Ф. Оңғарсынова - поэзия патшасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Фариза шығармаларының ерекшелігі 5
1.1 Фариза Оңғарсынова поэмалары 5
1.2 Фариза Оңғарсынова аудармалары 10
2 Ақын лирикасындағы көріктеу амалдардың қолдану ерекшелігі 14
2.1 Ақын өлеңдеріндегі антонимдер қолданысы 14
2.2 Сырлы сөзді суреттер 19
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Көркем әдебиет стилінің дамуында өзіндік қолтаңбасымен, қаламгерлік ерекшелігімен көрінген ақындарымыз біршама. Олардың шығармашылығы әдебиеттану ғылымында бірнеше ғылыми зерттеулерге өзек болғанымен де, ақындар шығармаларын тілдік және стильдік жағынан карастыру мәселесі мүлде кенже қалып отыр. Аталмыш ақындардың тілдік ерекшеліктерін әдеби тілдің даму заңдылықтары тұрғысынан талдап, халық тілінің сөз байлығын қаншалықты және қалай пайдаланғандығын, қазақ халқының тіл мәдениетін дамытуға қосқан үлесін анықтауға ұмтылу жұмыстың өзектілігін танытады. Яғни, әдеби тіліміздің белгілі бір кезеңге тән, сол кезең тілі туралы мағлұмат беретін, қазақ тілінің бейнелілігін танытатын шығармалары сияқты әдеби үлгілерді зерттеу де маңызды мәнге ие.
1 Фариза шығармаларының ерекшелігі
1.1 Фариза Оңғарсынова поэмалары
Ақын Фариза Оңғарсынованың оқырман жүрегінің төрінен орын алған өлеңдерінен тыс әр түрлі тақырыпта, әртүрлі жанрда, стильдік бағытта жазылған поэтикалық шығармалары оның ақындық диапозонының кең және терең екендігін дәлелдейді. Фариза ақын сан жағынан алып қарағанда да өндіріп-өндіріп, оннан астам поэма жазды. Бұл поэмалар ақыннның 1987 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген екі томдығына толық кіргізілген.
Ф.Оңғарсынованың барлық поэмаларында да ең негізгі ерекшелік –лиризмнің үстемдігі, қаһарман образын құрғақ, жадағай сырттан суреттеу емес, ал олардың өзінше ерекшелігі, проблемасы, көзқарасы, тіпті шығармадағы стильдік ағымдар түрліше екендігі байқалады. Мысалы, «Мен өмірді сен деуші ем...» деген поэмасы бозбаланың күнделігі түрінде жазылған таза лирикалық поэма. Ал, «Алмас қылыш немесе мен Махамбетпен қалай кездестім», «Ақбөбек жырлары» , «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар тірі адамдар», «Дала тағдыры» тарихи-лирикалық поэмалар, «Дыбыстар әлемі» лирикалық поэма, ал «Мүшәйра» лиро-драмалық поэма деп бөлуге болады.
1.2 Фариза Оңғарсынова аудармалары
Аудармашы ең алдымен әдебиетші, қала берді сол саланың маманы, өте білімді, өмірден көріп білгені мол, тәжірибелі, сауатты маман болуы керек. Екіншіден, тұп нұсқа авторының образына ене білу керек. Яғни, сол халықтың тілін, дінін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, әдебиет, мәдениетін, тіпті тарихын да жақсы білгені жөн. Бұл тұрғыдан алғанда Фариза Оңғарсынова басқаларға ұқсамайды. Нені болса да жеті өлшеп, бір пішетіндігін байқатады.
Орыс жазушысы Сергей Баруздиннің «Өткенді қайталау» романы 245 беттен тұрады. Роман көлемді болғанымен бірақ оқуға жеңіл, мазмұны түсінікті, оқырманын үнемі соңынан ерітіп, елітіп отыратын тұтас бір оқиғаға, яғни, соғысқа дейінгі, соғыс уақытындағы және соғыстан кейінгі кезеңге арналған. Мұнда кейіпкерлер онша көп емес. Басты геройы –автордың өзі, отбасы және Отан үшін от кешкен кеңес жауынгерлері. «Өткенді қайталаудың» кіріспе бөлімі «1961 жыл» деп аталады. Ол Қиыр Шығыстан Мәскеуді сағынып оралады. Әрдайым солай. Себебі мұнда отбасы: әйелі, балалары бар. Ол бұл туралы «Мен жолға шыққанды жақсы көремін. Кейін сағынып оралу үшін. Міне, осы қазіргі тәрізді! Өзім көп-көп жылдар білетін Наташамды осы қалпында тағыда көру үшін, көрген сайын оның да, өзімнің де бойымнан бұрын білмеген, сезбеген жаңа бір нәрселерді сезіну үшін кеткім келеді» [2, 18] деп толғанады.
