Индустриялық инновациялық даму бағдарламасының
Мазмұны
Кіріспе 6
1 Индустриялық – инновациялық саясаттың алғышарттары және экономикадағы ролі 4
1.1 Қоғамдағы индустриялық -инновациялық саясаттың алатын орны және экономикаға тигізетін әсері 4
1.2 Индустриялық – инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау 10
2 Индустриялық инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуы және нәтижелері 17
2.1 Индустриялық-инновациялық саясаттың алғышарттары және экономикадағы рөлі 17
2.2 Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары 23
2.3 Индустриялық – инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау 35
3 Қазақстан индустриялық – инновациялық даму жолында 45
3.1 Бәсекеге қабілетті тиімді экономика құру жолдары 45
3.2 Қостанай облысындағы индустриялық – инновациялық саясат 55
Қорытынды 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 61
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.
Бағдарлама Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет ету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісі мемлекеттің индустриялық-инновациялық саясатының басты нысанасы болып табылады.
1 Индустриялық – инновациялық саясаттың алғышарттары және экономикадағы ролі
1.1 Қоғамдағы индустриялық -инновациялық саясаттың алатын орны және экономикаға тигізетін әсері
Ғылым мен техниканық жедел түрде сапалы дамуы тікелей мемлекеттік саясатпен байланысты екендігі ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, ғылыми-техникалық прогресті жаңа жағдайда мемлекеттік реттеу қолға алынуы тиіс. Мемлекеттік инновациялық саясат қоғамның бар саласын қамтитын бағыттарда жұмыс істейді. Ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану мен оны іске қосу мақсатында жасалатын істердің бағдарламасы мен оны жүзеге асырушы мамандар іріктелініп, олар конкурстық негізде қабылдануы керек. Инновациялық жобаны іске асыру үшін ең алдымен жобаның формалары мен әдістері анықталуы тиіс. Инновациялық қызметті жүзеге асыратын және оны толық қамтамсыз ететін құқытық нормативтік базаны толық түрде кеңейту басты шарт. Себебі, бұл қоғамның барлық саласын қамтиды. Келесі ерекше бір еске алатын мәселе, инновациялық қызметті жүзеге асыратын субъект мемлекет тарапынан қолдау табу қажет.
1.2 Индустриялық – инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау
Инновациялық саясаттың негізгі принциптерін қалыптастыруда қоғамның әлеуметтік-экономикалық мақсаттары есепке алынады. Мұнда қысқа, ұзақ, орта мерзімдік ішкі заңдылықтарға негізделген ғылым мен техниканың дамуы халық шаруашылығы мен есеп жүргізудің бірлігін анықтайды. Инновациялық саясатты іске асыруда өнеркәсіп, кәсіпорындар көбіне экономикалық өркениетке ұмтылуға тырысады. Жалпы мемлекетте жүргізілетін ғылыми-техникалық саясатты қалыптастырудың негізгі принциптері төмендегідей:
2 Индустриялық инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуы және нәтижелері
2.1 Индустриялық-инновациялық саясаттың алғышарттары және экономикадағы рөлі
Жоғарыда аталған проблемалардың алдын алу және жою мақсатында республика экономикасында елеулі өзгерістер орын алуда. Осы орайда Республика Президентінің Қазақстан халқына арналған Индустриялық-инновациялық дамуының бағдарламасын атап өтуге болады. Ел экономикасының әл-ауқатын арттыру және көшелі мемлекеттердің қатарынан тану үшін Қазақстанның жеделдетілген экономикалық саясатын құру қажет. Бұл жерде Қазақстаннның инновациялық даму сатысына көшуі өте орынды. ХХ ғасырдың аяғында адамзат әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа инновациялық жүйесіне көшеді. Индустриалдық өркениет үрдісінде постиндустриалдық қоғамның жаңа элементтері қалыптасады.
Инновациялық процесс-ұжым мен әкімшілік арасындағы жаңашыл шараларды пайдалану мақсатындағы біртұтас бағыттардың шығармашылық еңбегі. Ол стратегия, саясат, тәуекел секілді субъективті факторлардың жиынтығынан тұрады.
