Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2009

Предварительный просмотр

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық және оның экономикаға тигізер әсері(мыс кеден қызметі)


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің рөлі 8
1.1 Сыбайлас жемқорлықпен күрес – маңызды жұмыс 8
1.2 Кеден органындағы құқық қорғау қызметінің нысандары және жемқорлықтың түрлері 12
1.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру шараларының маңызы 20
2 Кеден саласындағы заң бұзушылық және сыбайлас жемқорлық 25
2.1 Заң бұзушылықтың түсiнiгi, себептерi, белгiлерi мен түрлерi 25
2.2 Кеден ережелерін бұзудың түрлерi 31
2.3 Мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күрестегі рөлі 36
3 Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бағдарламасы 41
3.1 Кеден қызметіндегі сыбайлас жемқорлықпен және құқық бұзушылықпен күрес 41
3.2 Қостанай облысы бойынша Кедендiк Бақылау Департаментiнде құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары 47
3.3 Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру 56
Қорытынды 59
Қолданылған әдебиеттер тізімі 62

Кіріспе
Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Ең алдымен бұған шашпалық және парақорлық жатады. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табуымен сипатталады. Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алуы ғана емес, сонымен қатар пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады. Көп жағдайда, егер пара беру қорқытып алудан болмаса осы мәміледен пара беруші көп пайда табады.

1 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің рөлі
1.1 Сыбайлас жемқорлықпен күрес – маңызды жұмыс
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл үздіксіз процесс. Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауаптылық нормаларының қолданылмауы, абсолютті көрсеткіш болып табылмайды, ыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің болмауы сыбайлас жемқорлықтың өзінің болмауымен бірдей. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына үңілгенде бұл мәселеден шығудың жолы жоқ деген сезім тумауы керек.
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларының ішінде қылмыстық-құқықтық дәстүр басымдығы бар, бірақ мұндай басымдықтың өлшемін анықтау қиынға соғады. Жыл сайынғы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққы тартылатын шенеуніктерді мысалға алсақ, бұл «аксиоманың» ақиқаттылығына күмән туғызамыз. Осы уақытқа дейін барлық елдерде сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының жойылған санын анықтайтын сенімді әдістер жасалмаған.

1.2 Кеден органындағы құқық қорғау қызметінің нысандары және жемқорлықтың түрлері
Контрабанда түсінігімен (итал. contro – қарсы, bando – үкіметтікқаулыларға) мемлекеттік шекарасынан қылмыс болып саналатын тауарлар мен көлік құралдарын заңсыз өткізу түсіндіріледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 209-бабына сәйкес контрабанда болып төмендегілер саналады:
1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан кеден бақылауын айналым немесе одан жасырын құжаттарды немесе кедендік теңестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізуі шектелген кедендік шекарасы арқылы өткізудің арнайы ережесі белгіленген:

1.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру шараларының маңызы
Мемлекетті басып алу мен әкімшілікті сыбайлас жемқорлық өлшем құралы ретінде алып, біз әр елдердегі сыбайлас жемқорлықтың өзіндік ерекшеліктерін анықтай аламыз. Типологиялық топтастыруды сыбайлас жемқорлықтың өлшеу құралдарының әрекеттестігі негізінде жасауға болады. Өтпелі кезеңдегі өзге едерге қатысты сыбайлас жемқорлықтың әр түріндегі проблеманың көлемін көрсету үшін мемлекеттерді индекс бойынша белдікті бойлай «жоғары денгейден» «ортаңғы деңгейге » дейін орналастыруға болады. Мемлекеттерді жоғары деңгейдегі басып алу топтары және төменгі деңгейдегі басып алу топтарына бөлетін нақты табалдырық бар. Ал әкімшілікті сыбайлас жемқорлыққа келетін болсақ, бұнда әр елдердегі деңгейдің өте тұрақты тараулары бар. Бұл типологиялық топтастыру елдер арасындағы нақты айтылған бөлімімен мүлде анықтамасы белгіленбеген. Осы сыбайлас жемқорлықтың қиын аспектілеріне сәйкес мемлекеттік дәрежесі бойынша соңғы бөлімі ретінде емсе, олардың кездесуіне тура келетін сыбайлас жемқорлық түріне қатысты мемлекеттердің өз-өзіне баға беру жүйесінде бағытының бірін қарасытыру керек.
Айтылып отырған типологиялық топтастырудың сыбайлас жемқорлық үлгілерінің төрт түрі бар :

2 Кеден саласындағы заң бұзушылық және сыбайлас жемқорлық
2.1 Заң бұзушылықтың түсiнiгi, себептерi, белгiлерi мен түрлерi

Қоғам әрқашан тәртiпке негiзделiп, арқа сүйеп қалыптасып, тiршiлiк етедi. Қоғамда тәртiп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегi болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ түсiнген. Сондықтан да қоғамда тәртiп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керiсiнше қоғамдық тәртiптi бұзуға бейiм азаматтар да аз болмаған. Осыдан келiп – құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық – қоғам өмiрiне тән дерт. Адам баласы өмiр сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл объективтiк құбылыс.

