Тың және тыңайған жерлердi игеру
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Өнегелі өмір 12
1.1 Кәмшат Байғазықызы Дөненбаеваның өмірі 12
1.2 Кәмшат Дөненбаеваның отбасы 13
1.3 Кәмшат Дөненбаеваның тың игеруге қосқан үлесі 17
2 Тың және тыңайған жерлерді игеру 32
2.1 Тың және тыңайған жерлерді игеру және оған қазіргі көзқарас 32
2.2 Қазақстандағы тың игеру 39
2.3 Қостанай облысындағы тың игеру 49
Қорытынды 59
Сабақ тақырыбы – «К.Дөненбаеваның өмір жолы» 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 66
Кіріспе
Өзектілігі
Қазақстан Республикасы жеке өз алдына тәуелсіздігін жариялағанынан бері біздің арғы және бергі тарихымызды ой елегінен өткізіп, орын алған кейбiр мәселелерді қайтадан қарауға мүмкіндік беріп отыр.
Біздің заманымыздың ең өткір де үлкен мәселелерінің бірі халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету болатын. КОКП-нің ХХVII-съезінде осындай ұйғарым жасалып, артынан ол ХХVIII- съезде тағы да қайталанды. Алайда дүние жүзінің алтыдан бір бөлігінде осындай зор мүмкіндікті жүзеге асыруда Коммунистік партия бойынша дәрменсіздік танытты. Сөйтіп, КПСС К.Маркстың сөзімен айтқанда «халықтың ең бірінші қажетті сұранысын» шеше алмай тарихи аренадан табан тайдыруға мәжбүр болады.
1 Өнегелі өмір
1.1 Кәмшат Байғазықызы Дөненбаеваның өмірі
Кәмшат Байғазықызы Дөненбаеваның өмірі қызығы да, шыжығы да аралас бір дүние десе болады. Себебі оның өмір сүрген кезеңі қайғысы да қуанышы аралас кезеңге келді. Дәлірек айтқанда бұрыңғы Кеңестер Одағы деп аталатын қуатрты мемлекетте жүзеге асырылған тыңды игеру саясатымен тұспа-тұс келді.
Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева 1943 жылы 15 қыркүйекте Қостанай облысы Ленин ауданының Ленин поселкесінде қазіргі Ұзынкөл ауданы, Демьянов ауылында дүниеге келген. Әкесі Байғазы өз уақытының ойлы азаматы, заңгер болған. Осындай отбасында тәрбиеленген саналы қыз болашақта туған елінің кәдесіне жарайтын маман болуды армандады.
1.2 Кәмшат Дөненбаеваның отбасы
Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева қарапайым шаруа қызы. Тұрмысқа Темірбек есімді механизатор жігітке шықты. Жұмысшы отбасыныЎ жас отауы шаңырақ көтерді. Еріне еліктеп, жас келіншек темір тұлпарды ерттеп мінді. Еңбек даңқының сара жолымен оның асқарлы шыңына қарай баспалдақтай көтеріле түсті. Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Үш рет КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты болып сайланды. КОКП ХХV, ХХVІ, ХХVІІ съездерінің жұмысына қатысты.[7] КОКП орталық тексеру комиссиясының мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесi Ұлттар Кеңесi трөрағасының орынбасары болды. Стаханов пен Бусыгин, Гармаш пен Демченко, Күзенбаев пен апалы-сіңлілі Виноградовалар, кейін Перегерзева мен Голубаева, Злобин мен Гаганова сияқты атақты адамдар қатарынан орын алды. Олардың бірсыпырасымен кейін таныс-дос болып кетті. Бірақ бұлардың көбі шахта мен станокты былай қойып, әкімшілдік-әміршілдік кезең ағысына қарай басқа жұмыстарға ауысып жатты.
