Экологиялық проблемалардың экономикалық аспектілері
Жоспар
Кіріспе 3
1 Экология ғылымы және оның міндеттері 5
2 Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы 7
3 Ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері 9
4 Қазақстанның экологиялық проблемалары 14
5 Қазақстанның экологиялық апат аймақтары 17
6 Қоршаған ортаның экологиясын бақылау 20
6.1 Өндіріс экологиясы 22
6.2 Агроэкология 27
6.3 Қала экологиясы 29
6.4 Қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық проблемаларды шешу жолдары 32
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер 38
Кіріспе
Мен бұл рефератымның тақырыбын «Экологиялық проблемалардың экономикалық аспектілері» деп алдым. Яғни, мен қазіргі кезде дүниежүзілік бүкіл адамзатты толғандырып отырған ғаламдық проблема экологиялық мәселелер деп айтар едім. Біз бүкіл дүниежүзінің проблемасын қозғамағанның өзінде, өз еліміз Қазақстанның да экологиялық жағдайы адам қызығарлықтай мәз емес. Сондықтан мен бұл жұмысымда Қазақстанның экологиялық проблемаларын, апат аймақтарын, сонымен қатар оны экологиялық жүйеде шешу жолдарын басты назарға ала отырып жаздым.
1 Экология ғылымы және оның міндеттері
Қазіргі кездегі кез келген аймақтарда таралған тірі ағзалар ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан және олар өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделген. Тірі ағзалар өзара және айналадағы табиғи орта жағдайларымен үнемі қарым-қатынаста, әрі өзара тығыз байланыста болады. Оны ғылым тілінде экологиялық немесе тепе-теңдік құбылысы деп атайды.
2 Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы
Экология биология ғылымының бір саласы ретінде ғасырдың орта шенінде айқындалғанымен, жеке ғылым ретінде сол ғасырдың соңында ғана қалыптаса бастады. Әйтсе де, алғашқы экологиялық зерттеудің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық бейімделушіліктерді, олардың табиғи ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырған.
3 Ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері
Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.
4 Қазақстанның экологиялық проблемалары
Адамның өміріне, тіршілігіне қоршаған орта әр уақытта да әсер етіп отырады. Қоршаған ортаны қорғау, жақсарту оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану қазіргі кезде ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу жыл сайын қиындай түсуде. Себебі, қалалардың, өнеркәсіптің өсуі, электр қуатының қарқынды өндірілуі, ауыл шаруашылығының индустрияландыру мен химияландыру, химия өнеркәсібінің дамуы қоршаған ортаға өз әсерлерін тигізуде.
5 Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
Республикамыздың аумағында кездесетін мол табиғат ресурстары тиімді және тиімсіз жолдармен игеріліп келеді. Әсіресе қазба байлықтарды өндіру мен өңдеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндірісінде кен қазғанда табиғат орасан зор зардап шегеді. Оның үстіне еліміздегі полигондар орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға болады.
6 Қоршаған ортаның экологиясын бақылау
Жер бетінде экологиялық жағдайдың шиеленсуі бізді қоршаған табиғи ортаға сапасына күнделікті бақылау жасауды қажет етеді. Әсіресе елді мекендерде ауа, су, азық-түлік құрамын бақылап отыру бүгінгі күннің талабы. Ол үшін, бәз өзіміз тіршілік етіп отырған аумақтың немен ластанып жатқанын алдын ала бақылап, біліп отыруымыз қажет. Міне,осы проблеманы мониторингтік бақылау жүйесі жүзеге асырылады.
6.1 Өндіріс экологиясы
Табиғаттағы жылдар бойы қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуы ХХІғасырда бұрын-соңды болмаған деңгеіне жетті. Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы, зауыттардың көптеп салыеуы, 1954жылдары басталған тың және тыңайған жерлерді игеру, қазақ жеріндегі сынақ алаңдары жетістігімен қатар апатын да ала келді.
6.2 Агроэкология
Агроэкология ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруды, негізінен агроөнеркәсіптік бірлестіктерді құруды, ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының ауру қоздырғыштарымен және зиянкестермен күресуді зерттейтін қолданбалы экологияның бөлімі.
6.3 Қала экологиясы
Қалалардың саны мен олардың тұрғындарының тез өсуіне байланысты экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Латынша “urbs”-“қала” деген сөз ертеден болғанымен, “урбанизм” немесе “урбанизация” түсінігі соңғы жылдары жиі қолданыла бастады.
6.4 Қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық проблемаларды шешу жолдары
Жер шарындағы экологиялық жағдай күннен-күнге шиеленісе түсуде. Бұрын-соңды болмаған саяси-әлеуметтік, экономикалық даму үрдістерінен қоғам өзіне ыңғайлы бағыттарын таңдап, тығырықтан шығу жолын іздестіруде. Дүниежүзілік өркениетті елдер арасындағы сауда саттық қарым қатынастарының артуы мемлекеттік экологиялық сараптауды күшейтуді қажет етіп отыр. Көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тазалығына сараптама жасау 1980жылдан бастап-ақ қолға алынған. Өйткені химиялық тыңайтқыштар арқылы алынған өнімдер әлдеқайда арзан, ал таза өнімдердің бағасы жоғары болып келеді. Мұндай экологиялық сараптау-адамдардың денсаулығына тигізетін әсеріне жасалған «қорытынды» деп түсіну керек.
Қорытынды
Сонымен қорыта келгенде, экология дегеніміз-(грекше oicos-үй, мекен, тұрақ, logos-ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Экология-тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми-техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып, аясы кеңейе түсуде. Шынында да экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Соңғы жылдары экология кешенді ғылым ретінде дамып келеді. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын-алу мәселелерін қарастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ж.Ж.Жатқанбаев. «Экология негіздері» Оқулық. Алматы, 2003жыл
2. Асқарова Ұ.Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы, 2008жыл
3. Мұқаұлы. «Табиғатты пайдалану экономикасы» Алматы, 1999жыл
4. Ә.Бейсенова, Ж.Шілдебаев. «Экология» Алматы, 2005жыл