Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Заңтану

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 64 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Қазақстан Республикасының басқару нысаны


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Мемлекет нысанының түсінігі және мазмұны 8
1.1 Мемлекетті басқару нысаны және оның түрлері 8
1.2 Мемлекет құрылымының нысаны 15
1.3 Мемлекеттің саяси жүйесі және ерекшеліктері 17
2 Қазақстан Республикасының басқару нысаны 19
2.1 Хандық биліктен президенттік институтқа дейін 19
2.2 «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы (1990ж) және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» (1991 ж) конституциялық заңының Қазақстандағы бақару нысанының қалыптасуындағы рөлі 29
2.3 Президенттік Қазақстан - демократиялық, егеменді, әлеуметтік зайырлы мемлекет 41
3 Шет елдердің басқару нысандарының ерекшеліктері 52
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64

Кіріспе
Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Тақырыптың өзектілігі сол, билік жүргізу барысыныда халық өз мүдделерін қорғайтын мемлект ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы нысанға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанында қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысаналы. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, құлиеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінің диктатураса, оның нысаны - шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет нысанының үлкен маңызы бар. Мемлекеттің нысаны даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, бір сападан бір сапаға өтетін болса, оның тетіктері де өзгеріске шалдығады.

1 Мемлекет нысанының түсінігі және мазмұны
1.1 Мемлекетті басқару нысаны және оның түрлері

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотелъ, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

1.2 Мемлекет құрылымының нысаны

Мемлекет нысанының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік-жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің бір-бірімен қатынасы және мемлекеттің және бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттік құрылым - ұлттық мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік-территориялық жүйені, олардың ерекшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық- біртұтас, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.

1.3 Мемлекеттің саяси жүйесі және ерекшеліктері

Мемлекеттік нысанның соңғы элементі - саяси жүйе. Бұл жүйе деген сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші - саяси жүйені мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси жүйені тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен саяси жүйені - мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.
Саяси жүйе демократиялық және демократияға қарсы жұйелерге бөлінеді. Саяси жүйенің мынандай түрлері болады: деспотиялық, аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери- полицейлік, формальды-демократиялық, либералды-демократиялық, патерналистік, бонапартистік, әскери, авторитарлық, тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық, социалистік, пролетарлық және басқа түрлері. Саяси жүйелердің негізгі бөлінуі: демократиялық және демократияға қарсы жүйелер.

2 Қазақстан Республикасының басқару нысаны
2.1 Хандық биліктен президенттік институтқа дейін

Өткендерімізді тарихи тағылымдарын дәйектілікпен електеп, одан тиісті сабақ алмай, қоғамның алға басуы мүмкін емес. Әлбетте, Қазақстан халқы үшін, әсіресе, сан ғасырлар бойы құрықтың бұғауында болған әр қилы тарихи кезеңін жетік зерделеудің ғылыми – танымдық маңызы ерекше. Біз үшін, тарихи ақиқаттыққа көз жеткізу, қазіргі ұлттық мемлекетіміздің шынайы тәуелсіздікке бет бұрған кезде халқымыздың тарихи зердесін жаңартып, оның елдігін, ерлігін, төзімділігін паш ететін асыл мұраларын түбегейлі жан-жақты пайымдап жинақтау – азаматтық парыз. Бұл тұста ел басшысы – Н.Ә. Назарбаевтың Абылай ханға арналған салтанатты мерей тойындағы (2002) баяндамасында «Тарихты танып, зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін табасың» - деген[7].

2.2 «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясы (1990 ж) және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» (1991 ж) конституциялық заңының Қазақстандағы бақару нысанының қалыптасуындағы рөлі

1990-1993 жылдар арасында Республика тарихында аса маңызды саяси сипаты бар құбылыстар орын алды. КСРО-ның тарап, оның негізінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылуы Қазақстан мемлекеті дамуының келесі бір белесі еді. Егемендік алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік құжат қабылдау қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды.
Қазақстанның ең жаңа тарихындағы айтулы кезең болған маңызды екі күн — Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдаған 1990 жылғы 25 қазаң мен 12-ші шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған 1991 жылғы 16 желтоқсан туралы болғалы тұр.

2.3 Президенттік Қазақстан - демократиялық, егеменді, әлеуметтік зайырлы мемлекет

Қазақстанда республикалық басқару нысаны бекітілді Парламенттік құрылыс, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі, мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушылық, атқарушылық, сот билігіне бөлінуі; халық қабылдаған Конституцияның үстемдігі және жоғары заңдық күші басқарудың, осындай нысанын таңдаудың заңдық негізі болып табылады [20,191б].
Парламенттік құрылыс монархиялық та, сондай-ақ республикалық та басқару нысаны ретінде кызмет ете алады. Алайда, республикалық басқару нысаны кезінде Парламентке, әдетте, тыйым салудың өлшеусіз билік берілген монархтың өзі күш көрсете алмайды. Парламентті тікелей (Мәжіліс) және өз өкілдері (Сенат) арқылы Қазақстан халқы сайлайды. Қазақстан Парламенті халық атынан өкілетті орган ретінде заң шығару процесін жүзеге асырады. Республикалық басқару нысаны азаматтарға максимум немесе минимум бостандық береді.

Қорытынды

Айтылған ойды қорытындылай келе біз мемлекеттің басқару нысаны, ол сол елдің қалыптасқан тарихи қалпына, рухани, мәдени, экономикасы мен саяси болмысына байланысты болып келетіне көз жеткіздік және мемлекеттің басқару нысанының адамзаттың өмір сүру кезеңінде негізінен монархия мен республика түрінде болатындығына тағы да көз жеткіздік. Сонымен қатар әр ел қайсы бір нысан түрін таңдай отырып, өз елінің басқару нысанын Конституцияларында белгілейтіндігіне назар аудардық.