Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Үйсін тайпалары туралы тарихи деректер


Жоспар
Кіріспе 3
1. ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР 4
2. ҮЙСІН ҰЛЫСЫНЫҢ ІЛЕ ӨҢІРІНЕ КЕЛІП ІРГЕЛІ ЕЛГЕ АЙНАЛУЫ 8
3. ҮЙСІН ЕЛІНІҢ ЕКІГЕ БӨЛІНУІ 17
4. ҮЙСІН ЕЛІНІҢ ӨКІМЕТТІК ҰЙЫМЫ 20
5. ҮЙСІНДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРМЫСЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ 22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе

Қазақ халқы ежелгі заманда ұлан байтақ Орта Азия өңірін мекен еткен түркі тілдес ру тайпалар мен тайпалық одақтардың (ұлыстардың) ұзақ тарихи дәуірлерде ортақ территорияда бірге өмір сүріп, этногендердің жалпы заңдылықтары бойынша бірте-бірте бірігуі және дамуы арқылы өз алдына жеке халық болып қалыптасты.

1. ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР

Қазақтың байырғы аңыз - шежірелері мен жазба әдебиетінде «үйсін» деген атау екі түрлі мағынада - тар мағынада және кең мағынада қолданылады. Tap мағынадағы «үйсін» - қазақтың ұлы жүзінің құрамындағы тайпаның аты. Ал кең мағынадағы «үйсін» - Іле алқабы мен Жетісу өңірін және оңтүстік Қазақстанды мекендеген ұлы жүз тайпаларының жалпы аты. Бұлар ежелгі заманнан бері осы өңірді мекендеген, Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр тайпалары осы үйсін ұлысының тармақтары.

2. ҮЙСІН ҰЛЫСЫНЫҢ ІЛЕ ӨҢІРІНЕ КЕЛІП ІРГЕЛІ ЕЛГЕ АЙНАЛУЫ

Һұн тәңірқұты үйсін күнмуы Елжау биді асырап ер жеткізіп, һұндерге келіп паналаған үйсін халқын оның өз билігіне беріп, әкесінің тағына отырғызған соң, ол шеру тартып жорыққа аттанып, ерлік көрсетіп еңбек сіңіреді. һұн тәңірқұты оған батыс өңірді мәңгі қорғау міндетін жүктейді. Ол өз елін қолына жинап алған соң, төңірегіндегі ұсақ ұлыстарға шабуыл жасайды. Он мыңдаған әскер жинап, оларға соғыс өнерін үйретеді. һұндерге арқа сүйей отырып, бірте-бірте күш жинап, елдің санатын қалпына келтіруге ұмтылады. Бірақ бұл кезде олар әлі де болса һұндерге сырттай тәуелді еді. һұн тәңірқұты оларды әскери күш ретінде пайдаланып отырады.
Б. ж. с. бұрынғы 177-176-жылдарда һұн тәңірқұты Моте бастаған һұн әскерлері ұлы иозылерге шабуыл жасап, оларды ойрандайды. Мотенің орнына отырған Лаужаң тәңірқұт тұсында (заманымыздан бұрынғы 161 -174-жылдарда) билік жүргізген һұн әскерлері ұлы иозылерді талқандайды. «Лаушаң тәңірқұт ұлы иозы ханый өлтіріп, бас сүйегін ішімдік ыдысы етеді. Ұлы иозылар қазіргі Гансу өлкесіндегі Хыши дәлізінен Іле өзені алқабына ауып келеді де, бұдан бұрын осы жерді мекендеген сақ тайпаларын талқандайды. «Хан патшалығы тарихы. Жаң Чианның өмірбаяны» тарауында былай дейді: «һұндерден жеңілген ұлы иозылер батысқа ауып барып, сақ хандығына шабуыл жасады.

3. ҮЙСІН ЕЛІНІҢ ЕКІГЕ БӨЛІНУІ

Оңқай бидің қайтыс болуы, Най бидің билікті тартып алуы, үйсін ордасының таққа таласқан ішкі қырқысты қоздыруы үйсін елінің екі жікке бөлінуіне апарып соғады. Жаңадан таққа отырған Най би ел жұртқа жағымсыз, әпербақан, алкеуде, зорегер билеуші еді. Сондықтан «әулекі хан» атанып, үйсін еліне үлкен апат әкелді. Ол таққа отырған соң Жиейұй ханымды алмақ болады. Жиейұй ханым Хан патшалығының үйсін елінде тұрған екі елшісімен Ұи-Хы-И және Рын Маумен астыртын ақылдасып, Най бидің көзін жоюға әрекет жасайды.

4. ҮЙСІН ЕЛІНІҢ ӨКІМЕТТІК ҰЙЫМЫ

Үйсін елінің ең жоғарғы билеушісі күнму (күнби) деп аталды. Күнби елдегі барлық қарулы күштердің ең жоғары қолбасшысы болды. Оған ру-тайпаларды басқаратын бектер бағынды. Бүкіл үйсін елі өз ішінен оң қанат, сол қанат және орта деп үш әскери-әкімшілік бөлікке бөлінді. Оң қанат пен сол қанатты екі қолбасы меңгерді, күнби ортада отырып бәрінің үстінен қарады. Үйсін елінде басқарудың ондық жүйесі қолданылды. Күнму (күнби) өзіне қараған ел-жұртты балаларына бөліп беріп, мыңнан әскер және көшіп қонатын жер беріп отырды.
Үйсін елі құрылғаннан бастап, оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы болды. Оның негізгі лауазымдары мынандай:

5. ҮЙСІНДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРМЫСЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ

Ежелгі замандағы үйсіндердің әлеуметтік тұрмысы мен мәдениетін зерттеуде азаттықтан бергі 30 жыл ішінде еліміздің археологтары қыруар жұмыс жүргізіп, көрнекті табыстарға қол жеткізді. Ежелгі үйсіндерден қалған молалар мен олардың қоныс жұрттары Хыши тілігінен бастап байтақ жоңғар даласын көктей өтіп, Қазақстанның Жетісу жеріне дейін созылады. Оңтүстіктен солтүстікке тартылған үйсін обалары дізбектеліп, кең даланың күн тебесіндей көрінеді. Осы обаларды (молаларды) қазып зерттеу ісі елімізде де, Совет Одағында да жүргізілді. Бұл салада қол жеткен көне мәдениет куәліктері тарих ғылымына нанымды заттық дәлелдемелер беріп отыр.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Marguart 1. Uber Volkstum komanen. «Хұдұд Әл-Ғалам» 48-тарауында. М. Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы».
2. У. Тоған «Жалпы түрік тарихына кіріспе», І-том. 3-басылуы, 69-бет, Стамбул. 1981.М. Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы»
3.Телқожа Жанұзақов «Қазақ деген сөз қайдан шыққан», «Жұлдыз», 3-сан, Алматы, 1983.
4.Ханзу — қытай (Шығыс Түркістан қазақтары хансу деп те атайды), біз бұл кітапта қытай тіліндегі жазылу нұсқасы бойынша алып отырмыз.