелер бағдарға алынды. Әлеуметтік мемлекет құру стратегиялық мақсат ретінде анықталып, еліміздің Ата заңында көрсетілгендей, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды». Соған сәйкес мемлекеттің алдына шешуді талал ететін көптеген міндеттердің қойылуы заңды да.

2.2 Мемлекеттік органның функциялары мен міндеттері
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыруы керек. Өйткені жаңағы тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар тәжірибесі айқын дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі - қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шаруашылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.

3 Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының жүйесі және қызметі
3.1 Алтынсарин ауданы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері
Маңызды міндеті – Алтынсарин ауданы халқының мүдделерімен бірлесіп жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу.
Пайымдау – жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару сапасын көтеруді қолдайтын Алтынсарин кенті әкімінің аппараты және әкімдіктің қызметін тиімді сараптамалық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету.
Алтынсарин ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы:
Ауданның өнеркәсібі ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге бағдарланған, аймақта шикізат базасы және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттылығы бар. Аудан орталығында қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жеткілікті қарым бар. Қазіргі уақытта Алтынсарин ауданында 3 диірмен, 6 шағын диірмен, 2 шұжық жасау, 2 тігін цехтары, бір жиһаз жасау және столяр цехы, пластмасса өнімдерін өндіру бойынша «Люнет» ЖШС цехы бар.

Қорытынды
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өнімді өндіру жеткіліксіз, оны айналым кезеңіне (бөлу және айырбастау) өткізіп, сатып алушыларға сату қажет. Көптеген өндірушілер үшін ұдайы өндірістік кезең сауда - саттық әрекетін жасаумен аяқталады. Осы кезде өнім тұтынушыға жетіп, басқару тиімділігінің екінші түрі - экономикалық тиімділдік туындайды. Экономикалық тиімділіктің өндірістік тиімділікке қарағанда көпқырлы және терең мағынасы бар. Ең бастысы ол қоғамдағы қандай да бір өнімге деген қажеттілікті білдіреді, сұраныс пен ұсыныс арақатынасын сипаттайды, өн-дірушіге ұдайы өндірістік процестің барлық кезеңдерін анықтап, белгілейді. Өндіруші өндірілген өнім үшін нақты ақысын алады, ал бұл жаңа және ұлғаймалы өндірісті бастауға мүмкіндік беретін шығындалған ресурстарды қайтаруға және табыс табуға жағдай жасайды. Осындай тура және кері байланыс салдарынан экономика өзіне қажетті серпінділікке және өзін-өзі басқаруға ие болады.