Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 65 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Орта мектепте ақын-жазушылардың шығармаларын оқыту әдістемесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Қазақ әдебиеті тарихында Ж.Аймауытов шығармашылығының алатын орны, пән бағдарламасында берілуі 10
1.1 Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының зерттелуі 10
1.2 Ж.Аймауытов шығармаларын жаңа әдістемелік технологиялармен меңгертудің тиімді жолдары 15
1.3 Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының көркемдік ерекшелігін таныту 20
1.4 Ж.Аймауытов шығармаларын сыныптан тыс оқыту ерекшелігі 22
2 Орта мектепте Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқытудың әдістемесі 26
2.1 С.Торайғыров мұрасының зерттелу тарихы 26
2.2 С. Торайғыров шығармаларын сыныпта және сыныптан тыс оқытудың, меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері 31
3 Орта мектепте А.Құнанбайұлы, Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын оқыту әдістемесі 40
3.1 Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқытудың әдіс-тәсілі 40
3.2 Қазақ әдебиеті тарихында Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі 50
3.3 Шәкәрім шығармаларының орта мектептің пән бағдарламасында берілуі 52
3.4 Жалпы білім беретін орта мектепте Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын оқытудың әдістемелік жүйесі 54
3.5 Шәкәрім шығармаларын сыныптан тыс жұмыстар арқылы меңгерту 58
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 65

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі қоғамымыздағы ең өзекті мәселенің бірі – оқушыларға сапалы білім беру болып табылады. Осы «сапалы білім беру» деген сөздің астарында не жатыр? Сапалы білім беру – ұстаздың қолында. Қазақ тілі өз мәртебесін алғаннан бері мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын өткізу де жаңаша мәнге ие бола бастады. Ұстаздар күн сайын өздерінің сабақта қолданылатын әдістерін өзгертіп, күнде жаңалық енгізуге тырысады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы тәрбие беру мен оқытудың негізгі бағыттарын айқындап, болашақ жастардың жеке тұлға ретінде дамуын және терең білім мен кәсіби дағдыны қалыптастырудың негізгі іс-шараларын айқындады.

1 Қазақ әдебиеті тарихында Ж.Аймауытов шығармашылығының алатын орны, пән бағдарламасында берілуі

1.1 Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының зерттелуі
Кезінде Ж.Аймауытов туралы ақиқатты көп жағдайда айтуға болмайтын болды. Жазушының өмір сүрген ортасы, қоғамдық-әлеуметтік жағдай, заманының күрделілігі мен қайшылығы оның шығармаларының көп уақыт жабық күйінде қалуына әкелді.
Ж.Аймауытовтың қоғамдық саяси қызметінен бастап, әр түрлі еңбектері бірнеше зерттеу жұмыстарына өзек болғандығы белгілі. Жазушының әдеби шығармашылығы жөнінде кезінде С.Садуақасұлы, М.Әуезов, Ғ.Тоғжанұлы, С.Мұқанов, және т.б. пікір білдірсе, кейінгі тұста, С.Қирабаев, Т.Қожакеев, Ш.Елеукенов, Б.Майтанов, Р.Тұрысбеков, Д.Досжанов, Р.Нұрғали, С.Мұратбеков, А.Сатаев, Б.Құндақбаев, Ә.Әбішев, Д.Әбілов, Б.Тәжібаев, Б.Кенжебаев, Т Жұртбай, Б.Байғалиев т.б. ғалымдар тарапынан қарастырылған еңбектеріне талдау жасалып, әдеби құндылықтар мысалдармен көрсетілді.

1.2 Ж.Аймауытов шығармаларын жаңа әдістемелік технологиялармен меңгертудің тиімді жолдары
Оқу жүйесіне тың тәсілдер жүйесі – тиімді технологиялардың енуі – бүгінгі күн талабы. Оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру озық технологиялардың жетістігі екендігі атап көрсетілді. Әр сабақтың мазмұнына, әдіс-тәсілдеріне қарай оқытудың жаңа технологиялары (Венн диаграммасы, «Қарлы кесек» ойыны, топтастыру, ой қозғау стратегиясы, кейіпкер бейнесін ашуға байланысты семантикалық карта, тестілердің түрлері: өзара байланысты тест, сатылы тест, сәйкестікті табу тесті, сұрау-тапсырмалар жүйесі, сабақ үлгілері, кейіпкер бейнесін жасау жұмыстары) нақты мысалдар беру арқылы көрсетілді. Зерттеу жүргізе отырып, әдеби шығарманы талдау әдісінің негізгі тәсілдері: көкейкесті мәселе туғызатын сұрақтар дайындалды, зерттеу тапсырмалары анықталды.

