Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық негізгі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мәжбүрлеу қызметі. Осы шараларды қолдау үшін ерекше құқық қорғау органдары құрылады.
Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау, қылмыстық қудалау, әділет органдарының, адвокаттардың және т. б. қызметі жатады.
Құқықты қорғау үшін мемлекетімізде мынандай органдар құрылған:

Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен талапкер мен жауапкерді тиісті тәртіпке шақырады. Кінәліге қылмыстық жазаны тек сот тағайындай алады.
Істі сот отырыстарында қарау мен шешу Конституцияның 77-бабында аталған төменгі принциптерге негізделеді:

Қазақстан Республикасының барлық соттарының судьяларының мәртебесі бірдей, ал бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ғана ерекшеленеді. Оларға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.
Ә. Прокуратура. Прокуратура заңның дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалайтын орган. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құқықтық мәртебесі, қызметтік ұйымдастырылуы, кызмет тәртібі және прокурорлардың өкілеттігі Конституциямен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығымен, халықаралық шарттармен, прокуратура қызметінің жекелеген қырларын реттейтін әрі шектейтін заңдармен, сондай-ақ Бас Прокурордың бұйрықтарымен реттелген.

Г. Әділет органдары. Қазақстан Республикасының әділет органдары, өз құзыреті шегінде, мемлекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардын жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Бұлардың қызметін Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы "Әділет орган¬дары туралы" заңы реттейді.
Заңға сәйкес әділет органдарының міндеттеріне:

Е. Нотариат. Қазақстан Республикасындағы нота¬риат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, 1997 жылғы шілденің 14-де қабылданған "Нотариат туралы" заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың қықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. Окулық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001 ж.
2. Айымханова Н. Қазакстан Республикасының еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж. .
3. Баққұлов С. Құкык негіздері. Оку құралы. ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.
4. Найманбаев С. Салықтык құкық. Оқу күралы. Алматы, 1996 ж.