Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Ы. Алтынсарин шығармалары – балалар танымының бастау көзі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Ыбырай Алтынсарин - ұлтының рухани мақтанышы 7
1.1 Қазақ мәдениетінің тарихындағы Ыбырай Алтынсарин өмірі мен қызметінің рөлі 7
1.2 Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орны 13
1.3 Алғашқы қазақ төл оқулықтарының авторы – Ы. Алтынсарин 17
1.4 Ыбырайдың педагогикалық көзқарасының қалыптасуы 21
2 Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы 29
2.1 Ыбырай Алтынсариннің шығармаларындағы балалар тақырыбы 29
2.2 Ыбырай Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік мұралары 35
2.3 Ы.Алтынсарин шығармаларындағы еңбек тәрбиесі мен адамгершілік сезімге тәрбиелеу 41
2.4 Ыбырай Алтынсарин және оқу-ағарту мәселесі 44
2.5 Ы. Алтынсариннің оқу-әдістемелік шығармалары 50
2.6 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесі және қазіргі мектеп 52
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 60

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.
Ыбырай Алтынсарин – халқымыздың аса көрнекті қоғам қайраткері, ғұлама ағартушысы жаңа үлгідегі демократ тәлімгері, ғалым-этнографы, әрі публицист жазушысы.

1 Ыбырай Алтынсарин - ұлтының рухани мақтанышы

1.1 Қазақ мәдениетінің тарихындағы Ыбырай Алтынсарин өмірі мен қызметінің рөлі
Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.
Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.

1.2 Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орны
Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім. Олар елдің мұң-мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзенттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.

1.3 Алғашқы қазақ төл оқулықтарының авторы – Ы. Алтынсарин
Кезінде ұлтымыздың ұлы ағартушы-демократтары тарихымызда өшпестей із қалдырды. Солардың бірі ‒ Ы.Алтынсарин. Ерен еңбек сіңірген ұлы ағартушы қай кезде де білім мәселесіне жете мән берген. Ол елдің санасын оятып, жаңа жолға бастаудың кілті білімде деп ұққан. Халыққа ағартушылық арқылы жаңаша бағыт-бағдар сілтеп, ой салуды мақсат еткен. «Ағартушылық ‒ жақсылыққа, бақытқа ұмтылған күллі елдің бастан өткерер жетілу һәм өрістеу жолы»[3, 3] ‒ деп санаған.

1.4 Ыбырайдың педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
Ы.Алтынсариннің дүниеге көзқарасының қалыптасуына сол кезде өмір сүрген атақты орыс педагогі К.Д.Ушинскийдің біршама әсері болғанға ұқсайды. Мұны осы екі ұлы адамның педагогикалық мұрасының сабақтастығын зерттеген кейбір ғалымдар (Н.Н.Медынский, А.Р.Эфиров, т.б.) атап өтеді. «Алтынсариннің өмірі мен көзқарасына К.Д.Ушинский игілікті әсер еткен» -деп жазды, советтік педагогика тарихының білгірі профессор Н.Н.Медынский.
Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл-прогресшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек аламаса Ыбырай болмас еді, - дейді М.О.Әуезов. Осы келтірілген деректерден Ы.Алтынсариннің саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастарының сырттай болса да, К.Д.Ушинский көзқарастарымен астарласып жататындығын байқауға болады. Өйткені, ұлы орыс педагогінің идеясы Ы.Алтынсариннің шығармаларынан, әсіресе оның негізгі еңбегі «Қазақ хрестоматиясынан» (1879) жақсы байқалады.

2 Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы

2.1 Ыбырай Алтынсариннің шығармаларындағы балалар тақырыбы
Ұлы орыс халқының ХІХ ғасырда жасалған классикалық мол әдебиеттерімен танысқан Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой-санасына қозғау салып жетілдіруде өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін алдымен балалар әдебиетін жасауға бет бұрды. Балалар әдебиеті тақырыбына жазылған орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды, оларды жас ұрпақтарымызға үлгі етіп ұсынды. Бұл қазақ халқы үшін, әсіресе, оның жас ұрпақ балалары үшін аса игілікті іс, жаңа бастама еді.

2.2 Ыбырай Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік мұралары
Халқымыздың аса көрнекті қоғам қайраткері, ғұлама ағартушы, жаңа үлгідегі демократ тәлімгері, ғалым-этнограф әрі публицист жазушы Ыбырай Алтынсариннің артына қалдырған мұралары мол.
1857 жылы Орынбордағы қазақ балалары үшін ашылған жеті жылдық мектепті үздік бітіргеннен кейін Ыбырай алдымен өз атасы Балғожа бидің қарамағында біраз уақыт писарь болып істейді де, кейіннен Орынбор облыстық басқармасында тілмаш болып қызметке орналасады. Бірақ осы қызметтер жас Ыбырайды оңша қанағаттандырмайды. Сондықтан да ол көп ұзамай әкімдік жұмысты тастап, мұғалімдік, тәлімгерлік іспен айналысады. Осыдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ағартушылық-педагогикалық қызмет оның тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы, басты өзегі болып өтеді.

