Предмет: Көліктік машиналардың жетегіне арналған ауа турбиналы қондырғылар
Тип: Бақылау жұмыс
Объем: 14 стр.
Год: 2010
Көлік машиналарының жетегінде ауа және газ турбиналық қондырғыларды пайдалану
Жоспар
1 Көлік машиналарының жетегінде ауа және газ турбиналық қондырғыларды пайдалану 3
1.1 Көлік машиналарының жетегінде ауа турбиналық қондырғыларды пайдалану 3
1.2 Газ турбинасы қондырғысын қолдану 7
Әдебиеттер 14
1 Көлік машиналарының жетегінде ауа және газ турбиналық қондырғыларды пайдалану
1.1 Көлік машиналарының жетегінде ауа турбиналық қондырғыларды пайдалану
Турбина жетегі үшін және одан механикалық, электрлік немесе басқа энергия түрлерінің күш қондырғыларына немесе КМ қызметін қамтамасыз ететін жүйелерге берілісі үшін арналған екпінмен келіп түсетін ауа ағымын тиімді пайдалану жөніндегі идея мәні келесіде түйінделген. Кез-келген ауа кедергі күші қозғалыстағы КМ мидельді қимасына пропорционал. Бұл қимадағы (каналдағы) тесіп өтетін саңылау болған кезде кедергі күші саңылау алаңына пропорционал кішірейеді. Сондықтан кедергіні меңгеруге кететін негізгі қозғағыш (НҚ) қуаты азаяды. Саңылауда ауа ағымын қабылдайтын және оны қозғалатын күшке айналдыратын турбина білігінде айналдырушы иінді күшті жасайтын АТҚ қалақшасы орнатылған деп жорамалдайық. НҚ қуаты толық аэродинамикалық кедергі күш қуатының шамасына өсу қажет, ал турбинадан КМ күш қондырғысына келіп түсетін қуат оны жартылай өтеу қажет. Егер АТҚ генератор арқылы электр энергиясын шығаратын болса, онда сәйкесінше НҚ электрогенератор жетегінен жіберілетін қуаты азаю қажет.
1.2 Газ турбинасы қондырғысын қолдану
Поршеньде іштен жану қозғағышының алдында газ турбиналарының жылдамдық және қуаты жөніндегі көрсеткіштерінің үлкен басымдығына байланысты автомобильдер үшін күш қондырғысы ретінде газ турбиналы қозғағыштарды қолдану үшін зерттеулер жалғасын табуда. Дегенмен құрылғыны бір уақытта жетілдіру арқылы ең көп пайдалануды олар ұшу аппараттарынан алды (9.1 тармаған қара). Қазіргі кезде газ турбина қондырғысының (ГТҚ) жетіспеуіне байланысты оларды автокөліктерде пайдалану шектелген, қазір ГТҚ құрылғысын жетілдірумен негізінен жоғары спорт нәтижелеріне жету немесе аэродинамикалық және басқа сынамалық мәліметтерді алу мақсатында экстремальды машиналарды және жоғары жылдамдықты жарыс машиналарын жобалау кезінде айналысады.
Дегенмен ГТҚ құрылғысын қарастыру оларды поршеньді қозғағыштармен немесе айналдырушы иінді күш білігіндегі айналдыру жиілігі реттелетін басқа қозғағыштармен біріктіріп қолдану көзқарасы жағынан алғанда мақсатқа бағытталған болып табылады 8.
Автомобильдік ГТҚ келесі негізгі басымдықтарға ие: