Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 74 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 КӨП ҚҰРАМДЫ АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ 8
1.1 КӨП ҚҰРАМДЫ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР МЕН СИНТАКСИСТІК МӘСЕЛЕЛЕР 8
1.2 САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 11
1.3 АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ 16
2 ҚАЗАҚ ТІЛ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУІ 26
2.1 С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІ 26
2.2 Н.САУРАНБАЕВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ 33
2.3 М.ТОМАНОВ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ 45
2.4 А.ЫСҚАҚОВТЫҢ ТҰЖЫРЫМДАРЫ 49
2.5 Н.ОРАЛБАЙҚЫЗЫНЫҢ СИНТАКСИСТІК БІРЛІКТКРІ 52
2.6 Т.ҚОРДАБАЕВ ПЕН М.БАЛАҚАЕВ ЕҢБЕКТЕР ҚҰРЫЛЫМЫ 56
2.7 ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІН ҚОЮДЫҢ НОРМАТИВТІК НЕГІЗДЕРІ 63
ҚОРЫТЫНДЫ 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 74

КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеу кешеуілдеп басталған салалардың бірі. Қазан төңкерісіне дейін жай сөйлемдер синтаксисінен аз да болса зерттеулер болса, құрмалас сөйлем синтаксисі жөнінде олай айтуға болмайды. Бұл кезеңге дейінгі зерттеулерде құрмалас сөйлемдер жүйесі өз алдына жеке қарастырылмаған. Берілген кезеңдегі зерттеулерде «сложное предложение» «подчиненное предложение» деген лингвистикалық терминдерді кездестіреміз, бірақ бұнда бұлар құрмалас сөйлемнің сырын ашу мақсатында емес, есімше, көсемше және етістіктің райларының синтаксистік қызметтерін анықтау мақсатында берілген. Тіл білімінде құрмалас сөйлемдер жөніндегі алғашқы зерттеу еңбек ретінде көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казахско-киргизского языка», В. Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» деген еңбектерді атай аламыз. П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казахско-киргизского языка» екі кітаптан тұрады: біріншісі – фонетика мен морфологияны, екінші кітабы – синтаксисті қамтыған.

1 КӨП ҚҰРАМДЫ АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

1.1 КӨП ҚҰРАМДЫ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР МЕН СИНТАКСИСТІК МӘСЕЛЕЛЕР
Даму заңдылығына сәйкес біршама жылжу, өзгеру, қозғалудан тұратын зат, құбылыстардың өзгерімпаздығы тіл білімінен де алшақ емес. Жаңа өмірге сай жаңа оқулықтарды жылдық шегініспен емес, қазіргі қоғам игілігіне сай дайындау көп күттіруді қажет етпейтін мәселе. Дәл осы уақытта 30 жыл бұрын жаңа сөздік қасиетте жұмсалған «космос, космонавт, жасанды жер спутнигі» сынды сөз, сөз тіркестерін неологизм деп тану бола қояр ма екен? Сөздердің неологизмдік қасиеті тек орныққанша ғана екендігі басы ашық мәселе ғой. Міне, бұндай қолданыстағы сөздерді баспаның жөндеуі, баспа редакторының бақылауы емес, әр пән мұғалімі есінде ұстап, өмір өзгерісіне бағынуы шарт.

1.2 САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Құрмалас сөйлемнің қай түрі болмасын, тіл-тілдегі жай сөйлемдердегідей жіктеуге түседі. Оларды бір-бірінен ажыратуға көмегі болмайтын жіктеліс сол, Қ.Жұбанов пікірінше, «Сөйлем айтқанда оны қандай үнмен, қандай сөзбен айтқанымызға қарай да топтастыруға болады» және «Мүше құрылысына қарай жіктеу мен дауыс құрылысына қарай топтастырудың екеуі бір сөйлемнің басына сыймастай нәрселер емес, бұл – тек бір нәрсенің өзін екі түрлі өлшеуішпен өлшегендік қана» [19,218]. Бұлайша саралау қазіргі қазақ тілінде құрмалас сөйлемге орайласып та қолданыла бастады.

