Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 75 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу


Жоспар

Кіріспе 3
1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы 5
1.1 Есеп айырысу нысандары 5
1.2 Вексельдер арқылы есеп айырысу 6
1.3 Чектермен есеп айырысу 13
1.4 Төлем карточкарының есебі 15
1.5 Төлем талап - тапсырмалары арқылы есеп айырысу 19
1.6 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу 20
2 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі 23
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі 29
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі 33
3 Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу 40
3.1 Ақшалай қаражат қозгалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты түгендеу 40
3.2 Құнды қағаздар 41
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі 60
Қорытынды 65
Қосымшалар 68
Қолданылған әдебиеттер 75

Кіріспе

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
- ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;
- шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен
- қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық
- шоттарды;
- бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
- республикалық бюджетте түрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
- Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Касса - есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әртүрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
1. Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.
2. Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету.
3. Бөлінген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
4. Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру.
5. Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
6. Есеп айырысу - төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін шаруашылық субъектісі өзі таңдаған банкте есеп айырысу шотын ашады.
Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:
1) Шот ашуға арналған - өтініш;
2) Қойылатын қол мен мөртанба белгісінің үлгісі бар карточка;
3) Субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
4) Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
5) Жарғы мен құрылтай шартының (егер құрылтайшылар саны 1-ден көп болса) көшірмесі.
Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болып табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.
Ақшаларды қабылдауды , беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:
1. Қолма-қол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мәлімдемесі рәсімделеді.
2. Әр түрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда – чек рәсімделеді.
3. Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.
4. Субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда – төлем талап-тапсырмасы жасалады.
5. Шаруашылық істері жөніндегі алқаның (комиссияның) бұйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.

1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы

1.1 Есеп айырысу нысандары

Барлық шаруашылық жүргізіші субъектілер өз ақша қаражаттары банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бүл келтірілген мәлемет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да , әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттары сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары-бұл банк мен клиентер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететің әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағамдық, жинақтық және корреспондентік болып бөлінеді.

1.2 Вексельдер арқылы есеп айырысу

Вексель – біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін камтитын қатан нысанда белгіленген төлем құжаты,яғни бұл қатаң белгіленген жазбаша үлгіде көрсетілген ақшалай борышты міндеттеме.
Вексель - өзінің иесіне төлеу мерзімі келуі бойынша онда аталған ақшалай соманы талап етудің сөзсіз құқығын береді. Вексель бойынша оны берген немесе төлеуге келісім берген (акцепттеген) тұлға төлеуге борышты. Вексельді жазып беруші кәсіпорын (тұлға) борышкер болып саналады. Сатылған тауарлардың төлем ақысы есебінен вексельдің қабылдаушы кәсіпорын (тұлға) кредитор (қарыз беруші) болып саналады.
Вексель қаражаттары бойынша есептесудің есебі. Вексель (қарыздық қолхат, міндеттеме) - бұл вексель берушінің вексель ұстаушыға (вексель иесіне) белгілі бір соманы мерзігілі жеткен бойда қарыздық міндеттемені сөзсіз төлеуді куәландыратын бағалы қағаз.
Вексель - бұл вексель айналымы жолымен берілетін коммерциялық несиенің түрі (вексельдің бір иегерден басқасына берілуін ақша алмастырады).
Вексель заңмен ұйғарылған үлгіде жазылуға тиісті, тек соңда ғана ол өзінің заңды күшіне енеді. Дұрыс жазылған вексель бойынша төлеуден бас тарту сотқа шағымдануға және борышкердің мүлкі есебінен онда көрсетілген соманы мәжбүрлі түрде өндіруге негіз береді. Вексель жеткілікті дәрежеде сенімді бағалы қағаз болғанымен, ол ақшаны толық қайтарып алуға кепілдік бере алмайды.Борышкер кәсіпорын (вексель беруші) банкроттық жағдайына түсіп және оның мүлкі барлық вексельдер бойынша төлемдер үшін жетпей қалуы мүмкін.
Вексель жай және аударма болып келеді:

Банкте вексельді досконттау (есепке алу).
1. Вексель үшін қарыз алынды Д-т 1040, 1050 К-т 3010 - 130 000
2. Дискоит сомасына (банк %) Д-т 7320 К-т 7310 - 20 000
3. Вексель бойынша төлем мерзімі басталған бойда банк авизосы (хабар-ламасы) негізінде вексельді қайтармағанда Д-т 3010 К-т 1210 - 150 000
4. Бексель бойынша процент сомасына Д-т 1050, 1010 ,1040 К- т 2170 – 51 000
5. Егер вексель мерзімінде төленбесе, онда банктен алынған қарызды қай-тару қажет Д-т 3010 К-т 1040/1010, 1050 – 150 000, ал алынған вексельді субшотқа қою керек Д-т 1210 (мерзімі кешіккен вексельдер) К-т 1210/1 (мерзімді вексельдер)

1.3 Чектермен есеп айырысу

Есеп айырысу чегі - чек берушінң шотынан чекте көрсетілген соманы аудару жөнінде банкіге жазбаша түрде тапсырма. Біз сатып алушының банкісімен ісіміз болғандықтан, одан ақша алу процесі тездетіледі.
Чектер лимиттік және лимитсіз кітапшалардың чектері болып бөлінеді. Лимиттік кітапшалардың чектерімен тауарлар мен қөлік және байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар жасалады. Кітапшада лимиттің сомасы мен оған белгіленген мерзімі көрсетіледі.
Лимитсіз кітапшалардың чектерін банкіден жолдағы есепті құжаттар есебінен несиені қолданатын кәсіпорындар алады. Олар бойынша сомалар шектелмейді. Олар жіберу стансасынан қабылдау стансасына дейін жүктеррді тасымалдау үшін темір жол тарифінің сомасына сәйкес темір жолдың стансасына өнімнің өткізу барсыс бойынша жасалады.
Чектермен есеп айырысу. Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың иесі (чек беруші) өзінің шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына қаражаттың белгілі бір сомасын аудару жөнінде өзіне қызмет көрсететін банкке чек түрінде жазбаша тапсырма береді.
Чектер алынған өнімдер, кәрсетілген қызметтер үшін есеп айырысқанда және "Қазақстан Республикасында чектермен есеп айырысу ережесінде" көзделген басқа жағдайларда қолданылады. Чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш беріледі. Лимиттелген чек кіталшасы иесінің жеке шотындағы қаражатты депоненттеуге арналған, субъектінің шоты бойынша операциялар жасауға арналған құжаттарға қол коюға құқығы бар адамдардың қолы қойылған төлем тапсырмасы мөртаңбасы қойылып, оған қоса беріледі. Чек кітапшасының лимиті чек жазып беріле алатын және банк төлеуге тиіс шекті соманы білдіреді. Ол банк белгілеген сомадан кем болуы мүмкін емес, бірақ тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған қаражаттардың айлық тутынысынан әдетте көп болуы да мүмкін.
Чектермен есеп айырысу есебі активтік 1070 -"Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары" шотында жүргізіледі.

1070-шоттың кредиті бойынша және 10-бөлімшөнің басқа шоттары бойынша операцияләр банк көшірмесінің негізінде № 3 журнәл-ордерде (кредитінде) көрсетіледі.
Есеп айырысу чектер кітапшасын алу үшін дағдылы чек кітапшасын алу үшін жазылғандай үлгіде өтініш жазылады. Одан басқа есеп айырысу чектер бойынша шығыс ету үшін арнайы шотқа есеп айырысу шотынан белгіленген сомасы аудару нұскауымен банкіге төлем тапсырмасы басылуы тиіс.
Материалдық құндылықтарды сатып алу тапсырылған қәсіпорынның қызметкеріне есеп айырысу чектер кітапшасы мен оны пайдалану үшін типтік үлгідегі сенім хат беріледі.
Қазіргі уақытта жалған істелген чектердің көбеіп кетуіне байланысты елімізде чектердің жүруі уақытша тоқтатылып тұр.