2.3 Ы.Алтынсарин шығармаларындағы еңбек тәрбиесі мен адамгершілік сезімге тәрбиелеу
Ыбырай әңгімелері жастарды еңбекті сүюге, оқу-өнерге ұмтылуға, Отанын, елін сүйетін патриоттық сезімге, талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға баулиды. «Атымтай Жомарт» әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай Жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ Атымтай ылғи жұмыс істейді. «Күн сайын өз бейнетімен тапқан пұлға нан сатып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады»,- дейді ол. «Әке мен бала» әңгімесінде балаларды жастайынан еңбекке тәрбиелеу мәселесін Ыбырай ерекше көтерген.

2.4 Ыбырай Алтынсарин және оқу-ағарту мәселесі
Ы.Алтынсариннің қоғамдық-педагогтық, ағартушылық жолындағы қызметін ол ғұмыр кешкен тұстағы Қазақстанның Россия тарапынан отарлану тарихынан бөле жара қарауға келмейді. Өйткені Ы.Алтынсариннің ауыл молдасынан оқып, Орынбордағы арнайы түрде ашылған оқу орнынан білім алған кезеңі қазақ жерінде ел билеудің патшалық жүйесі сырттан ендірген сұлтан правительдік, аға сұлтандық түрі орныққан кезең еді. Шоқан Уәлиханов атап көрсеткендей қазақ қауымында ел билеу жүйесіне айрықша мән берілетін. Отарланған қазақ даласын экономикалық жағынан меңгеру, қазақ жұртын саяси-идеологиялық жағынан империялық саясат мүддесіне орй бейімдеу – мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерілген кезең болатын-ды.

2.5 Ы. Алтынсариннің оқу-әдістемелік шығармалары
Бірде-бір орыс сөзін білмейтін қазақ балалары орыс мектептеріне оқуға түскен кезде оларға орыс тілін оқытып-үйретуді неден және қалай бастау керектігіне оқытушылар әдетте қиналады. Өзінің ана тілін білетін орыс балаларына арналған жетекші құралдар осы тілді білмейтіндер үшін әлбетте жарамайды; соның салдарынан және ешқандай да қолайлы жетекші құралдардың қолда болмауынан ұстаздар не мектепте жаңадан түсетін шәкірттер үшін қолжазба сөздіктер құрастырады, не оларға түсініксіз көрінетін ұғымдарды сұрай отырып, орысша кітаптарды оқуға мәжбүр етеді. Алайда білім берудің мұндай тәртібі, бір жағынан, ұстаздарды мейлінше қиналтады және істі өте-мөте баяулатады, екінші жағынан, бұл тек шәкірттердің оқуға дағдылануы үшін ғана маңызы болғанымен, орыс тілін оқып үйренуге тым зиянды болады, мұның өзі, соған қарамастан, орыс-қазақ мектептері оқытушылары үшін басты міндет болуы тиіс.

2.6 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесі және қазіргі мектеп
Ыбырай мектеп берген білімге қанағаттанбай, өз бетінше көп ізденіп, оқыған. Әсіресе, шығыстанушы ғалым В.Григорьевтің бай кітапханасына барып, дүниежүзі классиктерінің шығармаларын, тарихи, діни, философиялық әдебиеттерді көп оқиды екен. Шиллер, Гюго, Гоголь, Толстой, Белинский, Герцен, Салтыков-Щедрин, Достоевский, Тургенев, Шевченко, Руссо, Гегель, Бокл, Фирдоуси, Низами, Бируни, Сағди, Науайы шығармалары Ыбырай ізденістеріне қанат берген. Сөйтіп олардың рухани қазынасын ана тілімізге аударған. «Оренбургский листок» газетінің 1884 жылы 4-сәуірінде санында «Біз Ыбырай Алтынсаринді Шекспир, Байрон, Гете, Пушкин, Лермонтов, Крылов, Некрасов және басқа орыс, Европа әдебиеттері классиктерінен тәлім-тәрбие алған халық ақыны деп білеміз» деп жазуы де тектен тек емес, әрине.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ыбырай – алдымен, ұлы ұстаз, қазақ мәдениетінің алғашқы қайраткерлерінің бірі. Тың үлгідегі мектепті ашушы. Ол – мектептің өзіне тән ерекшелігі бар программаларын, оқу-құралдарын жазушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы. Бұл жөнінде ол – қазақтың халық қазынасы – ауыз әдебиеті, орыстың ұлы классикалық әдебиетін өзінше ең алғашқы үлгілерде үйлестіріп, туыстырушы болды.