Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы ЖШС мысалында
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 НАРЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫНЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1 Экономикалық категория ретінде еңбек ақының мәні және оны реттеудің теориялық негіздері 5
1.2 Еңбек ақыны ұйымдастырудың құқықтық аспектілері
және тарифтік реттеу 15
1.3 Еңбек ақы қорын жоспарлау 21
2 « ӨНЕРКӘСІПТІК ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС-НЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ 32
2.1 « Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы » Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы өндірістік –шаруашылық мінездемесі 32
2.2 «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуін талдау 35
2.3 «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жұмысшылардың еңбек ақы қорын пайдалануын талдау 36
2.4 «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ның жұмысшыларының өндірістік деңгейін талдау 37
3 НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӨНДІРІС ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ 39
3.1 «Өнеркәсіптік құрал-жабдық орталығы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ақы төлеудің жаңа әдістерін қолдану жолдары 39
3.2 Шет елдердің үлгісімен заманға сай еңбек ақы төлеу жүйесі 50
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезенінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен кәсіпорынның өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Яғни өнеркәсіп орындарда еңбек ақы төлеу жүйесін қалыптастыруда, тек жекелеген жұмысшылардың ғана емес, тұтас өндірістегі жұмыстың қарқыны мен нәтижесін көтеруге сонымен қатар жұмысшыларды ынталандыру жүйесін, құрылымын ұйымдастыруға, жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қазақстанда қалыптасқан қолайлы әлеуметтік - экономикалық ахуал шетелдік жұмыс күшінің ағылып келуіне жағдай туғызып отыр.Және үкімет басқа елдердің тәжірибелерін ескере отырып, республика аумағында жұмыс істеп жүрген заңсыз еңбек мигранттарын ішкі істер органдары мен басқа да тиісті ведомстваларда тіркеу арқылы заңдастыру жөнінде бір реттік акциялар өткізіп, тетіктерін әзірлеуде.
Сонымен қатар бізге республикамызда тұрақты жұмыс істей алатын жоғары білікті және кәсіпқой жұмысшыларды тартудың тетіктерін әзірлеуде.
Дипломдық жұмысымның ғылыми жаңалықтары ретінде санауға болатын нәтижелері деп төмендегі мәселелерді ерекше бөліп айтуға болады:
- нарықтық реформаларды тереңдету жағдайындағы еңбек ақының экономикаға тән маңызы жинақталып, теориялық жағынан негізделді;
- өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек ақы төлеу жүйесін қалыптастырудағы шаруашылықтық басқарудың нарықтық механизімінің негізгі бағыттары айқындалды;
- шет елдік тәжірибелерінің талдауы негізінде еңбек нарығында қолданылатын еңбек ақыны реттеудің басты міндеттері анықталды;
- өнеркәсіпте еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша негізгі бағыттар мен тұжырымдар ұсынылды;
- кәсіпорын ішіндегі еңбек ақының өзгеруін көрсететін жалақы төлеудің жаңа жүйесін жасаудың басты бағыттары айқындалды;
Дипломдық жұмыстың теориялық - әдіснамалық негізі отандық және шет елдік экономистердің зерттеу тақырыбының проблемалары бойынша шыққан еңбектері мен заң шығарушы актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек ақы төлеу мәселелері бойынша шығарған шешімдері болып табылады.
1 НАРЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫНЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Экономикалық категория ретінде еңбек ақының мәні және оны реттеудің теориялық негіздері
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық қатынастарды құру,берілген кезеңге адекватты еңбекке ақы төлеу механизімінің, концептуалды негізін құрудың объективті қажеттілігін береді. Бұл талап қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық өзгерулер. Мемлекеттік меншікті негізінен жекешелендіру, үлкен шаруашылық субъектілерді шетел инвесторларына сату және басқаруға беру және осының негізінде әлеуметтік деңгейге байланысты қоғам топтарының құрылуынан, яғни жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерлердің, «еңбек ақы» категориясына тиісті көптеген теориялық және әдістемелік баптарды қайта қарастыру қажет.
Социализмнің экономикалық қатынас жүйесінде еңбек ақы қоғамның ұлттық кірісінің бөлімі ретінде беріліп, жұмысшыларға еңбегінің саны мен сапасына сай берілген. Мысал ретінде, Қазақстан республикасының Еңбек кодексі жобасында берілген анықтаманы келтірсе болады. «Еңбек ақы» - жұмыс беруші жұмысшыға оның еңбегіне, мамандығына, еңбектің қиындығына, саны мен сапасына, еңбек келісімі мен еңбек заңы талаптарына сай төленуі тиіс ақша түріндегі сый.
1.2 Еңбек ақыны ұйымдастырудың құқықтық аспектілері
және тарифтік реттеу
Мемлекет жүріп жатқан экономикалық үрдістерге, соның ішінде еңбек ақыны ұйымдастыруға, ең алдымен заңдық және нормативтік актілермен ықпал етеді. Мұнда әңгіме тек еңбек ақыны реттеудің нормативті – келісімдік үдерісіндегі мемлекеттің орны мен ролі туралы ғана емес, сондай-ақ оның оның қабылдайтын заңды және нормативті актілерінің негізінде еңбек ақы саласында ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін өзіндік « ойын тәртібін » белгілейтіндігі туралы болып отыр. Бұл жерде мәселенің (сұрақтың) тарихын еске түсіру артық етпейді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған кезеңінен бастап, республикадағы еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесін қайта құруды үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде, яғни еңбек ақы жүйесін қайта құру басталған кезде, «Кәсіпорын туралы», «Ең төменгі еңбек ақы және еңбек төлемі саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер туралы» және «Ең төменгі тұтынушылық бюджеті туралы» заңдар қабылданған болатын. Жеке алғанда, «Кәсіпорындар туралы» заңда еңбек ақы жүйесінің нысандарын (формаларын), сондай-ақ жұмыскерлердің басқа да табыстарының түрлерін бөлуді кәсіпорынның өз бетінше белгілейтіндігі анықталған. Мұнда әрбір жұмыскердің табысы оның жеке еңбек үлгісімен (салымымен), акциядан алатын табыстармен анықталуы, салықтармен реттелуі және ең жоғары өлшемдермен шектелмеуі тиіс еді.