1.4 Төлем карточкарының есебі

Инкссациялау шығындарын қысқарту; бухгалтерияның жұмысын женілдету, Қазақстаннаң әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.
Төлем қарточкалары- ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және коорпоративтік болып бөлінеді.
Дебеттік карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасың шегінде оның ұстаушысына ( иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк берген қаржы қөлемінде төлей алады.
Кредиттік карточкалар бойынша банк берген қарыз сомасының шегінде оның ұстаушылары төлем жасай алады.
Одан басқа кәсңпорын іс-сапарының шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме шығыстары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.
Коорпоративтік карточкалар –бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстауышыға банк пен занды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың негізінде беріледі.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың қаржылық тегігі (инструменті)ретінде 2 млн. Карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан астам кезең ішінде Viza және Master Card халықаралық карточка жүйесі үлкен жетістіктерге жетті. Сондықтан оны 14 млн. Кәсіпорын төлем карточкалары ретінде өздерінің күнделікті оміріне пайдаланады. Олардың қатарына: супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі клубтар, аяқ киім сататын дүкендер т.б. жатады.

1.5 Төлем талап - тапсырмалары арқылы есеп айырысу
Төлем талап-тапсырмаларымен есеп айырысу. Мүндай нысан болған кезде жеткізуші жөнелтілген өнімге төлем талап - тапсырмасын ресімдейді де, оны төлеушіге бағыттайды. Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында шешім қабылдайды. Төлеуге шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қол қояды, мөрін басады және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарады және оны жеткізушінің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген сомалардың бухгалтерлік жазбалары есеп айрысу шотынан банк беретін көшірмеснің негізінде жүргізіледі.
Төлем талап-тапсырмасы тауарларды алғанда, жұмысты орындағанда, қызметі көрсеткенде бенефициарлардың ақшаны төлеушіге жіберген талабы болып табылады.
Бенефициар төлем талап-тапсырмарны банкке ұсынады және төлем талап тапсырмалар белгіленген бланктердің нысанында тиісті реестрлеріне тіркеледі.
Төлем талап-тапсырмасы реестрмен бірге бенефициар - банкісіне ұсыныады, ал бенефициар барлық реквизиттердің толық толтырылғанын тексеріп,төлем талап-тапсырманы ақша жіберуші банкке бағыттайды.
Егер де бенефициарға қызмет көрсететін де, ақшаны жіберуші де бір банк болса, онда бенефициар банкісін жанай өтіп, төлем талап-тапсырмасы реестрсіз бірден жіберушінің банкісіне ұсынылады.

1.6 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу

Төлем тапсырмалар – ол банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма. Бухгалтер оны «көшіргіш» пен немесе компьютерде қажетті дана бойынша басады.
Онда төлеуші мен оның банкісінің, алушы мен оның банкісінің реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасын орындауға қабылдап алып, оның соңғы данасына таңба қойып, одан соң ол операцияны есепте бейнелеу үшін бухгалтерге қайтып береді. Басылған, бірақ, банкіге өткізілмеген төлем тапсырмасы он күн ішінде жарамды болып саналады.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу тауар-көліктік немесе тауардың босатылуын немесе қызметтің көрсетілуін растайтын өзге құжаттың нөмері мен күніне сілтеме жасалған жағдайда алынған тауарлар мен қабылданған қызметтер үшін, сондай-ақ тауарлық емес операциялар бойынша жүргізіледі.
Төлем тапсырмалары:

