Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Салық және салық өндіру

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері


Жоспар
Кіріспе 3
1 Негізгі бөлім 6
1.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесі 6
1.2 Қазақстан Республикасының ұлттық салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен даму этаптары 10
II Қазақстан Республикасының салық түрлері 13
2.1 Жанама салықтар 13
2.2 Жеке табыс салығы 15
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері 16
2.4 Әлеуметтік салық 19
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдырттың ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Азамат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық - экономикалық құрлысы мен саяси іс - бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрлысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

1 Негізгі бөлім

1.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесі

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттен басқа кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделеді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

1.2 Қазақстан Республикасының ұлттық салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен даму этаптары

Сексенінші жылдары аралас экономиканың бірінші элементтерінің пайда болуына байланысты, өндірістің барлық сфераларында жалпы экономикада түрлі өзгерістер болған еді, сонымен қатар салық жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Нарықтық экономика қалыптасуы салық жүйесінің трансформациясы үш бағыт бойынша жүзеге асқан болатын, тура және қосымша салықтар арқылы және қосымша жинаулар арқылы әртүрлі қорларға төлемдер жасалды.
Болатын қайта бағалаулар, экономикалық қатынастар әкімшілік тұрғыдан қайта бөлуіне алып келді. Бұл жағдайда салық менеджментінің рөлі айтарлықтай өсуде.

II Қазақстан Республикасының салық түрлері

2.1 Жанама салықтар

Жанама салықтар - жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне ыңғайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздерді, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланатын көбірек артықшылығы болады.

2.2 Жеке табыс салығы

Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі барлық салық төлемдерінің 9 пайызын алады. Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектісі төлсм көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады. Салық мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 30 пайызға дейін белгіленеді.
Дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15 пайыз мөлшерлеме, адвокаттардың және натариустардың табыстарына 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Төлем көзінен салық салынатын табыстарға мыналар жатады: қызметкердің табысы, біржолғы төлемдерден алынған табыс, жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері, дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс, стипендиялар, жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша табыс.
Салық агенттері жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін күннен кешіктірмей жүргізіледі. Олар салық төлеушілердің тұрған жері бойынша есепті айдың табысын төлеудің соңғы күннен кейінгі бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырады. Салық кодексінде көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген.

Қорытынды

Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискальды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискальды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез-келген мемлекеттің өмір сүру үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлі мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Баршамызға белгілі таразының екі жағы бар, біріншісі мемлекеттің қажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті ұстағандардың мүдделерінен шығады.