Қазақ романдарындағы адам мен табиғат байланысының көрінісі (1970-1980 ж.ж.)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 М. Ж. Көпейұлы және қазақ поэзиясындағы азаматтық әуен 9
1.1 Поэзиядағы азаматтық әуен көрінісі 9
1.2 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы әлеуметтік- қоғамдық тақырыптың жырлануы 21
1.3 Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұйқастар қолданысы 38
2 М.Ж. Көпейұлы шығармаларындағы имандылық-руханият сабақтастығы 46
2.1 Ақын поэзиясындағы дін түзеу идеясы 46
2.2 Мәшһүр Жүсіптің алашшыл мұраты мен дүниетанымдық көзқарасы 51
2.3 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Абай ізімен 62
ҚОРЫТЫНДЫ 82
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 85
КІРІСПЕ
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің көп ғасырлар бойы жалғаса дамыған тарихи жолында сөз өнері мұралары халықтың эстетикалық-гуманистік, философиялық дүниетанымын қалыптастырды. Әлемдік өркениеттегі өзіндік тарихи тұғырын ұлттық дүниетанымының көріністері – рухани құндылықтары арқылы таныта алған қазақ халқы қазіргі тәуелсіздік даңғылындағы жаңа тарихында бұрынғы-соңғы мұраларды түгендеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына орай қазақ әдебиетінің асыл мұраларының толық жинақталуы, зерттелуі, жариялануы жүзеге асуда. Елбасының: «Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иесін аңсамаған қазақты қазақ деп айтудың өзі қиын»[1.41.], «Ақынның, шешеннің данагөй сөзі халық үшін қашан де қастерлі, қашан да қасиетті» [1.95.] және т.б. қанатты сөздері ұлттық мәдениетіміздегі бұрын қамтылмай, зерттелмей келген мұраларымызды уақыт талабына сай жаңаша қарастыруға жетелейді.
1 М. Ж. Көпейұлы және қазақ поэзиясындағы азаматтық әуен
1.1 Поэзиядағы азаматтық әуен көрінісі
Поэзиядағы азаматтық әуен туралы қазір сауатты адамдардың аузынан, зиялы қауымның ортасында жиі айтылатын сөз. Бірақ аталмыш ой-ұғым – халықтың мақалы емес, әйтпесе әдебиетімізден ойып орын алған үлкен тұлғаның мәйекті лебізі де емес. Кейінгі кездері зиялы қауым арасында мойындалған қанатты сөз. Бәлкім, оның алғаш айтқан авторы да болған шығар. Бірақ гәп – онда да емес, осы бір сөздің орайлы ақиқат екендігінде. Батыста әдебиет – әдебиет үшін, өнер – өнер үшін деген бағыттар бұрыннан кездеседі. Біздің қазақ әдебиетінде мұндай тамыры таяз, сыңаржақ бағыт, тек байлар мен бағландардың көңілінен шығып, соларға қызмет қылғаны белгілі. Бұқараға жат ақындық иелері орысқа бодандыққа дейін де, кешегі кеңес кезеңінде де кездеспегені мәлім. Еліміз егемендігін алған бүгінгі таңда мүлдем мұндайдың ұшқыны жоқ, бәлкім алдағы уақытта да ұшыраспайтын болар. Себебі бағзы замандардан-ақ, тіпті қазақ жаратылған шақтан-ақ халқымыз өлеңді ермек, өнерді тек көңіл көтеру құралы деп қарамаған. Ақиқаты: қазақ үшін қашанда өлең – өмір. Өмір – өлең. Қазақ поэзиясы өзінің даму арнасында заман озған сайын жаңашылдыққа бет түзей бастады.
1.2 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы әлеуметтік- қоғамдық тақырыптың жырлануы
Адамның қоғамдық-әлеуметтік ғұмырын мәдени-рухани тұрғыдан тұтас қарастырар болсақ, әрқашанда оның үш ұстын-тіректен түзілгенін немесе түзілетінін байқауға болады. Рас, экономика – тұғыр, іргетас, адам тұрмысының негізі. Тіпті сананы тұрмыс билейтіні де ақиқат. Алайда адам тұрмысы қандай деңгейде болса да, адам – тек ас ішетін тіршілік иесі емес, оған қашанда рухани игілік, жан азығы ауадай қажет. Міне, осы рухани азық-игілік үлкен-үлкен үш бөлік: тіл, діл және діннен тұратыны, құралатыны адамға да, ғылымға да бағзыдан мәлім шындықтар. Біздің бұл жерде тілді бірінші айтуымызда да айдай анық гәп-себеп бар. Өйткені, тіл – барша адам үшін, оның ішінде алаш үшін де алғашқы әрі ең қат қажеттілік. Бірақ Мәшһүр Жүсіп өмір сүрген кездегі қазақтың бір бақыты, мына бізден керемет бір артықшылығы – бұларда тіл мәселесі болған жоқ. «Сөзді бұзбай сөйле, шешендік танытайық» дегендей ескертулер айтылмаса, қазақ тілі аман-сау, азат болатын. Мына біздің заманымыздағыдай тіл тұралап, басқыншылыққа ұшыраған жоқ, отарланған жоқ.
