Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 7
1.1 Көгершінтектес құстардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері 7
1.2 Көгершінтектестердің паразиттерінің түр құрамы 8
1.2.1 Гельминттері 8
1.2.2 Эймериялары 15
1.2.3 Кенелері 16
1.2.4 Қауырсын – мамық жегіштері 18
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР 20
2.1 Зерттеудің негізгі бағыты 20
2.2 Зерттеу материалдары мен әдістері 20
2.3 Зерттеу нәтижелері 23
2.3.1 Қазақстанның шығыс аймағының ауа-райының кейбір ерекшеліктері 23
2.3.2 Қазақстанның шығысындағы жабайы және үй көгершіндері 24
2.3.3 Көгершіндерден анықталған паразиттердің түрлері 25

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Қазақстанның шығыс аймағында құстардың көгершінтектестер (Columbipormes) тұқымдасына жататын жабайы көк көгершін (Columba livia) көп таралған.
Адамдар осы жабайы көк көгершіндерді өте ерте заманнан қолда ұстауға үйрете бастаған. Содан бері дүние жүзінің әуесқой көгершін өсірушілері үй көгершінінің (Columba livia domestica) 800 – ден аса қолтұқымдарын шығарып өсіруде. ТМД аумағында 200-ден аса, ал Қазақстанда үй көгершінінің бірнеше ондаған қолтұқымдары ұсталады. Үй көгершінін адамдар ұзақ уақыт бойы хат тасуға пайдаланған. Кейіннен көгершіндердің сәндік қолтұқымдары көптеп шығарылды. Олар бағалы құстар. Тұқымдарына байланысты бір жұбы бірнеше мың теңгеге, сирек кездесетіндері бірнеше мың долларға бағаланады. Америка мен Батыс Европа елдерінде етті қолтұқымдарынан (техан, кинга, штрассер) бағалы диеталық ет өндіріледі. Көгершін еті диеталық тағам ретінде ауырған, әлсіреген және жас балаларға ұсынылады. Соңғы уақытта Англияда, Россияда көгершін спорты дамып келеді. Көгершіндер ветеринария мен медицинада зертханалық жануар ретінде пайдаланылады [1,2,3,4,5,6,7].

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Көгершінтектес құстардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Көгершінтектестер морфологиялық ерекшеліктері бойынша құстар класына (Avis) көгершінтектестер отрядына (Columbipormes) біріктірілген.
Екі тұқымдасқа жіктеледі:
А. Дронттар – Raphidae
Б. Көгершіндер - Columbidae
Алғашқысы XҮI – ғасырда жер бетінен толық жойылып кеткен, аса ірі ұша алмайтын құстар болған. Екінші тұқымдас бірнеше туыстасқа тармақталады. Қазақстан аумағында Columba- көгершіндер, Streptopelia – кептерлер туыстастары мекендейді. Бұл құстар жер шарының Арктика мен Антрактидадан басқа барлық аймақтарында таралған. Көбіне топталып тіршілік етеді. Барлығы 292 түрі және түр тармақтары белгілі. Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында 11 түрі, Қазақстан аумағында 7 түрі кездеседі. Олар: кәдімгі көк көгершін-Columba livia, орман көгершіндері (Клинтух)-Columba oеnas және (вяхирь)-Columba palumbus, қоңыр көгершін-Columba eversmanni, тау кептер (гарлица)-Streptopelia turtur, үлкен тау кептер-Streptopelia orientalis, египет тау кептері-Streptopelia senegallnsis.
Көгершінтектестер – отырақшы құстар. Кейбір түрлері ғана суық түскен соң жылы жаққа ұшып кететін жыл құстары (орман көгершіндері). Көгершінтектестер бір-бірінен үлкенді-кішілігімен, түр-түсімен, мекендейтін, азықтанатын жерлерімен ерекшеленеді. Орман көгершіндері орманда мекендейді. Тек біріншісі (Columba oenas) ұясын бұта арасына салса, соңғысы (Columba palumbus) ағаш қуысына ұялайды. Тау кептерлер таулы жерді мекендеп, ұясын жартасқа салады. Ал кәдімгі көк көгершін синантропты құстар. Адамдар мекенін жағалап, ұяларын құрлыстар мен үй шатырлары астына салатынын білеміз. Көгершінтектестердің негізгі азығы дәндер, жидектер, қылқан жапырақты ағаштардың ұрығы. Сирек ұлулармен және жауын құрттарымен қоректенеді [36, 37, 38, 39].

1.2 Көгершінтектестердің паразиттерінің түр құрамы

1.2.1 Гельминттері

Көгершінтектестердің гельминттері, түр құрамы ертеден ғалымдардың назарын аударған. H.Johnston [1918], Irvin – Smith [1980] Австралияда, Meggitt [1924] Индияда, Joyenx et Houdemer [1927] Үндіқытайда, E. Cram Америка Құрама Штаттарында таралған жабайы және үй көгершіндерінің гельминттері, олардың түр құрамы туралы ірі еңбектер жазды.
1932-ші жылы К.И. Скрябиннің өзінің және дүние жүзі ғалымдарының осы бағытта жүргізген зерттеулерін қорытындылаған, аса бағалы еңбегі жарық көрді. Жоғарыдағы және тағы басқа ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде көгершінтектестер жұмыр құрттар (Nematoda), таспа құрттар (Cestoda) және сорғыш құрттар (Trematoda) кластарына жататын гельминттердің иелері екені анықталды [11].

