Мағжан Жұмабаев шығармаларының тілдік-танымдық ерекшелігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Мағжан Жұмабаев шығармалары – замана үні 7
1.1 Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы 7
1.2 Мағжан Жұмабаев өлеңдері мен поэмаларының ерекшеліктері 9
1.3 Мағжан дүниетанымы 18
1.4 Мағжан шығармашылығы жайлы зерттеулер 23
2 Мағжан өлеңдеріндегі түркілік сарын 31
2.1 М. Жұмабаев және «Түркістан» поэмасы 31
2.2 Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерінің ерекшелігі 37
2.3 Мағжан өлеңдеріндегі түркілік сарынның бейнеленуі 47
2.4 Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі тілдік ерекшеліктер 54
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектiлiгi. Мағжан еңбектерінің бір бөлігі қазақ қоғамында автономия идеясының туу тарихын зерделеуге арналған. Қаламгердің пікірінше, бұл идеяны саяси-әлеуметтік жағдай туғызған. «Бәрі көз алдымызда, - дейді ол, - Ақ түйенің қарны жарылып, ақпан төңкерісі болғанда, біз Алаш азаматы дағдарыстан басқа нәрсе көрмедік. «Жолың – мынау» деп жөңкілтіп, елді бастап кеткен кісі болмады. Дұрысы ақпан төңкерісі күтпеген уақытта көтерілгені рас. Бірақ уақытсыз көтерілді деп, қай ұлт дағдарып отырып қалды?..»
Ел деп еңіреген адал Мағжан осыны айта келіп, оқыған азамат автономия ісіне жұмыла кіріспегеніне реніш білдіреді. Оқығандар арасына ұтыс-надандықтан түскен көңілсіз, орынсыз жік туралы ашына айтады. Әркім автономияны өзінше құрғысы келіп, оның атағына таласқанына қынжылады.
Мағжан Жұмабаевтың шығармалары әдебиеттану ілімі үшін құнды ізденістер объектісі болып отырғаны сөзсіз.
1 Мағжан Жұмабаев шығармалары – замана үні
1.1 Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы
«Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген. Абай да сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жасауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ», - деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы «Мағжанның ақындығы туралы» деген мақаласында.
1.2 Мағжан Жұмабаев өлеңдері мен поэмаларының ерекшеліктері
Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін "Алтын хакім Абайға" деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", Қазағым", т.б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол:
1.3 Мағжан дүниетанымы
Жиырмасыншы ғасырдың басы – қазақ философиясының даму тарихы тұрғысынан әлі күнге дейін толық және терең зерттелмеген кезең. Бұл кезеңде әйгілі ақындар мен жазушылардан, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құралған демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ерекше шоқжұлдызы: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов сынды алыптар өмір сүрді. Олардың бізге жеткен шығармашылық мұрасын қайта жүйелі зерделеу кезінде бұл ойшылдардың сол заманда-ақ көтерген мәселелерінің мәні өте терең екенін және айтқан ойларының мағынасын енді ғана толық түсіне бастағанымызды байқаймыз. Шын мәнінде олар өз заманынан озық туған тұлғалар еді [10,4].
1.4 Мағжан шығармашылығы жайлы зерттеулер
Мағжан – қазақ поэзиясының Абайдан кейінгі алыбы. Кезінде Мұхтар Әуезовтің “Мен ең әуелі Мағжанды сүйем. Оның жарқыраған әшекейлігін, еуропалылығын сүйем. Кейінгіге қалатын сөз – осы Мағжандыкі. Қалғанымыздың бәрінікі күмәнді” деуінің өзі-ақ көп нәрсені аңғартса керек. Ол- нағыз ұлттың, әлеуметтің, халықтың сөзін сөйлейтін ақын. Өзі өмір сүрген кезеңде-ақ Мағжан жырлары әділ бағасын алған [17,23].
2 Мағжан өлеңдеріндегі түркілік сарын
2.1 М. Жұмабаев және «Түркістан» поэмасы
«Түбі бір түркі халықтары» деген аталы ұғымды ары қарай бұтарласақ, түркі ұлттары бір бәйтеректің бұтағы дегенді білдіреді. Әрине, ол бәйтеректің діңі жуан, тамыры терең, саясы кең, өркені мың, жыры мәңгілік.
