Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Реферат

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Бейімбет Майлин (1894-1938)

Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург.

Болашақ қаламгер 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін шешесі бір байға сауыншылыққа жалданады. Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі байдың қозы-лағын бағьш, соңынан ат-арбасына делбеші болады. Сөйтіп, ол жоқшылық зардабын өзі де әбден біліп-танып, кәрі әжесі мен анасының зарлы кейістіктерінен, құдайға шағынуларынан тітіркене тұшынып өседі. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек.

Үлкен суреткер артына тамаша туындыларын қалдырды. Ол — бүгінде де қазақ оқырмандарының ең көп оқитын, қызығып оқитын жазушыларының бірі. Қазақ прозашыларының қазіргі таңдаулы саңлақтары Бейімбет Майлинді өздеріне ұстаз санайды және оның шеберлігінен үздіксіз үйренеді.
Өлеңдері мен поэмалары. Бейімбет Майлин, қазақ қаламгерлерінің көпшілігі сияқты, жазуды ақындықтан бастаған. Оның қазақ поэзиясының тарихында өзіндік орны, үлесі бар.

Медресе-Ғалиядағы шығьш тұратын қолжазба журнал— "Садақта" тұңғыш жарияланған (1912) "Мұсылмандық" деген қазақтың ескі тұрмысының кейіпсіз, кесірлі, күйінішті, күлкілі көріністерін ажуа-сықақ, мысқылмен шындыққа сай суреттей келе, кейбір қазақтардың діншілдігінің жасандылығын келемеждейді. Дін парызын орындағансып, зекетке берген көтерем тай, қотыр қойының есебіне "о дүниеде" жұмақтан бір-ақ шыққысы келетіндерді кекетіп:

Мырқымбай бейнесі. Ақын өз талантының осы ерекшелігін сүйіне сомдаған кейіпкері — Мырқымбай бейнесін, болмыс-бітімін суреттегенде молынан пайдаланады. Мырқымбай образының сәттілігі, тартымдылығы көп жағынан ақынның нақ осы мейірбан әзіл-мысқылына байланысты.

Бейімбетте қара өлең бастаған қазақ өлеңінің байырғы түрлерінің бәрі дерлік бар және Абай жасаған жаңаларының да (мысалы, "Мырқымбай" топтамасында алтыаяқ үлгісінде жазылған өлең бар) кейбірі кездеседі. Бірақ солардың бәрінен ақынның өзіндік қолтаңбасын, стильдік мәнерін айыру қиынға түспейді. Бұл ерекшелік Б. Майлин өлеңдерінде көбінесе ойға салмақ түсіріліп, сыртқы әшекей, түрлеуінен гөрі, ішкі сырына баса мән беретінінен көрінеді. Ақын поэзиясы айтайын деген ойының айқын, анықтығымен, тілінің құнарлы, суреттілігімен ерекшеленеді. Әсіресе, "Мырқымбай" топтамасынан бастап өзінше бір ұғымды стильдік сипатқа ие болған ауызекі сөйлеу мәнерін (интонациясын) бөліп атауға болады. Оған шымшыма мысқылы мен аңқаусыған әжуасы, ақжарқын күлкісі қосылғанда, шығарманы жандандырып, қызықты да тартымды етіп жібереді.

Қазақ әдебиетіне Бейімбет енгізген бұл өлең-диалог үлгісі кейінгі ірі ақындар шығармашылығында өзінің сәтті жалғасын тапты (мысалы, Ә. Тәжібаевтың "Сыр жырлары", М. Мақатаевтың "Нетер едің?" өлеңі, т.б.).
Қорыта келгенде, Б. Майлин поэзиясын Қазақ төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі жылдардағы ауыл өмірінің өзінше бір көркем кестелі шежіресі деуге болады, оның өзіне тән елеулі ерекшелігі мен тарихи мәні де осында.