Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақ интеллигенциясының қатал тағдыры

Адамзат қоғамының табиғи болмысы соңдай, кез-келген халықтың өзін-өзі тануы, әрбір тарихи кезеңдерде алда тұрған кезекті міндеттерін анықтауы алдымен интеллигенция қызметі арқылы жүретіні мәлім. Қазақ интеллигенциясының алғашқа легі XX ғ. алғашқы ширегіндегі оқиғалардың куәсі бола отырып, өз халқының басынан өтіп жатқан түбегейлі өзгерістерді жан-жақты талдап түсінуге сол өзгерістерге өзінің мүмкіндігіне сай ықпал жасауға тырысты.

XX ғ. басына дейінгі аралықта патшалық Ресей бұратана халықтарды отарлаудың әртүрлі әдіс-айлаларын іске асыруға көп әрекет жасап, оларды құлдықта ұстауға тырысты. Осындай кезде Әлихан Бөкейханов және сол кезеңде қазақтың зиялы қауымының басқа өкілдері жетекшілік жасаған Алаш және Алашорда Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ерен еңбек атқарды. Олардың бұл бағыттағы іс-әрекеттеріне орыс қайраткерлері «мемлекетті басқарудағы даналықты қазақтардан үйрену керек» деп баға берген болатын.

Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада Торғай облысы Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында (қазіргі Жанкелдин ауданы «Қызбел» кеңшары) дүниеге келген. Әкесі Дулат үлкен ұлы Асқар сияқты Міржақыпты да ескіше оқытып, содан кейін орыс мектебіне береді, 1904 ж. Омбыға келеді. 1906 ж. Қарқаралы шеруіне, Оралдағы кадет партиясының съезіне, содан кейін 1906 ж. делегат ретінде Петербургке барады. 1911 ж. Семей түрмесінде отырып шығады. 1913 ж. Орынборда Ахмет Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Ахмет сияқты Міржақып та Алаштан бас тартқанымен оның көсемі ретінде қудалаудан құтылмайды. 1922 ж. Семей түрмесіне қайта отырғызылады.

Мағжан Жұмабаев (1893-1937) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында дүниеге келді. 1913 ж. Омбы қаласындағы оқытушылар семинариясына түседі. Осы кезеңде ақын қаламынан «Есімде тек таң атсын», «Жәмилә», «Жазғытұры», «Көк теке», «Бір биге», «Дәрігер» секілді өлеңдер дүниеге келді. Ақын табиғат пен махаббат жыршысы болды. Бұл өлеңдерінің де негізгі тақырыбы - тәуелсіздік. Елінің тәуелсіздігін жырлаған Мағжан 1937 ж. 30 желтоқсанда қызыл қырғынның құрбаны болды.

Қорыта келе айтқанда, ұлы нәубет жылдары орны толмас апатқа ұшыраған тұтас бір халық тарихындағы азалы ақиқат бүл. Мұны кейінгі ұрпақ ұмыт қалдыруға тиіс емес.