Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Химия

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 14 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Битумдардың классификациясы


Жоспар
Кіріспе 3
1 Әдебиеттік шолу 5
1.1 Битумның классификациясы 5
1.2 Битумның құрамы 5
2 Қышқылданған битум өндірісі 9

Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мұнайдың қалдықтарын пайдалану маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені олардан мұнай битумын алуға болады. Ал битум құрылыста, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және реактивті техникада, радиоактивті сәулелерден қорғануда, тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары мен аэродромдар құрылысына қажет болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда отандық мұнай битумдарын шығаратын өндірістер жоқ. Қазақстанның Солтүстік региондарын битуммен қамтамасыз ету мақсатында Павлодар МӨЗ- нда мұнай битумдарын өндірудің алғы шарттары жасалуда.

1 Әдебиеттік шолу
1.1 Битумның классификациясы
«Битум» термині көміртегімен сутегі байланысының сұйық, жартылай сұйық немесе қатты қосындысының мағынасын береді. Оның құрамында оттегі, күкірт, азот қосылыстары және металдар сондай-ақ аз мөлшерде күкіртті көмірсутектер, хлороформдар және басқа органикалық еріткіштерде жақсы еритін асфальтті-шайырлы қосылыстар да бар.

1.2 Битумның құрамы
Битум дегеніміз – жоғары молекулалы көмірсутектерінен және олардың гетеротуындыларынан, сонымен бірге оттегі,күкірт, азот және металдардан (ваннадий, темір, никель, натрий және т.б) тұратын күрделі қоспа. Битумның Элементтік құрамы шамамен былай болып келеді (салмағы бойынша): көміртегі 80-85; сутегі 8-11.5; оттегі 0,2-4; күкірт 0,5-7; азот 0,2-0,5.

2 Қышқылданған битум өндірісі
Қышқылданған битум бөлме температурасында түрлі консистенциялы бола алады. Яғни жарым сұйықты және қатты тәрізді. Олар температураның және ауа – райының өзгерістеріне үлкен тұрақтылықпен ерекшелене отырып, мұнай қалдықтарының су буымен тазалану арқылы алынған қалдық битумдардан аса сапалы болғандары көзге түсуі.