2 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

Қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса - бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай. Касса операцияларының есебі ҚР Ұлттық банкі Басқармасыиың 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген "ҚР х/ш касса операцияларын жургізудің уақытша тәртібіие" сәйкес жузеге әсырылады.
Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды-жауапты адам болып табылады да (онымен толық материалдық жауапкершілік шарты жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады. Ол касса операцияларын жүргізу тәртбімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа жа төлемдерді беру үшін субьекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.
Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.
Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген түлға қол қойған КО № 1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жургізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО № 2 нысаныидағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің (ШКО) мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жургізіледі. ШКО-не бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек, Егер ШКО қоса берілетін құжатта руқсат ету туралы басшының колы болса, онда оның ШКО-де оның қойған қолының болуы міндетті емөс.

Жоғарда атап өткендей кассадағы операциялар есебі 1010 « Кассадағы қолма-қол ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
1010- « Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» және 1020 - « Касссадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоттарында жүргізіледі.
Тауар кеңселерінің, пристаньдардың және пайдаланудағы учаскелердің, аялдама, өзен өткелдерінің кассасындағы билет және багаж кассаларындағы, порттар мен вокзалдардың, байланыс бөлімшесінің кассаларындағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысы 1010/2-шотта ескеріледі.
1010-1020-шоттар бойынша шаруашылық операциялары
1. Кассаға сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден ақша қаражаттары түсті Д-т 1010,1020 К-т 1220
2. Вексель бойынша түсті Д-т 1010, 1020 К-т 1130
3. Алынған қарыздар бойынша келтірілген залал үшін жұмсалмаған есеп беру сомаларын қайтару Д-т 1010, 1020 К-т 1252.

2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

Банккі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы да мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауға, оның өзіне немесе үшінші иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға ( жактарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін қөрсетуге өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәлеметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және олардың төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі (филиал мен өкілдігі) арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы (оттискісі) бар құжаты (мұның үлгісі төменде келтіріліп); клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты (жеке тұлғаның үлгісі де төмендн келтірілген); аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері) тапсырылады.

2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және әртүрлі мынадай валюталарда:
а) т ұлттық;
б) еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін және ек-теусіз айырбасталатын);
в) тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы ел-дердің ұлттық валюталары);
г) клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді өза-ра есепке алу негізінде қолма-қолсыз есеп айырысуға қатысушылар келіскен валютада) операциялар жасайды.
Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы, нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместер арасындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салықпен кеден зандарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық ретту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады.

1050 шоты бойынша жазбалар есеп айырысу шотындағы жазбаларға сәйкес жазылады.
1050 шотының дебеті келесі шоттардың кредитімен корреспоңден-цияланады:
1020 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» - валюталық кассадан валюталық шотқа өткізілген валютаның сомасына;
1210 «Алынуға тиісті борыштар» - тиелген өнім қолма-қол ақша валюталық кассадан валюталық шотқа өткізілген валютаның сомасы;
6250 «Бағам айырмашылығынан түскен табыс» - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамының өсуінің нәтижесінде пайда болған оң бағам айырмашылығына сомасына 1050 шотының кредиті келесідей шоттардың дебетімен корреспондецияланады:
1020 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша» - валюталық шоттан валюталық кассаға алынған валютаның сомасына барабар;
4110 «Жабдықтаушылармен және мердәгерлермен есеп айырысу» - жеткізілген материалдық қорлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет үшін шетелдік фирмалардың (шот фактурлары) инвойсы төленеді;
7410 «Бағам айырмашылығы бойынша шыққан шығыс» - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамның төмендеуінің нәтижесінде пайда болған теріс бағам айырмашылығының сомасына.