1.2.2 Эймериялары

Эймериялар – жануарлар дүниесінің Protozoa тармағына, Apicomflexa – типіне, Sporozoa класына, Coocidiida отрядына, Eimeriidae тұқымдасына, Eimeria туыстасына жататын бір торшадан тұратын қарапайым организмдер екені белгілі. Өте ұсақтығына қарап қазақша «құртамыш» деп аталады. Барлық жерде таралған, көптеген жан-жануарлардың, оның ішінде құстардың жиі кездесетін паразиттері. Кокцидилерді зерттеуші ірі ғалымдардың бірі Н.П. Орлов [1947] құстарда Eimeria туыстастығына жататын түрлері кең тарағанын және бір организмде бірнеше түрі бір уақытта тіршілік етіп ассоциация құрайтынын атап көрсеткен [73].
М.В. Крылов., В.И. Зайонц., Ю.П. Илюшечкин [1977] т.б. көптеген ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелеріне қарағанда әр түрлі құстарда өздеріне тән эймериялар паразиттік тіршілік етеді және олардың әр түрінің иммунобиологиялық ерекшеліктері бар. Қолданылатын дәрілерге сезімталдығы мен бейімделу мерзімдері де бірдей емес [74].

1.2.3 Кенелері

Кенелер (Acarina) буынаяқтылар типіне (Arthropoda), өрмекшітәрізділер класына (Arachnoidea) жатады. Көптеген түрлері жануарлар мен құстардың қанын соратын сыртқы (экто) паразиттері. Жиі жан-жануарлардың оның ішінде құстардың көптеген инвазиялық және инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын таратады.
Қазақстанда адам мен жануарларға қауіпті буынаяқтыларды зерттеу Е.Н. Павловскидің есімімен тығыз байланысты. Ол ұйымдастырған экспедициялар жүргізген зерттеулер нәтижесінде Республиканың әсіресе оңтүстігінде таралған зиянды кенелердің түр құрамы мен эколгиясы белгілі болды [82].
Қазақстанда жоспарлы және жүйелі түрде үй жануарларына зиянды сыртқы паразитттері туғызатын арахноэнтомоз ауруларын зерттеу 1938 жылы академик И.Г. Галузоның жетекшілік етуімен басталды. Қазақстанның барлық табиғи аймақтарында И.Г. Галузо иксодид кенелерін түбегейлі зерттеді/ Oлардың 50 ден аса түрі таралғанын анықтады [83].

1.2.4 Қауырсын – мамық жегіштері

Қауырсын-мамық жегіштер құстардың, оның ішінде көгершіндердің тұрақты сыртқы паразиттері. Олар буынаяқтылар типінің (Arthropoda) насекомдар (Insecto) класының жүн-қауырсын жегіштер (Mallophaga) отрядына жататыны белгілі. Қазіргі уақытта ғылыми деректер бойынша қауырсын- мамық жегіштердің 2300-дей түрлері анықталған [87].
Қауырсын-мамық жегіштер ертеден ғалымдардың назарын аударып, оларды зерттей бастаған. Ғалымдар алғашында қауырсын-мамық жегіштердің түрлерін, морфологиясын зерттесе, одан соң биологиясын, азықтануын т.б. ерекшеліктерін зерттеді. Қауырсын-мамық жегіштер эпидермистің қопсыған қабыршағымен, қауырсынмен, мамықпен, жарақаттан бөлінген сөлмен, сирек кейбір түрлері (Monopon gallinae) иесінің қанымен де қоректенетіні белгілі болды.

2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР

2.1 Зерттеудің негізгі бағыты

Көгершінтектес құстардың ішкі және сыртқы паразиттерінің түр құрамы біршама жақсы зерттелгенмен, бұл зерттеулердің басым бөлігі осыдан 70-100 жыл бұрын жүргізілген. Кейінгі уақытта бұл бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары арнаулы, мақсатты және жоспарлы түрде жүргізілмеген. Соңғы 10 жылда ғылыми басылымдарда жарық көрген зерттеу нәтижелері өте сирек. Қазақстанның оңтүстік аймақтарын мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің гельминттерін К.И. Скрябин [1905-1911], жабайы тау кептерлерінің эймерияларын С.К Сванбаев., Н.К. Рахматулина-Батыршина, [1972] зерттеген. Қазақстанның өзге өңірлерінде, атап айтқанда Қазақстанның шығысында мұндай зерттеулер жүргізілмеген. ТМД елдері мен Қазақстанда өсірілетін үй көгершіндерінің эймериялары мен эймериоздары әлі зерттелмеген. Қазақстан аумағында көгершіндер маллофагозын зерттеуге арналған бірде-бір ғылыми жұмыс кездеспеді.