1.3 АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ
Сөйлемдер, біздің ұғымымызда, өзін құрастырушы сыңарлардың қатысуына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып сипатталады. Жай сөйлем сөздерден, сөз тіркестерінің өзара қосындысынан жасалса, құрмалас сөйлем жай сөйлемдерге тән қасиеті бар, яғни құрамында сөздер мен сөз тіркесінің қиюласуы бар жеке сыңарлардан жасалады. Ғалым Н.Сауранбаевтың сөзімен айтсақ, «Құрмалас сөйлемнің құрамындағы негізгі синтаксистік компоненттер жеке сөздер ғана емес, сол сөздерден құрылған дербес сөйлемдер болады; яғни құрмалас сөйлемдер бірнеше жай сөйлемдерден құралады» [1,86].

2 ҚАЗАҚ ТІЛ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУІ

2.1 С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІ
Бүгінгі таңда қазақ тілші ғалымдарының көпшілігі дәстүрлі грамматикадан алшақтап, тіл білімінің танымдық (когнитивтік) лингвистика, қолданбалы лингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвостилистика сияқты салаларын зерттеуге жаппай ден қойып жүргенде, құрылымдық грамматиканың синтаксис саласын арнайы зерттеп, тұшымды мақалалар жазып жүрген ғалымдар аз. Қазақ синтаксисін байымдауға алғаш түрен салған А.Байтұрсынұлынан бастап, оны ғылыми негіздеген Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, Т.Қордабаев сияқты ата ғалымдардың, қисындық тұрғыдан тұжырымдаған Р.Сыздық, Қ.Есенов, Қ.Мамытбеков, Р.Әмір, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев.

2.2 Н.САУРАНБАЕВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Академик Нығмет Сауранбаев – қазақ тілі білімінің барлық салаларында қалам тартып, оның негізгі теориялық бағыт-бағдарын анықтап, іргетасын қалыптастыруға үлес қосқан санаулы ғалымның бірі.
Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің өткені мен бүгінгі жай күйін, көкейтесті мәселелерін танып білуде академик Н.Сауранбаевтың теориялық тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор. Н.Сауранбаевтың ғылыми зерттеулері - құрмалас сөйлемдердің негізгі теориялық бағыт-бағдарын, негізін анықтауда бағдарламалық мәні бар, қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлем синтаксисінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуде баға жетпес мұра.

2.3 М.ТОМАНОВ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Ғалым М.Томановтың есімі түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде баға жетпес еңбектерімен қалған. Бұл тарапта жоғары оқу орындарында оқылатын негізгі оқулықтары, монографиялық еңбектері өміршеңдігін әлі де болса көрсету үстінде. Оның сыртында ғалымның тілдің грамматикалық жүйесінің дәстүрлі синтаксис саласына да қалам тартқандығын байқаймыз. «Құрмалас сөйлем туралы бірер сөз» атты мақаласындағы ғалымның ойларын тарата айтсақ, құрмалас сөйлемге, оның түрлері мен құрылыстық жүйесіне қатысты мәселелерге жауап ала аламыз.

2.4 А.ЫСҚАҚОВТЫҢ ТҰЖЫРЫМДАРЫ
Тіл білімінің грамматика саласында, оның ішінде морфологиялық құрылым жүйесінде ғалым А.Ысқақовтың алар орны, сөз жоқ, ерекше. Ол, сонымен қатар, синтаксистік құрылыс жайында да пікір білдіре алған: «Тіл-тілдегі құрмалас сөйлемдердің болуы – өрісі кеңейген сол ойды жарыққа шығарудың нәтижесі, өйткені, сөйлем дегеніміз ойдың көрінісі» [3,57]. Ал «ой көрінісі» жеке сөйлем түрлерінің берілуінен байқалады.

