Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану
Мазмұны
Кіріспе 3
І ТАРАУ. ИНННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ОРНЫ 4
1.1 Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі 4
1.2 Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі 7
IІ ТАРАУ. «УРКЕР КОСМЕТИКС» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 10
2.1 Кәсіпорынның технико – экономикалық көрсеткіштері 10
2.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметі 13
ІІІ ТАРАУ. КӘСІПОРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 16
3.1 Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану 16
3.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы нақты ұсыныстар 18
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21
Кіріспе
Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және ғылыми – техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс. Міне, осы курстық жұмыстың актуальдылығы болып табылады.
2003 жыл индустриялық – инновациялық стратегиямызды іске асырудың алғашқы жылы болды. Елімізде даму институттары құрылып, олар қазірдің өзінде өңдеуші салаларды жақсартуға нақтылы жағдай жасай бастады. Даму банкі жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөліп отыр.
І ТАРАУ. ИНННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ОРНЫ
1.1 Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі
Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің жақсатуы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми – техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
• өнімділік;
• үдерістік;
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделінеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
1.2 Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезегінде – жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттілігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі.
Техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың ғылыми - зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет.
IІ ТАРАУ. «УРКЕР КОСМЕТИКС» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның технико – экономикалық көрсеткіштері
«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығарушы кәсіпорын болып табылады. Қазақстан нарығында 1993 жылдан бастап қызмет етуде. Кәсіпорынның негізгі бизнесті парфюмерлі косметикалық өнімдерді шығару мен өткезу. Бұл косметикалық өнімдерге: су сабын, крем, балаларға арналған косметикалық өнімдер, тазалық заттары соңымен қатар тұрмыстық химия өнімдері жатады.
Кәсіпорында 4500 адам жұмыс істейді. «Уркер косметикс» Қазақстан нарығында 1993 жылдан бастап жұмыс істегендіктен, химиялық шикізат шығарытын халықаралық масштабтағы лидермен, шикізатты, жеткізуші шетел фирмаларымен ұзақ мерзімді келісімдерге көп отырған.
2.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметі
Ғылыми – техникалық потенциал кез –келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық дамуыдың, көркеюдің негізгі жолы - ғылыми – техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми – техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады. Сондықтан да бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми – техникалық және инновациялық саясат ғылыми – техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі мақсаты.
ІІІ ТАРАУ. КӘСІПОРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану
Дамыған елдер тәжірибесі көрсетуінше, экономикалық дамудың негізгі гаранты – ғылыми – техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан да 80 жылдардан бастап барлық алдыңғы қатардағы елдер белсенді ғылыми – техникалық саясат жүргізе бастады. Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму процесі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлі және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде.
Қазіргі күнде барлық елдерде ірі көлемді ғылыми – техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпке жаңалықтар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми – техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау. Барлық елдерде ғылыми – техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған, бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік құқық, акт. Үкімдер бойынша жүзеге асырылады.
3.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы нақты ұсыныстар
Жаңа техника дегеніміз еңбек ету процестерін тиімді етуді қамтамасыз ететін материалданған ғылыми еңбектер мен білім.
Инновациялық менеджмент – бұл инновациялық қызметті және осы процесте қамтылған қызмет етуші персоналды басқару мен ұйымдастырудың принциптері, әдістері мен түрлерінің жиынтығы.
Барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекет инновациялық салаға қаржылай түрде, ұйымдастыру процесіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы кризистері кезенде же мемлекет инновациялық қызмет саласы қолдап, дамытып отыруы қажет.
Ал, «Уркер косметикс» кәсіпорынына келсек есепті жылы оның қаржылық жағдайы тұрақты болды деп айтуға болады. «Уркер косметикс» ПКФ-ның инновациялық қызметін қарыстырған кезде келесілерді ескеру қажет:
Қорытынды
Сонымен, бұл курстық жұмыста көптеген мәселелер қарастырылды.
1-ші тарауда инновация терминінің анықтамасы беріліп, оның түрлері мен формаларын білу кәсіпкерге өзінің ісін дұрыс істеуге, сонымен қатар экономикалық шешімдерді тиімді қабылдауға мүмкіндік беретіндігі көрсетілген.
2-ші тарауда «Уркер косметикс» кәсіпорынының қаржылық, техника – экономикалық жағдайына талдау жасалынып, оның тиімді жақтары қарастырылды. Өткен жыл «Уркер косметикс» кәсіпорыны үшін айтарлықтай тұрақты болды. Олар республикада болып жатқан әлеуметтік – экономикалық даму өзгерістерінің ырғақтарына қарай өздерінің ассортименттік мүмкіншіліктерін көбейтті.