2.2 Кеден ережелерін бұзудың түрлерi
Кеден ережелерiн бұзғаны үшiн жазаны белгiлеу – кеден ережелерiн бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалауға тартылатын тұлға, 1 жыл iшiнде тәркiлеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн әкiмшiлiк тәртiп бойынша жазаланды деп саналады. 1 жыл iшiнде кеден ережелерiн бұзудың қайталанылуы деп кеден ережелерiн бұзушылықты ауырлататын жауапкершiлiк саналады. (КЕБ қайталанылған жағдайда әкiмшiлiк жазаның ауыр түрiн қолдануды қажет етедi).
Қазақстан Республикасының “Кеден iсi туралы” Заңының 254-бабында кеден ережелерiн бұзған жағдайында қолданылатын келесi жаза түрлері белгiленген:

2.3 Мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күрестегі рөлі
Сыбайлас жемқорлықпен күресте анықталған барлық мемлекеттік институттардың, экономикасының, әлеуметік құқыққа бағыттлған шынайы басқа факторларын қоса алғандағы мемлекеттің рөлін белгілей отырып, мемлекетке қарсы күресте дамитынын атап өткен жөн. Бұл жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық қоғам қатысады, өйткені азаматтардың қатысуынсыз мұндай қарсы тұрудың мүлде тиімсіздігін көруге болады.

3 Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бағдарламасы
3.1 Кеден қызметіндегі сыбайлас жемқорлықпен және құқық бұзушылықпен күрес
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі №1550 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

3.2 Қостанай облысы бойынша Кедендiк Бақылау Департаментiнде құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары
Қостанай облысы бойынша Кедендік Бақылау Департаментімен Кедендік Бақылау Департаментінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында әртүрлi шаралар жүйесі қолданылады, әсіресе Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына бақылау жасау мен кедендік ресімдеу бөлімшелерінде жүргізіледі.
Жемқорлар заңның әлсіз, жетілмеген тұстарын немесе құқық қорғау органдарындағы мамандардың кәсіби біліктілігінің жетіспеуін пайдаланып, жауаптылықтан тыс қалуда.

Қорытынды
Нарықтық қатынастардың қалыптасуының күрделі кезеңінде елдің экономикалық мүдделеріне бағытталған қатерлердің бастауы ең алдымен отандық тауар өндірушілердің және олармен байланыстағы жемқорлықпен шырмалған шенеуніктердің аңға қайшы әрекеттерінде жатуы мүмкін екендігі ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық ауқымының өсуінен-ақ көрінеді. Қалыптасқан ахуалдың күрделілігі бұл мәселенің теориялық әзірлемесінің жеткіліксіздігімен, күрестің стратегиясы мен тактикася туралы айқын түсініктің, сондай-ақ , құқықтық, криминологиялық және оперативті-ізкесушілік тұжырымдамасының жоқтығымен байланысты. Бұның сыбайлас жемқорлықты түсінуге де қатысы бар. Бүгінгі танда баршаның тарапынын мойындалған пікір бойынша, сыбайлас жемқорлық – мына тәрізді әртүрлі позициялардан қарстыруды қажет ететін күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс: тарихи, әлеуметтік-саяси, құқықтық және ешбір мемлекет сыбайлас жемқорлықтан сақтандырылулы емес және ешбіреуі, тіпті ең қуаттысы да оны түбегейлі, барлық жерде бірдей жеңетіндігімен мақтана алмайды. Онының үстіне, жемқорлықпен күрес мемлекет пен қоғамның барлық күштерін біріктіре отырып, барлық жерде және үнемі жүргізіліп отыруы тиіс. Сыбайлас жемқорлық Қазақстан үшін де жаңалық емес, біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саласының жетілмегендігі, нарыққа көшудің заңмен реттелмеген үдерісі бұл қауіпті құбылысты одан да үлкен дәрежеде шиеленістіре түсті.