1.3 Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұйқастар қолданысы
Ақынның көлемді ғана емес, кенеулі, көркемдігі келелі жоқтау жырының бірі – «Мұса Шорманұлы». Біз бұған дейін де Мәшһүр Жүсіптің талай жоқтауымен танысып, аузынан төгілген небір маржан мақтау, дүр сөздерді көргенбіз. Десек те, мына жоқтаудың орны бөлек, тіпті оны ақын жоқтауларының шоқтығы биігі – шыңы десек те жаңылыспаймыз. Бұны осы өлеңдегі тармақтардың мейлінше көсіліп, авторға тізгін бермей, бұған дейінгі қалыпты 11 буындық қара өлең, 7-8 буынды жыр үлгісі қалыптарына сыймай, атап айтқанда, бұған дейін қазақ жырында да және Жүсіптің өзінде де болмаған жаңа өрнек-өлшем – 16 буындық бітім табуы да дәлелдей түссе керек.
2 М.Ж. Көпейұлы шығармаларындағы имандылық-руханият сабақтастығы
2.1 Ақын поэзиясындағы дін түзеу идеясы
Көркемөнер, нақтылап айтқанда сөз өнері адамзаттың игіліктеріне бағытталатыны белгілі. Суреткер айналасына тек пенделік түйсікпен қарай алмайды. Оның қоршаған ортадан көріп-сезетіні, түйсінетіні қаз-қалпында емес, жандана беріледі. Көркемдік таным арқылы оның дүние-жаратылыс құбылыстарына бақылау, пайымдауы өрістейді. Елінің өткенін шолып, жақсы-жаманын саралайды, ойлы, парасатты шығармалар тудырады. Мәшһүрдің бұл тараптағы еңбегін –діни таным, рухани ғибрат-тәлім, адамгершілік, имандылық тақырыбындағы туындыларын алдымен бір сөзбен түйіндеп айтсақ, дін түзеу тақырыбындағы, яғни дін түзеу арқылы ел түзеу жолындағы шығармалары деп айтуға болар еді. Немесе бұл діни азаматтық әуен... Бізді құдайсыз қылған – кешегі кеңес өкіметі.
2.2 Мәшһүр Жүсіптің алашшыл мұраты мен дүниетанымдық көзқарасы
Қоғам өзгерісін жан-жақты әрі терең таныған зиялы тұлғалар қоғам алдындағы мәселелерді дұрыс барлап, оған өздерінің көзқарас-пайымдарын бағыттай алған. “Автордың дүниетанымы оның белгілі бір бейімін қалыптастырады. Автор нені суреттегісі келеді – бұл бейім болса, өзінің мақсатын қалай орындады – бұл оның суреткерлік қабілеті. Шығармашылық иесінің суреткерлік түйсігі мен санасындағы өзектілік мәселесін анықтау қажеттігі туады. Бір қоғамды өмір сүретін шығармашылық өкілдері үшін өзектілік әртүрлі болады.
2.3 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Абай ізімен
Дәстүр мәселесі - кең ұғым. Әр халықтың әдебиеті мен өнерінде әр дәуірде көптеген дәстүрлер пайда болып, өркендеп, оның озығы ілгеріге жетіп отырады. Мәшһүр Жүсіп – адамгершілікпен қатар ақындық жолда да Абайды әрқашан аға тұтқан, үлкен үлгі көрген шайыр. Оның қай қадамында да өзі бастан кешкен заман, уақыт табы барлығы – әрине, талассыз. Ол да өмірді өнер-біліммен, ағартумен, өнермен өзгертуге боларына қатты сенген. Ендеше сөзі мен ісі бір жерден шығып, ақ жолдан таймаған ақынның кейде жеке өз басын асқақтатып, қалың қазаққа қатты ықпал жасағанын айтуы да табиғи, жарасымды іс. Осы ретте оның «Мәшһүрдің өзін таныстыруы» деп тақырып қойылып берілген өлеңі де келісті көркемдігімен, кемел ой-пікірімен көзге түседі. Айтпақшы, бұл өлең кітаптың «Өзі туралы айтқандары» тарауының бетін ашып тұр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Еліміздің тәуелсіздікке жетуі қоғамның дамуына, ой-санаға түбегейлі өзгерістер әкелді. Соның ішінде рухани мұраларды қайта танып, таразылауға кең мүмкіндіктер ашылды. Әсіресе, әдебиет тарихындағы күрделі кезең –XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы әдеби дамуды зерделеу рухани мұраларымыздың маңызын тереңдете түсті.
Қоғам өзгерісін жан-жақты, терең таныған зиялы тұлғалар халқының ұлттық санасын оятуға керекті мәселелерді дұрыс барлап, таныды. Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы өз нысана-тақырыбымыздан келгенде де ақынның өзінің әдебиет тарихындағы ірі тұлғасына, ақыл-парасатына, даналығына лайық сан салалы екендігіне көзіміз жетті.