2.5 Н.ОРАЛБАЙҚЫЗЫНЫҢ СИНТАКСИСТІК БІРЛІКТКРІ
Түркі әлемі таныған ғалымдарымыздың бірі – Н.Оралбайқызы. Ғалымның Ата түрік еліне сапарлап, дәріс беруі мен ғылыми еңбектеріне басқа түркі ғалымдарының сілтеме жасап, теориялық тұжырымдарын тиянақтауы бұған нақты дәлел. Өз елінде де Н.Оралбайқызы аға буын ғалымдарының жоғары лебізін алған. М.Балақаевтың «Зерде баспалдақтары» атты танымдық кітабында қазақтың қазіргі тілші-ғалым әйелдерінің еңбегі айқын бағаланған: «Тіл білімі институтындағы жиналыстарда төрде отыратын төрт әйел ғалым бар. Олар – филология ғылымдарының докторлары:

2.6 Т.ҚОРДАБАЕВ ПЕН М.БАЛАҚАЕВ ЕҢБЕКТЕР ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақ тілінің ғылым ретінде көрінуі оның алғашқы дамуында өзіндік орны бар ғалымдардың атымен тығыз байланысты. Сол бірегей ғалымдардың ішінде филология ғылымының докторы, профессор Т.Қордабаев та бар. Жеке өмірімізде ғалым Т.Қордабаевтың библиографиясымен де, жағырафиясымен де таныс емеспіз. Дегенмен «Ғалымның хаты өлмейді» демеуші ме еді?! Осы жағынан келгенде, оның үстіне құрмалас сөйлемге қатысты аздап қалам тартып жүргеннен кейін, оның сүбелі еңбектерін пайдаланамыз. Т.Қордабаев қазақ тілін тарихи тұрғыдан да, синхрондық тұрғыдан да дамытқан. Бірақ өзінің алдындағы ғалымдарды, әсіресе А.Байтұрсыновты, ерекше өнеге тұтқан. «Ахаң еңбектерінсіз ғылымымыз тарихы туралы мәнді бірдеңе айту жалғандық болар еді» деп А.Байтұрсынов тағлымын тарқатып отырған [15,4].

2.7 ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІН ҚОЮДЫҢ НОРМАТИВТІК НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі қолда бар еңбектерде іліктес салалас құрмалас сөйлемге орын тәртібі жағынан жалпылаушы сыңары санама-түсіндірмелі сыңарынан бұрын келетін (дедуктивті-индуктивтік қатынаста жұмсалған) синтаксистік құрылымдар ғана жатқызылып жүр. Алайда тіл фактілеріне қарағанда, қысқасы, бір сөзбен айтқанда, демек, сайып келгенде сияқты жалпылау-жинақтау мәнді қыстырма сөздердің қатыстырылуы арқылы іліктес салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тәртібін алмастыра қолдану жиі кездеседі. Мұндай жағдайда олардың тыныс белгілері де өзгереді: қос нүкте орнына сызықша қойылады. Ондай сызықша, бұрынғы қос нүкте сияқты, ажыратушы функцияда қолданылады. Өйткені ондағы ажыратылушы компоненттер бөлек-бөлек синтаксистік желіде келген дербес сөйлемдерден құралады. Мысалы:

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі қазақ синтаксисі, оның ішінде жай сөйлемнің құрамы жалаң, жайылма және күрделенген деп танылуда. Бұл дұрыс та. Жай сөйлем күрделенуінің жайылма құрылымнан принципті айырмашылығы жоқ десек те, синтаксистік компоненттердегі кейбір ерекше белгілер оларды бөлек қарауға итермелейді. Бұл үрдісті Қ.Есенов түбегейлі зерттеп, нақты теория да шығарып кетті [4]. Егер жай сөйлемдік компоненттер құрмалас сөйлемнің негізгі материалы десек, құрмалас түрлерінің ішкі құрылымы сол арнадан дамитындығын да мойындатқаны. Олай болса М.Балақаев айтуындағы жалаң сөйлем мен жалаң сөйлем, кейде жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем, кейде жайылма сөйлем мен жайылма сөйлем бірігуін ішкі заңдылықты орнықтыру деп түсінген жөн. Мысалдық деректерді қос құрамды құрмаластармен берейік: