Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Мұнайдың қоршаған ортаға әсер

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Қоршаған орта жағдайы туралы мәлімет 4
2. Мұнайдың қоршаған ортаға келтіретін зияны 7
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13

КІРІСПЕ
Әлі күнге дейін табиғатқа ең күрделі зиян келтіріп жатқан бірден-бір өндіріс орындары бұл-ірі-ірі мұнай өндіруші компаниялар. Үстіміздегі жылдың тоғыз айы ішінде облыс көлеміндегі мұнай өндіруші компанияларда 2602,3 миллион текше метр ілеспе газ өндірілген. Соның 1205,8 миллион текше метрі факельдерде жанып, ауаға тарап кетіпті. Мысалы тек "СНПС-Ақтөбе мұнайгаз" АҚ өзі 805,3 миллион текше метр көгілдір отын жаққан. "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС болса, 357,59 миллион текше метр газды еш рұқсатсыз ауаға таратып жіберген. Осы мәліметті есепке ала отырып, "Қазақойл" табиғатты ластап отырған "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясынан кейінгі ең зиянды өндіріс орны болып саналады.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов елдегі ірі инвесторлар болып табылатын мұнай компанияларының қарсылығына қарамастан, қоршаған ортаны қорғау заңдарын бұзғаны үшін мұнай компанияларымен жасалған келісімдерді қайта қарау қажеттігі жөніндегі ұсынысы бойынша жұмысын жалғастыра беретінін айтты. Тек бір «Теңізшевройл» компаниясы жұмысының нәтижесінде табиғатқа зиянды 10 миллион тонна күкірт жиналып қалған.

1. Қоршаған орта жағдайы туралы мәлімет
Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасы мен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Жаңажол кен орыны және тағы басқа мұнай газ кен орындарын игеретін Ақтөбе облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.

Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай - газ өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі. Соңғы 40 жыл ішінде адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050 жылдары аралығында халық санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін.
Мұнай-газ өндірудің 130 жылғы тарихында дүние жүзілік қордың 1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10 жыл ішінде өндірілген. Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек, онда мұнай өндіру 2010-2020 жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040 жж аралығында биік шыңдарына жетпек.

2. Мұнайдың қоршаған ортаға келтіретін зияны
Табиғатқа келіп жатқан зиян күн санап өсуде. Республика бойынша Ақтөбе облысы өндірістік қалдық шығарудан екінші орында, ал қоршаған ортаны қорғау үшін бюджеттен бөлініп жатқан ақша көлемі жағынан 14-ші орында. Жергілікті табиғатты қорғаушы басқармалар өнеркәсіп орындарынан шығынды миллиондап өндіргенімен, нақты нәтиже байқалмайды.
Табиғатқа келіп жатқан зиян күн санап өсуде. Республика бойынша облыс өндірістік қалдық шығарудан екінші орында, ал қоршаған ортаны қорғау үшін бюджеттен бөлініп жатқан ақша көлемі жағынан 14-ші орында. Жергілікті табиғатты қорғаушы басқармалар өнеркәсіп орындарынан шығынды миллиондап өндіргенімен, нақты нәтиже байқалмайды. Жағдай осылай жалғаса берсе, жер мен көктің арасын күл-қоқыс қаптайтын болады. Ал Ақтөбе ең үлкен қоқыс полигонына айналады. Бұл болжамды растау үшін облыстағы өндіріс ошақтары тыным таппай еңбектенуде. Осыдан екі жыл бұрын жергілікті табиғатты қорғаушылар "Ақтөбе облысында 2005-07 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау аймақтық бағдарламасын" облыстық мәслихатта қабылдап, бекіткен болатын. Бағдарламаның жүзеге асып келе жатқанына бір жарым жыл болса да нақты атқарылған әлі ештеңе жоқ секілді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Кез-келген мұнай өндіруші кәсіпорын белгілі бір мөлшерде табиғатқа зиян келтіріп отыр. Оны мұнай компанияларының ешқайсысы айналып өте алмайды. Тек басты мақсат қоршаған ортаға келетін зиян мөлшерін неғұрлым азайту үшін әрекет ету.
Қоршаған ортаның бас ауруға айналған келесі мәселе жабдықталған қоқыс полигондарының жоқтығы. Қазіргі кезде жұмыс жасап тұрған жалғыз түйір қоқыс полигонының дәл қазір қоқыс қабылдауға еш мүмкіндігі жоқ. Себебі оның жұмысы осыдан төрт жыл бұрын тоқтатылуға тиіс болған. Алайда жаңа полигонның салынып бітпеуіне орай қала қоқысы әлі күнге дейін сонда төгілуде.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Алматова Б.Г., Алдамжаров Н.Н. Первая горизонтальная скважина, пробуренная на месторождении Кенкияк-подсолевой // Научно-технический сборник, «Проблемы комплексного освоения природных ресурсов Западного Казахстана и Южного Урала., 2003. С.114-117.
2. Нұрпейісова М.Б., Алматова Б.Г. «Қоршаған ортаны қорғау мәселесі» // Материалы между. Научно-практической конференции, посвящают 25-летию КазГАСА, Алматы, 31 октября 2005г. С. 1192-195
3. Нурпеисова М.Б., Алматова Б.Г., Сахатова Г.С. Оценка экологического состояния Актюбинской области // Международная научная конференция ученых - и специалистов «Проблемы освоения недр в XXI-веке глазами молодых ученых», М: ИПКОН, 2005.- С.133-136.
4. Алматова Б.Г., Оразбекова Р.Ж. Экологические проблемы нефтедобывающих отраслей Мангистауской области // Материалы региональной научно-практической конференции «Реализация стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан: проблемы подготовки инженерно-технических кадров», Актобе, -2006.- С. 117-119.
5. Нұрпейісова М.Б., Алматова Б.Г. Қоршаған ортаны қорғау шараларын Алматы, 2006.- С.369-373.
6. Нұрпейісова М.Б., Алматова Б.Г. Табиғатты қорғау – тіршіліктің кепілі // Горный журнал Казахстана, №7, 2006. С.21-22.
7. Нұрпейісова М.Б., Алматова Б.Г. Мұнай-газ игерудің экологиялық мәселелері // Промышленность Казахстана, №1, 2007.- С.118-123
8. Нурпеисова М.Б., Алматова Б.Г., Утегенов М.М., и др. Комплекс мероприятий по снижению вредного влияния на окружающую среду при освоении месторождении Жанажол. Алматы, КазНТУ, 2007.- 23 с.