Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 42 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Әлеуметтік жұмыстың ғылыми саласында болжау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ САЛАСЫНДА БОЛЖАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ 5
1.1 Болжам жасаудың негізгі қағидалары 5
1.1.1 Болжау принциптері 6
1.1.2 Болжамдардың түрлері және мақсаты 6
1.1.3 Болжамдардың өлшемдері 7
1.1.4 Болжау кезеңдері 8
1.1.5 Болжау объектісі 8
1.1.6 Болжау аппараты 10
1.1.7 Болжаудың сараптық әдістері 11
1.1.8 Верификация әдістері 13
1.1.9 Болжамның кең тараған эксперттік әдістері 15
1.2 Болжамның категориялары 19
II ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТА БОЛЖАУДЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ 27
2.1 Болжамды классификациялаудың көрсеткіштері 27
2.2 Әлеуметтік жұмыста болжаудың ерешеліктері 34
ҚОРЫТЫНДЫ 40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 42

КІРІСПЕ

Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап «әлеуметтік жұмыс» қоғамдық құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға, түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек көрсетуімен анықталған.
Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау ерекшелігі.
Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай дедйді: «Басқару – бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру – бұл ендігі әрекет ету». Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды [1]. Болжаудың әлеуметтік салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.

I ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ САЛАСЫНДА БОЛЖАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

1.1 Болжам жасаудың негізгі қағидалары

Болжау негіздері. Негізгі ұғымдар.
Прогностиканың негізгі немесе базисті ұғымдары мыналар (келесілер) болып табылады.
1) Болжам нұсқасы – болжау объектісін болуы мүмкін болжамдар тобы құрайтын, болжамдардың бірі.
2) Болжау әдісі – болжам жасауға бағытталған, болжау объектісін зерттеу тәсілі.
3) Болжау әдістемесі – нақты объектілердің болжамдарын өңдеу әдістері мен ережелер жиынтығы.
4) Болжау объектісі – болжау субъектісінің іс-әрекеті бағытталған процесстер, құбылыстар және оқиғалар. Объектінің табиғатына қарай әлеуметтік ғылыми-техникалық экономикалық - экологиялық және басқа объектілерді бөлуге болады: Болжау субъектісінің оған әсер ету мүмкіндігіне байланысты басқарылатын және басқарылмайтын объектілер.
5) Болжам тұтынушысы – ұйым, кәсіпорын, мекеме немесе болжамның нәтижелерін қолданушы жеке тұлға, ол кейбір жағдайларда болжамға деген тапсырманы беруші. Кейде тұтынушы тапсырыс беруші болуы мүмкін.

1.1.1 Болжау принциптері

Болжамдарды жасауда келесі талаптарды ұстану маңызды болып табылады. 1) Нұсқаулық – жұмысшы гипотезаның ерекшелігінен мақсатты қоюдан (нормативті болжауда) және болжамды қабат (фон) нұсқаулардан шыға отырып, болжамның бірнеше нұсқасын жасау.

1.1.6 Болжау аппараты

Болжаудың фактографиялық әдістері.
Болжаудың фактографиялық әдісі – бұл фактографиялық ақпаратқа негізделген әдіс. Әлеуметтік және экономикалық болжауда қолданылатын негізгі фактографиялық әдістер, осы әдістердің қысқаша сипаттамалары 2-кестеде келтірілген.

1.1.7 Болжаудың сараптық әдістері

Сарапшы – болжау объектісіне қатысты бағалауды қалыптастыру үшін тартылатын білікті маман. Сарапшы топ – белгілі бір ереже бойынша қалыптасқан сарапшылар ұжымы. Болжамның міндетіне қатысты айтылатын сарапшының немесе сарапшы топтың пайымы, пікірі сараптық бағалау деп аталады; бірінші жағдайда «жеке сараптық (болжамдық) бағалау», ал екіншіде «ұжымдық сараптық (болжамдық) бағалау» термині қолданылады. Сарапшы кәсіптік білім, интуиция және тәжірибе негізінде болжау объектісіне қатысты сенімді, нақты бағалаулар жасау қабілеті оның құзырлылығын сипаттайды.

1.2 Болжамның категориялары

Ғылымдағы әдіснамалық талдау ғылымның объектісі мен пәнін белгілеуді, түсінік категорияларының аппаратын және жалпы заңдылықтарды, зерттеуді ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін анықтауды көрсетеді. Ғылымның объектісі мен пәні зерттелінетін құбылыстардың шекарасын, нақты ғылымның басқа ғылымдардың жүйесіндегі орнын анықтайды. Қандай да бір ғылымның объектісі деп зерттеуіне беріліп отырған ғылым бағытталған ақиқаттың ( табиғи және әлеуметтік ) бір жағы ұғындырылады. Сонымен қатар ешқандай ғылым саласы өзінің объектісін түрлі себептерге байланысты толығымен сипаттай алмайды. Осыған орай, көптеген нақты ғылымдар өзінің қарастыратын сферасын шектеуге мәжбүр. Кез - келген ғылым объектіге ол қалыптасқан дәстүрге қатысты бағыт - бағдарында шектеулі. Сондықтан ғылымның объекттісінен пәнді ажыратады. Ғылымда зерттеу объектісі қай қырынан көрсетілген, соған орай, сол ғылымның пәні объекттісінен ажыратылады. Ортақ қабылданған пікір бойынша, әрбір ғылымның пәні - ол, таңдамалы түрде алынған объективті құбылыстың бір салада зерттелінуі.

2.2 Әлеуметтік жұмыста болжаудың ерешеліктері

Бейресми әдістер. Ауызша таралатын ақпарат. Жазбаша және ауызша ақпараттар көзі қосалқы тәсіл ретінде белгілі бір болжам мен мақсат нәтижесін өңдеуде, әрине, басшылыққа алынады. Талдау барысында ауызша әдістер жиынтығы, ауызша ақпарат айрықша жиі сыртқы ортада қолданылады. Мұнда радио және телебағдарлама тұтынушылар, жеткізушілер, бәсекелестер сауда кеңестерінде, кәсіби мекемелерде (бұларға «Ротари», болмаса «Киванис» клубтарын жатқызуға болады) заңгер, бухгалтер, қаржылық тексеруші,кеңесшілерден алынған ақпараттардың жеткізілуі бақыланады.
Мұндай ауызша таралатын ақпарат сыртқы қоршаған ортадағы мекемелерге қызығушылық танытатын негізгі факторларға қатты әсер етеді. Ол ашық түрде болғандықтан, оны алу оңай және одан толық ақпарат алу мүмкіндігі бар. Бірақ кейде мәліметтер ішінде дәлдігі жетіспейтін әрі ескірген, ырықсыз көмескіленген мәліметтер де кездеседі. Егер мұндай жағдай орын алғанда, яғни басшылық мекеме мақсатын қалыптауда санасыз ақпаратты пайдаланса, мәселелер саны едәуір көлемді болуы мүмкін.