Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бизнесті бағалау

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Бизнесті (кәсіпорын) бағалаудың негізгі принциптері және құн түрлер


Жоспар
1 Бизнесті (кәсіпорын) бағалаудың негізгі принциптері және құн түрлер
1.1 Құн түрлері
1.2 Қолданушының ұсыныстарына негізделген бағалаудың принциптері
1.3 Нарықтық ортамен байланысты принциптер
Әдебиеттер

Жүргізілетін бағалаудың мақсатына, онда ескерілетін факторлардың саны мен іріктелуіне қарай бағалаушы құнның бірнеше түрін есептейді.
Құн – бұл сатып алушының қандай да бір затқа немесе объектіге айырбастайтын ақшалай эквивалент. Құн бағадан және шығыннан ерекшеленеді.
Нарықтың дәрежесіне қарай нарықтық құн және нормативті есептелетін құн болып бөлінеді.
Нарықтық құн – бұл сатушы мен сатып алушы арасында келісім-шарт жасау кезіндегі ең ықтималды баға.
Кейбір жағдайларда нықтық құн кері шамада болуы мүмкін. Мысалы, бұл тозығы жеткен қозғалмайтын мүлік объектісін бағалау кезінде болуы мүмкін, өйткені оларды бұзу шығындары жер телімінің құнынан жоғары болады.

Принциптердің көпшілігін қатар қолдануға болмайды. Әрбір жағдайда негізгі және қосалқы принциптер қолданылады. Принциптер жөнінде сөз болғанда нарықтық экономика субъектілері әрекетінің тек негізгі заңдылықтары ғана туындайды. Нақты өмірде бірқатар факторлар әрекетті тежеуі мүмкін. Мысалы, мемлекеттің араласуы кейде бағалау принциптерін жүзеге асырудың дұрыс жолын көрсетпеуі мүмкін.

Табыс бағыты арқылы бағалау кезінде объекті құнының мөлшерін анықтайтын негізгі фактор ретінде табыс алынады. Бағалау объектісінің табысы көп болған сайын, тең жағдайдағы оның нарықтық құны да артады.
Салыстырмалы бағыт әсіресе салыстырылатын меншік объектісінің белсенді нарығы болған кезде тиімді қолданылады. Бағалаудың дәлдігі жинақталған мәліметтердің сапасына байланысты, сондықтан бағалаушы бұл бағытты пайдалана отырып, салыстырмалы объектінің жақын арадағы сатылымдары туралы сенімді ақпаратты жинауы тиіс. Бұл мәліметтердің құрамы келесідей болады: жалпы сипаттама, сатылым уақыты, орналасқан жері, сату және қаржыландыру шарттары.

Бірақ адамдар қандай да бір затты сатып алу кезінде ақылды дәлелдерді негізге алмайды. Нақты жағдай немесе мүдделі тұлғаларға байланысты бір принципке басқасының есебінен аса назар аударылуы мүмкін. Қозғалмайтын мүлік нарығының қызмет етуі барынша болмауы мүмкін принциптің ойдағыдай іске асуына мемлекеттің араласуы кедергі болуы мүмкін. Сондықтан жоғарыда аталған принциптер тек адамдардың экономикалық әрекетінің тенденциясын ғана көрсетеді, ондай әрекетті қамтамасыз етпейді.
Қолданушының ұсыныстарына негізделген принциптер. Бұл принциптер келесілерді қамтиды: пайдалылық, алмастыру және күту. Пайдалылық. Мүлік меншікті иеленушіге пайдалы болған жағдайда ғана белгілі бір құнға ие болады. Оның пайдалылығы қандай да бір экономикалық функцияны орындау кезінде байқалады, мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорынның жұмысы немесе астықты өсіру. Мүлік пайдалы болса оны уақытша иелену (қолдану) үшін біреу жалға алып төлеуге дайын болады. Кейде меншік иесінде мақтаныш сезімін туғызатындықтан пайдалы болады, яғни қандай да бір психологиялық қажеттілікті қанағаттандырады.

Өндіріс факторының орналасқан жері және оған қоршаған экономикалық ортаның әсер етуі жерді қолдану процесіне айтарлықтай ықпал етеді. Объектінің құнына оң немесе теріс әсер ететін жағдайлар: шектесетін территориядағы өзгерістер. (қосалқы объектілердің қосылуы), сауда аумағындағы (бәсекелестік) және аймақтағы (экология) өзгерістер. Табыс легіне байланыс айтарлықтай әсер етеді, яғни орналасқан жердің қолданушылар нарығымен байланысы секілді. Мысалы, жол бойындағы құрылыс үшін немесе клиенттерді жұмылдыратындай орналасқан бәсекелестер үшін байланысты бұзу.

Әдебиеттер
1. ҚР «Шет ел инвестициялары туралы» заң //ҚР экономика және кәсіпкершілік. 1997, тамыз, №18.-с. 1-6
2. ҚР «Тауарлық белгілер, қызмет ету белгілері және тауарлардың шығу жерлерінің атаулары» заңы 1999 ж. 26 шілде.
3. ҚР Жер» кодексі №442-ІІ. 2003 ж. 20 маусым.
4. ҚР Патенттік заңы 1999 ж. 16 маусым
5. Абдыгаппарова С.Б. Инновационный потенциал Казахстана. -Алматы:2001.
6. Андреев Г.И., Витчинка В.В., Смирнов С.А. Практикум по оценке интеллектуальной собственности: Учеб.пособие. - Финансы и статистика, 2003.
7. Анисимов В.Е., Белендир М.В. Финансовый анализ. М.: Изд-во «ДИС», НГАЭИУ, 1997.
8. Абрамов С.М. Инвестирование. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2000.