Ақша қаражаттарын, құнды қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін түгендеу олардың қалдықтарымен салыстыру арқылы жасалады.
Ақша қаражаттарының және құнды қағаздардың артық шыққан сомалары кіріске алынуға тиісті: ол кезде 1030,1070, 1010, 1020 шоттары дебеттеліп, 6130 шоты кредиттеледі.
Кем шыққан ақша қаражаттары мен құнды қағаздар өтеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебіне шығарылады:
1260 шоты дебеттеліп, 1030,1070,1010,1020 шоттары кредиттеледі.
Егер де кінәлі тұлғалар табылса, онда 1260 шоты кредиттеліп,1251 шоты дебеттеледі, яғни 2940 шоты жабылады.
Егер де кінәлі тұлғалар табылмаса, онда кем шыққан сомасы 2940 кредитінен 7440 шоттың дебетіне есептен шығарылады.

3 Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу

3.1 Ақшалай қаражат қозгалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты түгендеу

Ақшалай қаражат козғалысын ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау; субъектінің қаржылық саясатына болуын қамтамасыз ету; бухгпалтерлік шоттарда көрсетілген мәлеметтердің шүбасыз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.
Ақшалай қаражатты онай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетуге рұксат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Акшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай функцияларды орындау тиіс:

Мысалы: Кассаны түгендегенде 150 теңге мөлшерінде артық шығу табылды, бұл жағдайда кірістік кассалық ордер жазылады және олар мынандай жазбалармен рәсімделеді.
1020 «Кассадағы ұлттық валютағы қолма-қол ақша» шот дебеті
6280«Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыс» 150 теңге
Егер кассаны түгендеу кезінде 5000 теңге кем шығу табылса, мұндай жағдайда:
-анықталған кем шығу сомасына шығындық кассалық ордер жазылады
1430 «Кем шығу, құндылықты бүлдіру» шот дебеті
1020 «Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша» шот кредиті 5000 тенге - кем шығу кассир есебіне қойылды
1251 «Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысулар» шот дебеті
1430 «Кем шығу, құндылықты бүлдіру шығындары» шот кредиті 5000 теңге - кассирдің кем шығуды өтеуі (кірістіқ кассалық ордер жазылады)
1020 «Кассадағы ұлттық қолма-қол ақша» шот дебеті
1251 «Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысулар» шот кредиті.

3.2 Құнды қағаздар

Құнды қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер. Құнды қағаздар ортақ қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпорация капиталын бөлісуге құқық беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен мемлекеттік және жеке-дара мекемелер арқылы сатылады. Сондай-ақ құнды қағаздарды шығарушылардың да, инвесторлардың да (пайда табу үшін құнды қағазға ақша құйған жеке адамдар) сатуына болады. Оның нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорындар мен инвесторлар, ал ол қағаздың болашақ өтілуіне байланысты. Құнды қағаздың бағасының қымбаттауы кәсіпорындардың экономикалық жетістігіне тәуелді, мәселен, зауыт пайданы неғүрлым көп түсірсе, инвестордың алтын үлесі де өсе түспек. Егер эмитент (құнды қағаз шығарушылар) шығарған отырып қалса, оның акциясының құны да арзандап, акцияны сатып алған жұрттың да пайдадан құр алақан қалуы мүмкін. Соңдықтан акцияны шығарған кәсіпорындардың экономикалық, өндірістік жағдайы жолында әрқашан хабардар болып отыру акционерлердің қалт жібермейтін тірлігінің бір саласы.

Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шыгыстар»
2803 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма»
(сыйлықақының амортизация сомасына)
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»;
• немесе жеңілдікпен алғашқы сату кезінде:
Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сый-ақы төлеуге байланысты шығыстар»
1803 «Атаулы құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі айналысқа шығарылған облигациялардың болашақ кезеңдердегі шығыстары» (сыйлықақының амор-тизация сомасына)
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».
Егер бағалы қағаздар валюта да болса:
• сыйақыдан алғашқы сату:
Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»
2803 «Айналысқа шығарылган бағалы қағаздардың атаулы
құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма»
(сыйлыкақының амортизация сомасына)
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»;
• немесе жеңілдікпен алғашқы сату кезінде:
Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа
позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»
1803 «Атаулы құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі айналысқа шығарылған облигациялардың болашақ кезеңдердегі шығыстары» (сыйлықақының амортизация сомасына)

