Халықаралық сауда теориясындағы негізгі концепциялар, олардың эволюциясы
Жоспар
1 Халықаралық сауданың меркантилистік теориясы 3
2 Халықаралық сауданың классикалық теориясы 6
3 Халықаралық сауда және жалақы 18
4 Өндіріс факторлар ара-қатынасы теориясы 22
4.1 Сауда-саттық құрылымдары: Хекшер-Олин теоремасы 23
4.2 Факторларға бағаларды теңестіру теоремасы 26
4.3 Табыстарды бөлу: Столпер-Самуэльсон теоремасы 29
4.4 Рыбчинский теоремасы 31
Әдебиеттер 32
1 Халықаралық сауданың меркантилистік теориясы
Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантилизм доктринасы болып табылады. Ерте меркантилизм ХV ғасырдың соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантилистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүреді деп есептелген.
2 Халықаралық сауданың классикалық теориясы
Халықаралық сауданың классикалық теориясы әйгілі ағылшын экономистері А.Смит пен Д.Рикардомен ұсынылған.
3 Халықаралық сауда және жалақы
Жалақы деңгейі ел ішінде де, сондай-ақ елдер арасында да айрықшаланады. Сауданың Рикардолық моделі елдер арасындағы жалақы айырмашылықтарын сипаттауға бағытталмаған – ол тек бір өндіріс факторын ғана сипаттайды. Дегенмен де, аталмыш модель сыртқы сауданың жалақы деңгейіне ықпалы туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Бұл тарауда біз Рикардолық модельдегі сауданың жалақыға әсерін қарастырамыз.
4 Өндіріс факторлар ара-қатынасы теориясы
XIX ғасырда еңбек теориясы әр түрлі өндіріс факторлар теорияларымен ығыстырыла бастағаннан бері, классикалық мектептің негізін қалаушылардың ізбасарлары – экономист-неоклассиктер халықаралық сауданы да өндіріс факторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады. Бірақ халықаралық сауда теориясында шынайы жаңалықты тек XX ғ. 20–жылдарының ортасында экономист-неоклассиктер – швед экономисті Эли Хекшер мен оның шәкірті Бертил Олин енгізді.
4.1 Сауда-саттық құрылымдары: Хекшер-Олин теоремасы
Кез-келген сауда моделіндегі орталық мәселе халықаралық мамандануға қатысты болады. Рикардолық модельдегі осы мәселенің жауабы – салыстырмалы артықшылықтар тұжырымдамасы. Хекшер-Олин моделінде екі елдегі технологиялар бірдей болғандықтан, мұнда салыстырмалы артықшылық сияқты түсінік те орын алмайды.
4.2 Факторларға бағаларды теңестіру теоремасы
Хекшер-Олин моделінен жасалған аса белгілі қорытынды – белгілі жағдайларда автаркия жағдайындағы факторлардың халықаралық бағаларындағы айырмашылықтар еркін сауда барысында жоғалуы мүмкін. Бұл, әрине, нәтижесінде шығынға ұшырауы мүмкін факторлардың иелері үшін қатерлі белгі. Халықаралық жалақыдағы айырмашылықтар аса үлкен - мұнда салыстырмалы бай, индустриалды елдердегі жұмыскерлер шынында да олардың жалақылары арқылы пайда табатын Қытай, Үндістан сияқты әріптестерінің бәсекелік затына айнала отырып, шығынға ұшыраудан үрейленеді.
4.3 Табыстарды бөлу: Столпер-Самуэльсон теоремасы
Тауарларға деген салыстырмалы бағалардың өзгеру әсерін қарастырсақ, онда тауарларға деген салыстырмалы бағалар мен факторларға деген салыстырмалы бағалар арасында тікелей байланыс бар екеніне көзіміз жетеді. Басқаша айтқанда: факторлар арасындағы табысты бөлу тауарларға деген салыстырмалы бағалардан тәуелді болады. Ал соңғылары экономиканың автаркия жағдайында қалуы немесе еркін сауда үшін ашық болып қалуынан тәуелді болады.
4.4 Рыбчинский теоремасы
Осы бөлімде талқыланған Хекшер-Олин моделінің соңғы қорытындысы фактормен қамтамасыз етілудің өзгеру салдарларымен байланысты, оны біз енді шағын ашық экономика тұрғысынан бейімдейтін боламыз, яғни аталмыш әлемдік қатынас ретінде екі тауардың бағаларын аламыз . Алайда, капиталдың жиынтық интенсивтілігін өзгертпейтін фактормен қамтамасыз етілудегі кез-келген пропорционалды өзгеріс еш қызығушылық тудырмайды, себебі ол өндірісті, сауда құрылымы мен фактордың сыйақылануына қатысты емес. Енді біз нені қарастырғымыз келеді, енді бұл толығымен сауда ағындарын өзгертпейтін фактордың жиынтық интенсивтілігін өзгертетін қамтамасыз етілу өзгерісінің салдарлары.