1.3 Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының көркемдік ерекшелігін таныту
Жүсіпбек Аймауытовтың портрет жасаудағы тәсілі алуан түрлі екеніне қарамай, түп негізі бір дерлік. Өйткені, ол портрет жасай отырып, әрбір кейіпкердің өзіне тән мінез-болмысындағы, түр-кескініндегі ерекшелігін, даралығын қатаң сақтауға тырысады. Жазушы портрет жасауда әр түрлі тәсілдер қолданады. Автор адамды тұлғалауда, портрет жасау кезінде ұзақ баяндаулар қолданбайды. Кейде кейіпкерлердің портретін басқа бір кейіпкердің көзімен, қабылдау психологиясымен береді.

1.4 Ж.Аймауытов шығармаларын сыныптан тыс оқыту ерекшелігі

«Уақыт өткен сайын әдебиеттің қоғам дамуындағы маңызы артып, мұралық туындылар жаңаша оқылады, жаңаша түсіндіріледі»-деп көрсетеді академик С.Қирабаев [13, 6]. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды әдістемелік тұрғыдан зерттеген педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Жұмажанова: «Әдебиет пәніне байланысты жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ең бір өзекті саласы – сыныптан тыс оқу. Оқушылардың әдеби білімінің аясы сыныптан тыс оқумен толықтырылады, олардың әдеби талғамдарын ұшқырлай түседі, тілін байытып, білімін кеңейтеді. Ең бастысы кітап оқуға құштарлықты оятады. Қазақ әдебиеті бағдарламаларында орта мектептегі әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс оқу ауқымының үш түрі көрсетіліп келеді, олар: 1) міндетті оқуға және талдауға ұсынылатын шығармалар; 2) өздігінен оқуға және сыныпта пікір алысуға; 3) сыныптан тыс ерікті оқуға.

2 Орта мектепте Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқытудың әдістемесі

2.1 С.Торайғыров мұрасының зерттелу тарихы
Жұмысымызда ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі С. Торайғыров мұрасының зерттелу тарихы кезең-кезеңге бөлініп талданды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің әрқайсысына тән ерекшелік пен өзгешелікті, даралық пен даналықты танытудың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Осыған орай, зерттеу нысанына өзек болып отырған тақырып – әдебиетте өзіндік өрнегі, қолтаңбасы, өр үні бар ақын, жазушы, публицист, қайталанбас қалам иесі қайраткер С. Торайғыровтың әдеби-шығармашылық мұрасын мектеп оқушыларына толық жаңа қырынан танытудың маңызы дәйектелді. Қазақ елінің іргелі елдермен иық теңестіруі үшін білімнің аса қажеттілігін бар болмысымен түсінген және оны халқына жан-тәнімен үндеген, ағартушылық идеяны насихаттаушы ірі тұлға, көрнекті ақын С. Торайғыровтың қазақ әдебиетіндегі ағартушылық еңбегі туралы Б. Кенжебаев[15], Х. Сүйіншәлиев[16], Ә. Дербісалин[17] т.б. зерттеуші-ғалымдардың пікірі жұмыста нақты талданып көрсетілді.

2.2 С. Торайғыров шығармаларын сыныпта және сыныптан тыс оқытудың, меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері
Әдебиет пәнінің басты объектісі – көркем шығарма. Оқушының белгілі бір мазмұнды меңгерудегі танымдық әрекетіне лайық ізденімпаздыққа жетелейтін әдіс-тәсілдердің орны ерекше. Осыған орай, жалпы білім беретін орта мектепте С. Торайғыров шығармаларын оқытудың ғылыми-әдістемелік негізін жасау – уақыт талабына сай туындап отырған кезек күттірмейтін мәселе. Ақынның «Мен – қазақ» («Айтыс» поэмасынан үзінді) өлеңін оқыту барысында талдауға, идеясын түсініп, терең ұғына білуге негізделген әр түрлі жұмыстар жүргізіліп, үлгілері еңбекте толық дәйектелді. Өлең «түсіндірмелі оқу», «тізбек әдісімен оқу», «психологиялық оқу», «логикалық оқу» сияқты бірнеше оқу кезеңдерінен өткен соң бала теріп, талдап оқу тәсілі арқылы қойылған сұраққа жауап жолдарын оқиды. Сабақта оқушылардың білім-білік, танымдық деңгейін дамытуға негізделген ой қозғау, саралау, өзіндік пікір айту, көзқарасын тұжырымдау мақсатындағы проблемалық сипаттағы сұрау-тапсырмалары орындалды.

