Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс
Жоспар
1. Жиынтық сұраныс түсінігі 3
2. Жиынтық ұсыныс түсінігі 5
3. Қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдегі экономикалық тепе-теңдік 6
4. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруі 7
5. Кейнс кресі 8
Қолданылатын әдебиеттер 10
1. Жиынтық сұраныс түсінігі
Жиынтық сұраныс – тұтынушы сұранысына ие болатын өндірілген өнім саны мен баға арасындағы байланыс. Немесе жиынтық сұраныс дегеніміз кез-келген мүмкін болатын баға деңгейінде тұтынушылар, кәсіпорындар мен үкіметтің сатып алатын нақты өнімінің көлемі (Нақты ЖҰӨ). Жеке тауар нарығындағы секілді жиынтық сұраныс пен баға деңгейінің арасында тығыз байланыс бар. Неғұрлым баға деңгейі төмен болса, соғұрлым елде өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көп бөлігін тұтынушылар, кәсіпорындар және үкімет сатып алады. Ал баға деңгейі жоғары болса, оны тұтыну да қысқарады. Баға деңгейі мен өнім өндіру арасындағы осы байланысты графикте былай көрсетуге болады.
2. Жиынтық ұсыныс түсінігі
Жиынтық ұсыныс – бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілген қызметтер мөлшерін көрсетеді. Баға деңгейінің жоғары болуы өндірістің көлемін ұлғайтуға ынталандырады, ал баға деңгейінің төмендеуі өндірісті қысқартуға әкеледі. Бұл байланысты графикте былай көрсетеміз:
3. Қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдегі экономикалық тепе-теңдік
Классикалық үлгі және жиынтық сұраныстың тік қисығы ұзақ мерзімдік кезеңді талдауда қолданылады. Ұзақ мерзімдік кезеңде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді емес (Сурет 3). Бұл жағдайда сұраныстың өзгерісі бағаға әсер етеді, өндіріс көлеміне әсер етпейді. Мысалы, егер ақша ұсынысы қысқарса, жиынтық сұраныс қисығы төменге ығысады. Жиынтық сұраныстың қысқаруынан баға деңгейі төмендейді.
4. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруі
Экономикадағы тербелістер жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруінен басталады. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысын экономикалық сілкініс немесе талықсытпа (шок) деп атайды.
Жиынтық ұсыныс жағынан болатын сілкіністер мысалдары:
5. Кейнс кресі
Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтарының, фирмалардың және үкіметтің тауарларға және қызмет көрсетуге жоспарлап отырған сомасы болып табылады. Нақты шығындар кенеттен болған өзгерістер жағдайында тауарлық материалдық қорларға жоспарланбаған инвестициялар жасауға мәжбүр болған кезде ерекшеленеді.
Экономика жабық болса, жоспарланған шығындар (Е) былай бейнеленеді:
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Грегор Мэнкью. Макроэкономика. М. МГУ, 1994
2. Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Алматы. Экономика, 2003
3. Долан Э.Дж., и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М.,1994.
4. Долан Э.Дж., Линдсей Д.Е.Макроэкономика. С-Пб.,1994.
5. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Дело, 1997