2 Ақын лирикасындағы көріктеу амалдардың қолдану ерекшелігі
2.1 Ақын өлеңдеріндегі антонимдер қолданысы
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған сөздердің жүйелі тобы – антонимдік парадигманы құрайды. Болмыстағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қатынастары арасында қарама-қайшылықтың болуы диалектиканың даму заңдылығы. «Қарама-қайшылық – әлемді қозғаушы.., кез келген қозғалыстың, өмірдің түптамыры; қандай да бір нәрседе қарама-қайшылық болғанда ғана ол қозғалады, импульсқа, іс-әрекетке ие болады, .. әр нәрсе өзінде қарама-қайшылық болғандықтан ғана өмір сүреді» (Гегель). «Антонимдік қарама-қарсылық заттар арасындағы қарама-қарсылық емес, олардың қасиеттерінің, сапаларының, белгілерінің арасындағы қарама-қарсылық. Мәселен, ағаштың әр түрі – қайың, қарағай, терек, шырша, үйеңкі бір-біріне қарама-қарсы емес, біріақ олардың биік – аласа, қатты – жұмсақ, үлкен – кіші, кәрі – жас т.б. белгілері антонимдік қатынаста» [5, 101].
Оңғарсынованың поэзиясының поэтикалық тілінде де ерекше көзге түсетін құбылыс - өлең сөзде антонимдер еркін және ептілікпен қолдану деп кесіп айтсақ, артық айтқандық бола қояр ма екен? Анығында антонимдер ақын ойын нақтылып, образдылығын күшейтіп тұр. Оның үстіне антонимдер поэтикалық өрнекті құбылтып, сұлулап, ойды өткірлеп, лиризмді күшейтіп, заман келбетін ашуға қызмет етіп тұр:
2.2 Сырлы сөзді суреттер
Ақын поэзиясының лексикасы бай, оның көп мағыналылығы, келтірінді келбеті соншама мол – оқырман оны қазақ тілінің синонимиясын жете меңгерген-ау деп қалады. Осы күрделі, құбылмалы құбылыс материалын жетілдіре жұмсайтыны сондай, олар ақынды стильдік қайталаулардан көрген, ой-пікірі динамикасын дамытады.
Жас ұлғайды. Ой жейді түнде мені
Ой кемірген жанымды кім көреді!
Теңіз беттен жел ессе, келеді әлі,
Жусан иісі... құм иіс шілдедегі.
Мұнда туған жерге деген сағыныш, оның қазіргі тағдыры, оған ой көзімен қараушы лирикалық қаһарман, сол қаһарманның ішкі психологиясы керемет ашылған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Фариза өлеңдерінен алынған тілдік материалдарды негізге ала отырып, лексикалық ұқсастықтағы сөздерге сипаттама беріліп, стильдік қызметі анықталды.
Фариза поэзиясындағы көріктеуіш құралдарға сипаттама беріліп, сараптама жасалды. Фариза поэзиясы тілінің бейнелілігі - көркемдегіш тәсілдер арқылы сөздерді ойнатып қолдануында, көркем шығарманың қуаттылығы, көркемдігі, оның бай тілінде болғандықтан, Ф. Оңғарсынова троптың барлық түрлерін де өзінің шығармаларында арқау етті. Оның себебі, ақындардың тілінің қарапайымдылығы сөзді өрнектеу тәсілінің кұдіреттілігінде. Қазақ поэзиясы қай кезеңде де тұрақты эстетикалық өрісі бар образдарды пайдалануды көріктеу тәсілдерінің бірі етіп келген. Осы тұрғыдан келгенде, ақындардың қай-қайсысы да көркемдегіш тәсілдердің тұрақты жиынын да, өз қаламынан туған авторлы түрлерін де пайдаланады.