1.3 Кәмшат Дөненбаеваның тың игеруге қосқан үлесі
Көне сөздіктерден сіз «тың» деген сөзді табасыз, ал «тың игеруші» деген сөзді таба алмайсыз. Бұл сөз ұжымдастыру жылдарында «ұжымшаршы» деген сөз пайда болғаны сияқты, 50-ші жылдары туды. Ол кездері «тың» деген ұғымның өзі таза егіншілік мәнінен ажырап, қоғамдық терминге айналды, өйткені, бұл сөздің аржағында жоғары азаматтық және кеңестік терең патриотизм сезімі тұрды. Тың игеруші – қаһармандық кезеңді сипаттайтын тарихи тұлға. Бұл сөз уақыт талабынан туған өзгеше мінез-құлықты бейнелейді.
2 Тың және тыңайған жерлерді игеру
2.1 Тың және тыңайған жерлерді игеру және оған қазіргі көзқарас
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты да тарихта болған ґжымдастыру сияқты жеделдетумен де зиянын тигізбей қойған жоқ. Мұндай шара тұрғылықты халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмірін өзгертумен тығыз байланысты болды. Сондықтан ұжымдастырудың зардаптары ауыр және күйзелісті жағдайда өткен болатын. Академик М.Қозыбаевтың есебі бойынша[21] аштық пен оның зардаптарының салдарынан 1931-1933 жылдары қайтқан адамдардың саны 1750 мың болса, жүз мыңнан астам адам көршілес республикалар мен шетелдерге көшіп кеткен. Бұл үлкен нәубетке мал басының азаюы да зиянын тигізді. Халық осындай үлкен күйзелістен оңалмай жатып, Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Ол тағы ауыл шаруашылығының материалдық негізін әлсіретуге әкеп соқты.
2.2 Қазақстандағы тың игеру
50-жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың дәрежесі біршама төмендеді. Ал шаруашылық өнімдерін дайындау бағаның арзан болуы өнімді көп өндіруге ынталандыртады, ұжымшарлардың шығынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өндірісінің артта қалуының бір себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары еді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дәнді дақылдардың шығындылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа-райы қолайлы болған жылдардың өзінде Республика небәрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1,6-2,4 млн тонна) ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада әсіресе, оның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлаңғайыр құнарлы жерлер бос жатты.
2.3 Қостанай облысындағы тың игеру
Осыдан жарты ғасыр бұрын Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді көтеру адамзат тарихындағы бірегей беттердің бірі болып қалды. Елімізді астықты өлкеге айналдырып, алтын дәнді береке мен молшылықтың қайнарына айналдырған сол кезеңдер – мемлекетіміздің шежіресіндегі өшпес өмірбаяны.
Тың өлкесіндегі ортақ еңбекте көптеген адамдардың тағдыры байланысты, талай ұлттың өкілдері тың төсінде табысты.
Қорытынды
Біріншіден, тың жерлерді игеру тақырыбы ол туралы әдебиеттің көптігіне қарамастан, әлі де одан әрі зерттеуді, әділ талдауды талап етеді. Тың игеру тарихын баяндауда әсірелеушіліктен, ұрандатушылықтан, тек табысын ғана мадақтап көрсетуге еліктеушіліктен, үстірттіктен арылу қажет.
Сабақ тақырыбы – «К.Дөненбаеваның өмір жолы»
Жалпы, «Қазақстан экономикалық - әлеуметтік географиясы» пәні бойынша болашақта өз оқушыларымның тиянақты, әрі терең білім алуына көмектесу мақсатында, осы курстың әрбір сабағына мұқият дайындату міндеті тұр. Мүмкіндік болғанша сабағыма қосымша құралдар пайдаланып, олардың сапасына мән берер едім. Әсіресе, туған өлке тарихына қатысты деректерді көбірек пайдалануға тырысамын.
Тақырыпты бастамас бұрын оқушыларыма оқу бағдарламасы бойынша қанша сағат бөлінгені жөнінде (жалпы сағат саны), оның неше сағаты осы бүгінгі, яғни өтілетін сабаққа бөлінгені жөнінде де аздап мағлұмат бере кеткенді жөн санаймын.