2.2 Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары
Бағдарлама мынадай қағидаттарға негізделген:
Жеке сектор мен серіктестік; инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталуы; өнеркәсіпті жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөніндегі рәсімдердің жариялылылғы мен ашықтығына бағытталған жобаларды іске асыруға мемлекеттік қаржылық және өзге де қолдау көрсету; қосылған құн тізбегін дамытуды қамтамсыз ететін салаларға мемлекеттік қолдау көрсету шараларының кешенді сипаты;тең бәсекелестік жағдайларды және салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыруды қамтамсыз ету; қандай да болсын жеке сипаттағы жеңілдіктерден және преференциялардан бас тарту; индустриялық саясаттың бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
2.3 Индустриялық – инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау
Сонымен бірге экономика мен әлеуметтік салада кешенді түрде шешілуге тиіс проблемалар баршылық. Бұл саладағы негізгі мақсат экономиканы әртараптандыру және индустриялық-инновациялық даму есебінен экономикалық өсу, өнімділікпен еңбек ету үшін жағдайлар жасау, еңбек рыногындағы белсенді саясат және халық кірісін ұлғайту, инфляцияны саналы түрде ірку, мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Одан әрі даму үшін жоғары технологиялар мен білімге, сондай-ақ жеке сектордың жаңашыл бастамаларына негізделетін инновациялық жолды таңдадық.. Негіз ретінде кластерлік әдіс алынды. Бірінші кезеңде біз өзіміз үшін мұнай-газ машиналарын жасау, тағам және тоқыма өндірісі, көліктік-логистикалық қызметтер көрсету, металлургия және құрылыс материалдары, туризм сияқты салалар басым болды. Ел экономикасының шикізаттық емес салалрдағы ұзақ мерзімді мамандандырылуын осылар айқындайды. Осыған байланысты Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында бірінші басымдық ретінде Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беру.
3 Қазақстан индустриялық – инновациялық даму жолында
3.1 Бәсекеге қабілетті тиімді экономика құру жолдары
«Инновацияны» қазақша түсінікті етіп айтатын болсақ, ол- жаңалық, жаңа зат, жаңа құбылыс, жаңа өнер, жаңа әдіс, жаңа жүйе, жаңа өндіргіш күш, жаңа өндірістік қатынас, жаңа техника деген сөз. Біздің халқымыз ежелден жаңалықты жатсынбайтын, жаңаға жаны құштар халық. Халқымыздың бойындағы осындай асыл қасиет- біздің инновациялық дамуды ұйымдстыруымыз бен жүзеге асыруымызға көптеген жеңілдіктер әкеледі. Біз еліміздің жоғары оқу орындарының басшылары мен қызметкерлері елдегі, атап айтқанда, өз оқу орнымыздағы инновациялық даму стратегиясын ғылыми да жүйелі жолға қоя білсек, оның жүзеге асуына қолайлы шарт –жағдай әзірлеп берсек болғаны. Әрі қарай, санасы азат, ойы озат, жаңалыққа жаны құштар халқымыз жалғастырып кетеді деп толық сеніммен айта аламыз.
3.2 Қостанай облысындағы индустриялық – инновациялық саясат
Қостанайда облыстағы иновациялық жобаларды қаржыландыру және жүзеге асыру мәселелері жөнінде «Қазына» орнықты даму қоры АҚ басқармасының төрағасының қатысуымен кеңес болды. Қостанай – экономикасы қарқынды дамып келе жатқан өңір. Президент алға қойып отырған міндеттің бірі кен өндіру секторының тиімділігін арттыру болып табылады. Ал, Қостанай облысындағы кен өндіру өнеркісібінің үлесі 60 пайызды құрайды.Бұл салада тек облыстық емес республикалық маңызы бар қуатты алты жоба жасалды. Мысалы, оның бірінде құрамында кемінде 90 пайыз темір бар металдандырылған өнім шығаратын зауыт, екіншісінде ферроникель өндіретін байыту комбинаты салынады, үшіншісінде алтын, мыс өндірілмек. Бұл жобалардың арқасында Қостанайда мыңдаған жұмыс орындары ашылады.Сонымен қатар, ұқсату өнеркәсібі үлесін күшейтуде экономианы дамытудың бір тетігі болмақ.
Қорытынды
Менің осы дипломдық жұмысым бойынша қаралған жалпы қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы болатын. Осы мәселе бойынша өз еліміздің, яғни Қазақстан Республикасының жаһандану кезеңіне сай экономикалық-әлеуметтік саяси дамуы жолындағы барлық мәселелер баршаның мұраты болып табылады.