3 Орта мектепте А.Құнанбайұлы, Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын оқыту әдістемесі

3.1 Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқытудың әдіс-тәсілі
Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, үлкен ойшыл-ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері.
Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Бірақ саналы түрде сөз құдіретіне жасы қырықтарға келгенде ғана қойған. Ақынның шығармалары, негізінен үш саладан тұрады: бірі – өзі шығарған төл өлеңдері, екіншісі – ғақлия немесе қара сөз деп аталатын прозасы, үшіншісі – өзге тілдерден аударған өлеңдері.

3.2 Қазақ әдебиеті тарихында Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі
Шәкәрімнің шығармашылық жолы – ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр арасында қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан ғалым этнограф Ш.Уәлихановтың, балалар әдебиетінің атасы, педагог Ы. Алтынсариннің, хакім Абайдың көзқарастарын, шығармаларының идеялық тақырыптарын С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Торайғыров, тағы басқа қазақ зиялыларының еңбектерімен байланыстырған «рухани алтын діңгек».

3.3 Шәкәрім шығармаларының орта мектептің пән бағдарламасында берілуі
1990 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беретін мектептің әдебиет пәні бағдарламасына Шәкәрім шығармаларын оқытуды міндеттеді. 1991 жылдан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстары болашақ мектептің оқу-әдістемелік негіздерін қалауға бағытталып, өзінің тілі, ұлттық рәміздері бар егеменді ел болуымызға байланысты ұлттық рухани қазынамызға оралу, жаңаша ойлау тұрғысынан пәннің бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін түбірлі жаңарту мәселесі қолға алынды. Халқымызға қайта оралған көптеген асыл қазыналарымыз, соның ішінде М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов шығармалары толықтай қарастырылып, оларды әдеби білім мазмұнына іріктеп алу ісі жүзеге асырылды.

3.4 Жалпы білім беретін орта мектепте Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын оқытудың әдістемелік жүйесі
Соңғы кездерде педагогикалық технологияға ғалымдар тарапынан қызығушылық арта түсіп, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді оқу үрдісіне пайдалануға байланысты көптеген зерттеу еңбектері жүзеге аса бастады. Білім мазмұнын жаңарту қажеттігіне сай ең озық технологияларды жүйелі түрде қолдану – өркениетті елдер қатарына енудің бірден-бір жолы болмақ.

3.5 Шәкәрім шығармаларын сыныптан тыс жұмыстар арқылы меңгерту

1991-1992 жылдан бастап республика мектептері өтпелі бағдарламамен жұмыс істегені белгілі. Бұл бағдарламада оқырмандық мәдениетті көтеруге ықпал жасау жағына баса назар аударылып, қосымша оқу, сыныптан тыс оқу тапсырмалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне, біліміне, ой-өрісіне орай берілу ұсынылған болатын. Өтпелі бағдарламада, әсіресе, оқырмандық мәдениетті нағайтуға баса көңіл бөлініп, қосымша оқу, сыныптан тыс оқу, факультативтік оқу жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ой-өрісіне білім-біліктіліге сай берілу жағы қарастырылған болатын. Бағдарламада V-ХІ сынып оқушыларының сыныптан тыс міндетті оқитын шығармаларының тізімі беріліп: «бірақ, оқушыларды онымен шектеп қоймай тәрбиелік, білімділік мәні зор жаңа туындыларды сұрыптап ұсынуға мұғалімнің еркі бар», - делінген [37].

ҚОРЫТЫНДЫ
Еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыру оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады. Қазақ әдебиеті пән ретінде арнайы бағдарлама арқылы оқытылған күннен бастап адам тәрбиелеу құралы болып келеді.
Зерттеудің міндеттері мен мақсаты жалпы білім беретін орта мектептерде Ж.Аймауытов шығармашылығын оқытудың әдістемесін жасау және жазушы шығармаларын әдеби тұрғыда талдай отырып көркемдік-эстетикалық қуатын ашу болды. Осы мақсатты шешуде алдыға қойылған міндеттер зерттеу барысында толық шешімін тапты. Орта мектепте Ж.Аймауытов туындыларын жан-жақты танып білуді қамтамасыз ететін әдістеме ұсынылды, пән бағдарламасына сүйене отырып, жазушы шығармаларын танытуда оқушының жас ерекшелігіне, психологиялық қабылдауларына сәйкес әдістеменің тиімді жолдары жасалды.