Біз кеңестік кезеңде азат жырларымыздың арғы төркінін таптық дәуірлермен шендестіріп, оның тарихын соңғы бірнеше ғасырдан ғана қарастыруға мәжбүр болған едік. Шын мәнінде бұл түркінің ежелден ел екендігін мойындамау немесе мойындатпау идеясынан туған сайқал саясаттың санамызға сіңірген уы болатын. Шындыққа жүгінер болсақ, қазірге дейін қазанымызға түсіп, шөмішімзге ілігіп отырған тас бетіне таңбаланған «Күлтегін» және «Тоныкөктің» азат жырларының бізге ақтарар ерлік шежіресі де аз емес. «Күлтегін» жырында мынадай жолдар бар:
2.2 Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерінің ерекшелігі
Мағжанның шығармаларындағы айқындауыш бейнелі сөздерге көз жүгіртсек суреткердің идеясынан туып, сөз арқылы берілген не бір ойдың көрінісін аңғарасыз. Сөздердің реңін кіргізіп, ажарлап, көркемдік жасап үйлесімге келтіруінің өзі бірнеше түрлі тәсілдер арқылы берілгендігінің куәгері боласыз. Әсіресе көркем шығармада қолданылатын көркемдегіш құралдың бірі, заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын бейнелі сөз– эпитетті пайдаланудағы шеберлігі оқырман көңілін еріксіз баурап әкетеді. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау мүмкін емес екендігін төмендегі жолдар арқылы мойындатады.
Сібірдегі қаратүнек кезінде жазылған «Бостандық» атты өлеңі арқылы осынау дәуірдегі қатыгез ақиқат сырын ашына суреттеген ақын:
2.3 Мағжан өлеңдеріндегі түркілік сарынның бейнеленуі
Ұлы Ататүріктің атап көрсеткеніндей: «Түрік баласы ата-бабасын танып-білген сайын ұлы істер жасау жолында тек өз бойынан ғана күш-қуат табады».Бұл тұрғыда Мағжан Жұмабай түрік халқының танып-білуі тиіс ұлы перзенттерінің бірі болып табылады.
Түркістан өңірінің тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі жолында халықтың қаншама қаһарман ұлының қаны төгіліп, қаншама біртуар зиялы перзенті қылқаламын найза етіп жан аямай күресті. Олардың ішінде Мағжанның алар орны ерекше [29,13].
2.4 Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі тілдік ерекшеліктер
Мағжанға дейінгі, шамамен екі ғасырлық кезең патшалық Ресейдің Түркістан аймағын басып алу мақсатында жүргізген саясатында туған әрекетімен және Түркістан халқының оған қарсылық көрсетуімен өткен. Ғасырлар бойы кең жазира қала қанға бөгіп, ел қажып күйзеліп, халық жаны мен жүрегіне жара түскен. Ал Мағжан туған жылдары Түркістан аймағы түгелімен патшалық Ресейдің езгісінде болатын. Бірақ соған қарамастан Түркістанда қалыпты бір жүйе құрылмаған еді. Түркістан халқының патшалық Ресейдің жаулап алу саясатына қарсы жүргізген күресі енді саяси үстемдікке наразылық білдірген бітпес бас көтеруге айналды. Ал, бұл көтерілістерді патша әскерлері аяусыз басып-жаншып отырды. Мағжан Ресейдің Түркістан аймағында отаршылдық саясатын күшейту мен славян тектес көшпенділерді жаппай Түркістан территориясына қоныстандыруына қарсы Түркістан аймағының 1916 жылғы көтерілісіне де куә болды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлттық идея Мағжан шығармаларына тән құбылыс екенін осы дипломдық жұмыс барысында зерделеп шықтым. Мағжан Жұмабаев – Кеңес үкіметі күшіне мінген, «ұлт» атаулыны жойып «кеңес» деген жалпы ұлттық идеяны енгізу кезеңінде қазақтың ғана емес, жалпы түркі тектес халықтың мұңын жырлаған ақиық ақын. Заман атты өзеннің ағысымен жүзіп, сол кездің саясатын жыр қылып, қазақи қасиетін ұмытқан ақын, жазушыларға ұқсамаған бірегей тұлға десе де болады. Мұндай пікірдің қалыптасуына, еліміз егемендік тұғырына мықтап мінген тұста Мағжан Жұмабаевтың өмір мен өнер жолын зерттеген ғалымдардың ақын туралы ой-пікірлері түрткі болып отыр. Осы дипломдық жұмыс барысында да, Мағжан Жұмабаевтың «Сталлиндік өлім машинасы» деген зұлмат атпен есте қаларлық жылдардағы ұлттық жоғын жоқтаған ақын болғандығына көз жеткізуге болады. Сонымен қатар, менің дипломдық жұмысымда ақынның қазақ қана емес, жалпы, түркі тілдес мұсылман бауырларымыздың арашалаушысы болғаны туралы айтылған.