1.3 Еңбек ақы қорын жоспарлау
Еңбек ақыны жоспарлауға персонал критерий бойынша қор және орташа айлық жалақыны анықтау кіреді.
Еңбек ақының жоспарлы қоры – бұл тарифтік ставка, жалақы және жеке бағалау бойынша жұмысшыларға төленетін жоспарлы кезеңге қарастырылған ақша соммасы, сонымен қатар еңбек ақы қорынан сый ақы және негізгі еңбек ақыға кіретін қосымша төлемдердің барлық түрі.
Еңбек ақы қорын жоспарлау еңбек нәтижесін индивидуалды жақсартуға және кәсіпорынның қызметінің соңғы қорытындысының жақсартуға персонал қызығушылығын жоғарлауын қамтамасысыз ету керек.
Еңбек ақы қорын жоспарлаудағы бастапқы мәліметтер:
2 « ӨНЕРКӘСІПТІК ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС-НЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 « Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы » Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы өндірістік –шаруашылық мінездемесі
«Өнеркәсіптік құрал – жабдықтар орталығы» ЖШС 1997 жылы Алматы қаласында ТМД елдері мен Қазақстанның ішкі және сыртқы нарығында өндіріс және тауар қызметімен айналысуға негізделген.
«Өнеркәсіптік құрал – жабдықтар орталығы» 7 жыл бойы кен – шахта құралдарын, насос агрегаттарын, компресорлар, электр қозғаушыларын, желдеткіштерді, трансформатор, электр дәнекерлері және басқа өндірістік құралдарды өндіріп, жеткізумен айналысады.
Ғылыми – зерттеу институттарымен тығыз ынтымақтастық, насос өндірісінің әлемдік тәжірибесін зерттеу, жеке өзінің конструкторлық базасын құру және дамыту, бізге нарық талаптарына жауап беретін жеке өнім түрін жаңарту, өндіріске жаңа насос құралдарын енгізуге мүмкіндік туғызады.
Кәсіпорынның бүгінгі күнгі клиенттерінің ішінен, яғни Қазақстанның 2000 кәсіпорындарының ішінен мынандай алыптары бар: НАК КазАтомПром, КазақМыс ААҚ, «Алтын Алмас» НАК және тағы басқалар.
«Өнеркәсіптік құрал – жабдықтар орталығы»ЖСШ-нің Қазақстанның барлық өндіріс орталықтарында өзінің өкіл компания жүйелері бар, сонымен қатар Алматы қаласында қоймалары мен өндірістік базасы қызмет етуде. Яғни темірден тапсырыс бойынша жасалған заттар көбінесе су шығаратын насос, мұнайға шығаратын, ауа қысымын пайда болдыртатын (пар және суық ауа) балқытып мүсін бойынша құю және оны мемлекеттік стандартқа сай етіп шығарады.
3 НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӨНДІРІС ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 «Өнеркәсіптік құрал-жабдық орталығы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ақы төлеудің жаңа әдістерін қолдану жолдары
Алдағыдай көрсетілгендей зауытта қолданылатын еңбек ақы жүйесі тиімді емес, өйткені жұмыскерлер еңбек ақының мөлшері олардың жұмысының нәтижесіне байланысты емес. Еңбекті жетілдіріп ынталандырады деп тарифсіз еңбек ақы төлеу жүйесі ұсынылып отыр.
Тарифсіз еңбек ақыны төлеу жүйесі бойынша жұмыскердің еңбек ақысы толықтай оның істеген жұмысының нәтижесіне байланысты болады. Бұл жүйені келесі жағдайларда қолдануға ұсыныс беріледі:
3.2 Шет елдердің үлгісімен заманға сай еңбек ақы төлеу жүйесі
Шет елдерде еңбек ақыны төлеу сипаттамасында әрине көп тәжірибе жиналған. Әр елдің жүйелерінде өздерінің ерекше белгілері бар: Швецияда біріңғай еңбек ақы, Жапонияда стаж бен оңтайлылық үшін, Германияда – еңбек өнімділігін ынталандыруы, АҚШ-та біліктілігі үшін, Ұлыбританияда жеке контракт арқылы төлем, Италияда – жеке және коллективтік қосымша төлемдер.
Еңбек ақы төлеу жүйелерінің кәсіпорынның тиімділігін арттыру үшін арналғанын байқауға болады.
Нарық экономикасы өркендеген елдерде бірте бірте еңбек ақы төлеудің жеке өндіруге байланысты формасын қолданудан бас тартып жатыр. Өйткені білім техниканың өсу жағдайында жұмыскердің жеке салымын өлшеу қиынға соғып барады. Бұл бір жағдай. Екіншіден, еңбек ұжымының арасындағы бірге жұмыс істеуге ынталандыру, олардың жаңалықты қабылдауының өсуіне көп көңіл аударылады. Осыдан барып еңбек ақыны уақытты төлеу формасын қолдану тиімдірек. Бұндай төлем формасының негізіне механизмдермен машиналарды қолдану дәрежесі, бригадалық, ұжымдық еңбек көрсеткіші, энергияны үнемдеу дәрежелері жатады.