3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі

Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі баланстан тыс 1070 – «Қатаң есеп беру бланкілері» шотында жүреді, ол материылды есеп беретін тұлғалар мен қоймадағы тұрғындардың қозғалысы мен бары туралы ақпараттарды шолу үшін арналған (акциздік маркісі, куәліктің бланкісі, дипломдар, әртүрлі абонементтер, тамақтануға берілетін талондар,билеттер,тауарлы-трансторттық ілеспе құжаттары т.б.). Бұл аталған құжаттардың сақталу тәртібі әрбір қатаң есеп беру бланкілері бойынша белгіленеді.
1070 – «Қатаң есеп беру бланкілері» бойынша жасалатын шарушылық операцияларын қарастырамыз.

Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа барлық бенефициарға түскен шағым банктің қатысуынсыз тараптардың өз арасында қаралады.егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 «Банк несиелері» шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1070 «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1040, 4030) кредиттеледі де, 1070 «Аккредитивтердегі ақша қаражаттары» шоты дебеттеледі
Жабдықтаушылар шотын төлеу 1070 шоттың кредиті бойынша және ол "Жабдықтаушылармен және мердігерлерменесеп айырысу" шотының дебеті бойынша көрсетіледі; пайдаланылмаған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері қайтару 1040, 1050, 3010 шоттарының дебеттеріңде және 1070 шоттың кредитіңде көрсетіледі.
Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 7440 шоты дебеттеледі де, 1040 шоты кредитттеледі.
1070 "Чек кітапшаларындагы ақша қаражаттары" шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек - бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.
Чек кітапшасы бойынша депоненттел ген сомасы беріл ген кезде 1070 дебеттеліп; 1030, 1040,3010 шоттары кредиттеледі.
Кітапшалардағы чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек ұстаушылар арқылы банкке чек реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға (экспедиторларға) және басқа түлғаларға беру кезінде 1260 "Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының, "Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін түлғалар" деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп, 4160 "Басқа кредиторлық қарыздар" шотының "Чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу" деп аталатын аналитикалық шоты кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 4160 шоты дебеттеліп, 1070 шоты кредиттеледі.

Қорытынды

«Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу» тақырыбын қысқаша қорытындылап өтейін:
Сонымен, Ақша қаражатын сақтау заңды және жеке тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері: теңгемен, шетелдік валюталармен жүргізілетін есеп айырысу шоттарын ағымдық және корреспонденциялық шоттарын ашатынын білдік.Ал, корреспонденциялық шоттар – банктің және банктік емес қаржылық мекемелердің қаржылық шоттары. Олардың ашылуы мен жүргізілуі ұлттық банктің нормативтік актілерімен белгіленеді.Ағымдағы есеп айырысу шоттары – заңды тұлғалардың банктік шоттары.
Ақша қаражатын есепке алу міндеттері ақша қаражаттарының сақталуын және олардың мақсатына сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуын бақылауды қамтамассыз ету, ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және уақытымен құжаттау, есеп айырысу және қаржы тәртібін сақтау, талдамалық есепке алуды толық және дұрыс жүргізу,ақша қаражатын толық және нақты түгендеу шараларын жүргізу, төлем оперрацияларын банк арқылы ақша қаржысын аудару болып табылады.
Субъектінің рұксатынсыз және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазакстан Республикасының аймағында ақшаны (төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынады; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерән пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; төлем-тапсырма төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарың инкассалық жарлықтары болып табылады.Сонымен бірге, жалпы есеп айырысу қолма-қол ақшамен және нақты ақшамен,аударылып отыратын ақшамен жүргізілуі мүмкін. Егер есеп айырысу нысандарына жеке-жеке тоқталып кететін болсақ олар: