Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: История и теория кооперативного движения

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 34 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Әкімшілік - әміршілдік экономикалық жүйе жағдайындағы кооперативтік қозғалыс және нарықтық қатынастарға өту


Жоспар
1 Қазақ төңкерісі және кооперативтік қозғалыс тағдыры 3
2 «Әскери коммунизм» жағдайындағы кооперация 5
3 Жаңа экономикалық саясат жағдайындағы кооперация 7
4 Кооперацияны социалистік құрылысқа пайдаланудың жолдары туралы идеялық күрес 12
5 Ауыл шаруашылық кооперацияларына қатысты кооперативтік құрылыс қағидаларының бұзылуы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары 17
6 Тұтыну кооперацияларын мемлекет иелігіне алу 22
7 Кәсіпшілік кооперацияларын дамыту тәжірибесі және оны тарату 25
9 Нарықтық қатынастарға өту жағдайындағы тұтыну кооперациялары жұмысының негізгі бағыттары 30
Әдебиеттер 34

1 Қазақ төңкерісі және кооперативтік қозғалыс тағдыры
Ресейдегі екі революция (1905 – 1917 жж) аралығындағы кезеңде кооперативтік қозғалыста түбегейлі алға жылжулар болды. 1914 жылдың қарсаңында Ресей империясында 13 мың несие серіктестіктері, 6 мың ауыл шаруашылық қоғамдары мен серіктестіктері, 3 мың май айыру артельдері, 500 өндірістік және қолөнері артельдерін біріктірген кең тарамданған кооператив жүйелері өмір сүрді. Кооперация саны 10 млн.-дай адамды құрады. 9 млн.-ға жуық мүше – пайщиктері болған тұтыну және несие кооперациялары солардың ішіндегі неғұрлым белгілері болып саналады.
Империяның өз ішіндегі және халықаралық аренадағы ресей ауыл шаруашылық кооперативтерінің табысы айта қаларлықтай болды.

2 «Әскери коммунизм» жағдайындағы кооперация
«Әскери коммунизм» саясаты (1918 – 1921жж) елдің бүкіл экономикалық өмірін басқаруды орталықтандырудың күшеюімен қоса қабаттасып жүрді.
Бұл саясаттың маңызды элементтері: жер мен өнеркәсіпті мемлекет қарамағына алу, азық – түлік салғырты, жалпыға бірдей еңбек ету міндеттілігі, жеке меншік саудаға тыйым салу және т.б. болды.
«Әскери коммунизм» жылдары елдің кооперациясына түзетуге болмайтын соққы жасалды. Кооперативтердің көптеген түрлері таратылды, ал қалғандары халықты бірінші қажетті өнімдермен және тауарлармен мөлшерлі түрде жабдықтауға бейімделді.

3 Жаңа экономикалық саясат жағдайындағы кооперация
1921 жылғы наурызда болған РКП (б) Х съезі жаңа экономикалық саясат бағытын таңдады. Егер азамат соғысы жылдары іс –қимыл жасаудың әкімшілік әдістері қолданылса, НЭП-ке өтумен байланысты іс – қимыл жасаудың экономикалық тұтқалары кең түрде қолданыла бастады. Сауда, қаржы, несие , шаруашылық есеп, пайда, материалдық қызығушылық дами түсті.
Кооперацияға деген қатынас та өзгерді. Азық – түлік салығы туралы декрет кооперация туралы ереже мен оның еркіндігі және құқықтарының кең түрде кеңеюін тез арада қайта қарауды туғызды.

4 Кооперацияны социалистік құрылысқа пайдаланудың жолдары туралы идеялық күрес
В.И. Лениннің кооперация туралы (В.И. Лениннің кооперативтік бағдарламасы жоғарыда баяндалған) теориялық түсініктері көпшілік жағдайда 20 – шы жылдардың ортасындағы партияның тәжірибе жүзіндегі іс – қимылдарын айқындады. В.И. Лениннің жақтастары, оның ішінде Н.И. Бухарин шаруаларды бірте – бірте кооперациялау жолымен социализм құрудың лениндік жоспарынан ұстанды. Н.И. Бухариннің тұжырымдамасы жеке шаруа қожалықтарына бағдарланды. Ол, шаруаның жеке мүддесі – кооперацияға, банктердің орнықтылығына, мемлекеттің қаржылық жүйесінің тұрақтылығына әкеледі деп санады.
Н.И. Бухарин шаруалардың бүкіл жігін экономиканың жағынан нығайтудың қажеттілігі немесе ауыл шаруашылығындағы жинақталған заттар өнеркәсіп өнімдеріне деген өсе түсіп отырған сұранысты білдіреді деген қорытындыға келді. «Жалпы және тұтастай түрде, - деп атап көрсетті ол, - барлық шаруаға, оның барлық қабатына – байтындар, жинақтандар, өз шаруашылықтарыңды дамытыңдар деп кайту қажет».
Н.И. Бухарин кооперациядан деревнядағы халықтың кең қабатының мүдделеріне жауап беретін формалардың алуан түрлілігін көрді. Сондықтан да оның бұл ұстанымы «әскери коммунизм» әдісіне оралуға ұмтылғандармен оны бітіспес егеске әкелді.

5 Ауыл шаруашылық кооперацияларына қатысты кооперативтік құрылыс қағидаларының бұзылуы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары
20–шы жылдардың соңына қарай партияның басшылығымен елде қатаң бағыт ұстау етек алды. НЭП–тің жүзеге асырылуымен «әскери коммунизм» жылдарындағы сияқты басқарудың әкімшілік әдістерін барлық жерде орнықтыра бастады.
Ауыл шаруашылық өнімдерімен, оның ішінде кооперативтік өнімдермен жабдықтауға міндетті сипат берілді, бұл жайлар өндірісті кооперативтік ұйымдастыру қағидаларына мүлде қайшы келді. Әсіресе мемлекет пен кооперациялар арасындағы қалыптасқан эквиваленттік емес айырбастармен бірден күшейе түсті. Одан да сорақысы, бірлесу процесінің өзі жоспарлана бастады. Бұл – кооперациялардың барлық түрлеріне, әсіресе көпшілік жағдайда шаруаларға күш көрсету жолымен бірлесу процесі бірыңғай ұжымдастырумен алмастырылған ауыл шаруашылығы үшін әсіресе тін болды. Мәселен, бес жылдық жоспары бойынша халық шаруашылығының дамуындағы (1928–1932 жж.) колхоздардың жалпы өнімінің үлесі 1– ен 12%-ға дейін, ұсақ кооператив өнеркәсібінің үлесі 19–дан 54%-ға дейін, бөлшек тауар айналымының бірлесуі (кооперативтен) 60–ан 79%-ға дейін өсуі тиіс болды.

6 Тұтыну кооперацияларын мемлекет иелігіне алу
Біздің қоғамның өзгеріске түсуі кооперацияның ең көне түрлерінің бірі – тұтыну кооперацияларын да жаңа май өткен жоқ. 1927 жылдан 1935 жылдарға дейінгі кезеңдердегі тұтыну кооперацияларының дамуын тұтастай алғанда оның мемлекет иелігіне қарау, одан кейінгі жылдары қалалық тұтыну кооперацияларын жою арқылы кооператив негізін өрістетумен сипатталады.
Тұтыну кооперацияларының үстінен қабылданған шешімдер арқылы меншіктері алынып, оның қызмет аясы жасанды түрде тарыла түсті. Мәселен, 1933 жылы тұтыну кооперацияларынан 32 мың бөлшек сауда кәсіпорындары мен 10 мың тамақтандыру кәсіпорындары алынып және олар ОРС – тарға берілді.

7 Кәсіпшілік кооперацияларын дамыту тәжірибесі және оны тарату
50–ші жылдардың соңына қарай кәсіпшілік кооперациясы таратылды. Кәсіпшілік кооперацияларының өмір сүруі және оны тарату себептеріне соңғы жылдары жасалған талдаулар, егер оның қызметі ауыл шаруашылығы сияқты қатаң регламенттемегенде, яғни басқа кооперативтік салалармен салыстырғанда аз немесе көп мөлшерде дамитын салалар қызметі қалдырылған болса, оның шаруашылық жүргізу рөлі жоғары болған болар еді деген мәселелерге жауап береді. Кәсіпшілік кооперациясын дамыту бірнеше кезеңдерде жүргізілді.

9 Нарықтық қатынастарға өту жағдайындағы тұтыну кооперациялары жұмысының негізгі бағыттары
Тұтыну кооперациясы қала мен деревня, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы тауар айырбасын жүзеге асыратын ұйым ретінде тарихи түрде қалыптасты. Жүргізілген тоталдық мемлекет иелігіне алу саясатына қарамастан тұтыну кооперациялары біртұтас қоғамдық – шаруашылық жүйесі ретінде өзінің тұтастығын сақтап қала алды. Олар икемділік, жалғастық, нарық элементтерін пайдалана білудегі оның мүмкіндіктерін білдіретін мемлекетпен өзара қатынас қағидалары болып табылады. Оған салық салудың тұрақты жүйесін, салық төлегеннен кейін қалған пайданы өздігімен дербес пайдалану құқығы, келісімді бағалар бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу және өткізу, қайта өңделген шикізаттардан жасалған өнімдер мен тауарларға бағаны өздігімен белгілеуді жатқызуға болады.