Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі туралы айтпастан бұрын, құқық саласының жүйесі, ғылым жүйесі, оқу пәнінің жүйесі, заңдар жүйесі сияқты әртүрлі түсініктерді айқын ажыратып алған жөн.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, кез келген құқық саласы сияқты, өзін құрайтын белгілі бір заңдылықтарға және элементтерге негізделген өз жүйесіне ие.

Зейнетақы институты жасына байланысты зейнетақы, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы, әлеуметтік зейнетақылар және т.б. сияқты құрылымдардан тұрады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының кейбір институттары кешенді сипатқа ие, себебі олар әртүрлі құқық салаларының нормаларын біріктіреді.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жалпы бөліміне әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласының пәнін, әдісін және міндеттерін, құқық нормаларының уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғалар шеңбері бойынша күшін, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастарды, құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздерін, олардың объектілерін, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларын, жүйесін және қайнар көздеріне сипаттайтын нормалар жатады.
Жалпы бөлім мыналарды көрсететін нормалардан тұрады:

Ерекше бөлімнің нормалары жекелеген институттарды құрайды (мысалы, жасына байланысты зейнетақылар – бір институт, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар – екінші институт және т.б.). Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ерекше бөлімінің құрылымын келесідей көрсетуге болады (институттар бойынша):