Макроэкономика
Мазмұны
Кiрiспе 3
I. Макроэкономиканың пәні және әдісі 5
1.1. Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы 5
1.2. Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар 8
1.3. Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары 11
II. Макроэкономика - экономиканың негізгі бөлiгi 14
2.1. Макроэкономикалық теорияларының пайда болуы 14
2.2. Макроэкономикалыє модельдер 20
2.3. Макроэкономикалық көрсеткiштер 23
2.4. Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы 29
III. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу 32
3.1. Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу мәселелерi 32
3.2. Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары 36
Қорытынды 38
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi 40
Кiрiспе
“Мықты стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып, бiз жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен еңсере аламыз”- дейдi Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев.
Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң, жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi тербелiстерiн зерттейдi.
Макроэкономика миркоэкономикамен тiкелей байланысты. Жеке өнеркәсiптiң базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсiптiң бағаларын назардан тыс қалдырмайды. Микроэкономикада тұтынудан түсетiн табысты әр түрлi тауарларға бөлу көзделсе, макроэкономикада керiсiнше, сол екi аралықтағы өзгерiстер зерттелiнедi.
Курстық жұмыстың мақсаты, макроэкономикалық теориялардың пайда болуын, макроэкономикалық көрсеткiштердi, макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысын ашып қарастыру болып табылады.
I. Макроэкономиканың пәні және әдісі
1.1. Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Экономикалық теория ғылымының бастапқыда бір ғана құрамдас бөлігі болған – ол микроэкономика. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап кейнстік теорияның өмірге келуімен байланысты оның екінші құрамдас бөлігі пайда болды – ол макроэкономика. Осыған байланысты қазіргі уақытта, экономикалық теория микроэкономика және макроэкономика болып бөлінеді.
Экономикалық теория күрделі қоғамдық және әлеуметтік, әрі гуманитарлық ғылым болып табылады. Оның зерттеу аясында біз білетініміздей, қоғамның шектеулі мүмкіндіктер жағдайында шексіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қабылдайтын шешімдері сияқты мәселелер қаралады. Сондықтан біз экономикалық теория ғылымын микроэкономика курсын зерттеумен ғана шектеліп қоймаймыз. Сол үшін де макроэкономика курсы арқылы біз экономикалық теория деген адамзатқа қажетті үлкен ғылымды игеруді толық меңгере аламыз. Микроэкономика ғылымын және оның қалай оқытылғаны жөніндегі мәселелерді еске түсіре отырып, оған мынадай анықтама беруге тырысамыз.
1.2. Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар
Макроэкономика салыстырмалы түрде жас ғылым болып табылады, алайда жоғарыда атап өткеніміздей, экономикалық теорияның бұл бөлімінде көптеген бәсекелес мектептер мен бағыттардың пікірлері орын алатындығын мойындай келе, микроэкономикаға қарағанда макроэкономиканы зерттеудің әлдеқайда қиын және күрделі екендігін айтқанымыз жөн. Көптеген ғылыми әдебиеттерде бұл ғылымға әртүрлі анықтамалар беріледі. Сондықтанда, макроэкономикаға жоғарыда аталған анықтаманы толықтыра отырып, тағы да мынадай анықтамалар бере аламыз.
1.3. Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары
Макроэкономикалық талдаудың жалпы әдістері мен принциптеріне мыналар жатады:
- абстракциялау (экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттеу және түсіндіру үшін үлгілерді қолдану);
- индукция мен дедукция әдістерінің үйлесімділігі;
- нормативтік және позитивтік талдаудың үйлесімділігі;
- «әртүрлі тең жағдайларда» принципін қолдану;
- экономикалық агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары туралы болжамдар және т.б.
Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі - ол агрегаттау болып табылады.
II. Макроэкономика – экономиканың негізгі бөлiгi
2.1. Макроэкономикалық теорияларының пайда болуы
Кез келген адам өз қажеттiлiктерiн әрқашанда барынша толық қанағаттандыруға тырысады. Бұл қажеттiлiктердiң негiзi ақша мен байлықта емес, адамдардың өздерiнде. Сондықтан экономика - адамдар өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн шектеулi ресурстарды пайдаланғанда туындайтын таңдауларды зерттейтiн қоғамдық ғылым. Барлық ресурс бүкiл адамзаттың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жете бермейдi. Бұндай жағдайда сиректiлiк пайда болады. Сиректiлiк - кез келген адамның қажеттiлiгiн қанағаттандыруға ресурс көлемi жетпейтiн жағдай. Сондықтан да экономиканы терең зерттеу керек. Осы зерттеудегi алғашқы қадам – қандай тауарларды, қаншалықты мөлшерде өндiру керек деген сұрақтарға жауап беру. Бұл сұрақтарға жауап қазiргi экономиканың өзектi мәселелерi тиiстi жолмен шешуге зор әсерiн тигiзедi. Әдетте тиiмдiлiкке жету үшiн өндiрiстiк ресурстарды үш топқа бөлiп қарастырады. Олар: еңбек, капитал, табиғи ресурстар.
2.2. Макроэкономикалыє модельдер
Макроэкономика териясының негiзi ретiнде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәнi - үй шаруашылықтары мен фирмалардың берiлген экономикалық шарттардың шешiм қабылдау және сол берiлген шарттарда өзара қызметтерi арқылы қалыптастыру механизмдерi болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берiлген өлшем ретiнде қарастырылады да, негiзгi назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлi тауарлар мен қызметтер арасында бөлiнуiне аударылады. Ал макроталдауда, керiсiнше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сияқты iрi, бөлшектелмеген көрсеткiштерге аударылады.
Экономикалық үлгiлердiң қорытындылары көбiнесе болжамдар түрiнде көрсетiледi. Бұл белгiлi бiр фактiлермен расталатын немесе жоққа шығарылатын себептер мен салдардың көрiнiсi болып табылады.
Макроэкономикалық үлгi - әртүрлi экономикалық құбылыстар мен үрдiс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгi күнделiктi өмiрдiң оңайлатылған бейнесiн көрсетедi. Себебi макроэкономикалық зерттеу жүргiзуде нақты өмiрдiң барлық жақтарын бiр уақытта қарастыру мүмкiн емес. Сондықтан да бiрде-бір макроэкономикалық үлгi нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңiндегi белгiлi бiр бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейдi. Бiрақ осындай жалпылама үлгiлердiң арқасында экономикаға әсер ететiн iшкi (эндогендi) және сыртқы (экзогендi) экономикалық айнымалылардың көлемi анықталады.
2.3. Макроэкономикалық көрсеткiштер
Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себептi, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмiнiң түсiнiгi болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негiзiнде қалыптасқан.
Экономикалық статистика - бұл объективтi ақпараттың қайнар көзi. Үкiмет фирмалар мен азаматтардың экономикалық iс-әрекетi туралы, яғни белгiленген бағалардың деңгейiн және сұраныс жүйесiн, табыс мөлешерiн, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемi зерттеулер жүргзедi. Алынған деректер бойынша әртүрлi статистикалық көрсеткiштер есептелiнедi, олардың жиынтығы экономиканың қалпын, жағдайын сипаттайды.
2.4. Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы
Негiзгi макроэкономикалық тепе-теңдiк табыс пен шығынның теңдiгiн көрсетедi.
Y = C + I + G + Xn (1)
Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдiктер пайдаланылады. Инвестиция мен қор жинағының тепе-теңдiгiн төменгiдей көрсетуге болады. Талдауды жеңiлдету үшiн жабық экономиканы қарастырамыз. Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек салық та жоқ болады. Онда шығын бойынша:
III. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу
3.1. Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу мәселелерi
Негiзiнен жеке экономикалық субъектiнiң әрекетiн зерттейтiн микроэкономикадан өзгешелiгi, макроэкономикада ұлттық шаруашылықтың барлық қатысушыларының бiрлескен экономикалық қызметiнiң нәтижелерi мен зардаптары бiр уақытта зерттеледi.
Макроэкономика экономикаға тән жалпы құбылыстарды (инфляция, экономикалық өсу, жұмыссыздық) зертейдi. Экономикалық талдаудың мәнi ұлттық шаруашылық дамуының қалыптасу теориясын әзiрлеу болып табылады. Соңғының негiзiнде макроэкономикалық саясаттың құралдары қалыптасады оған қазынагерлiк, несие-ақша саясаты, табыс саясаты және сыртқы экономикалық саясат жатады.
3.2. Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары
Экономикалық даму - әлемнiң барлық елдерiнiң алдында тұрған басты проблема. Германия және Жапонияның Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi даму тарихы олардың экономикасының түгелдей дерлiк қирағанын көрсетедi. Қазiр осы елдер тұрақты экономикалық дамудың үлгiсi болып отыр.
Экономикалық өсу - бұл ұлттық өнiмнiң сандық көбеюi және сапалық тұрғыда жетiлуi.
Әрбiр елдiң үкiметi экономикалық өсу қарқынын iшкi ақша жинауды және инвестицияларды көтермелеу, шетел инвесторларын тарту, меншiк құқықтарын сақтау және т.б. жолдармен арттыруға ұмтылады. Капиталдың шоғырлануы оны табыстылығының төмендеумен қосарлана жүредi. Басқаша айтқанда, экономика неғұрлым көп капиталға ие болса, ол алға қарай аз қайтарыммен өседi. Сондықтан жиналған ақша үлесiнiң көбеюi алғашқы кезде жылдамдырақ дамуыға әкеледi де содан кейiн экономика капитал мен еңбек өнiмдiлiгi артуының ең жоғары деңгейiнежеткенде баяулай бастайды.
Экономикалық дамудың типтерi:
“Қазақстан-2030” стратегиясында көрсетiлгендей, республиканың гулденуiн қамтамасыз етуде ұзақ мерзiмдегi басымдылықтардың арасында “жоғары деңгейдегi шетел инвестициялары мен iшкi жиналған ақшасы бар ашық экономикаға негiзделген экономикалық өсу” ерекше маңызды болып саналады. Қазақстанда экономикалық өсу келесi мiндеттердi жүзеге асырумен тығыз байланысты:
Қорытынды
Қорыта айтқанда, жалпы экономика ғылымы екi басты бөлiмнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтiк агенттiктер сияқты шағын бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн экономиканың білiм. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секiлдi iрi масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтiн бөлiгi.
Макроэкономика экономиканы бiр үлкен бүтiн құбылыс ретiнде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп жалпылай қарастырады.
Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi:
1. Назарбаев Н. Қазақстан 2030: Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы: Бiлiм, 1997.
2. Мамыров Н. Макроэкономика. Алматы. 2003ж.
3. Крымова В. Экономикалық теория. Алматы. 2003ж.
4. Жүнiсов Б. Нарықтық экономика негiздерi. Алматы. 1994
5. Қазақстан экономикасын реттеу стратегиясы: ХХI ғасырға көзқарас. Алматы. 2000ж.
6. Дорнбуш Р. Макроэкономика. Алматы. 1997ж.
7.Мәдешев Б. Нарық экономикаға кiрiспе.- Алматы, 1993ж.
8. Нүрпейiсов Ж. Экономикалық теория негiздерi, Ақмола.1996ж.
9. Ермаков В. Қазақстан қазiргi дүние әлемiнде, Алматы. 2002ж.
10.Досмағанбетов Н. С. Оқу – әдістемелік кешен. АСТАНА .2009ж
11.Экономикалық саясат. Алматы. 2002ж.
12.Алшанов Р. Қазақстан және даму үрiсi. Алматы.2003ж.
13.Сәбден О. ХХI ғасырға қандай экономикамен кiремiз. Алматы. 1997ж.
14. Жалпы экономикалық теория. Жауапты ред. Шеденов І. Алматы,2002.