Халықаралық сауданың классикалық теориялары
Жоспар
1 Халықаралық сауданың классикалық теориялары 3
1.1 Халықаралық сауданың ұлттық және халықаралық экономиканың дамуындағы мәні 3
1.2 Меркантилистік теорияның негізгі идеялары 4
1.3 Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар териясның дамуы 7
1.4 Американ экономисі М.Портер 11
1.5 Үкіметтің орны (ролі) 16
Әдебиеттер 18
1 Халықаралық сауданың классикалық теориялары
1.1 Халықаралық сауданың ұлттық және халықаралық экономиканың дамуындағы мәні
Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантелизм доктринасы болып табылады. Ерте меркантелизм ХV ғасыр соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантелистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүрді деп есептелген.
1.2 Меркантилистік теорияның негізгі идеялары
Меркантилизм - өндірістің тауарлық сипатына ерекше көңіл аудара отырып, еуропалық ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.
Меркантелистер пікірі бойынша байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы мүмкін болады және әрбәр ұлтқа басқа елдердің үстем болу үшін мықты экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін қуатты мемлекеттік машина қажет. Экономикалық жүйе олардың ол көзқарасына сәйкес үш сектордан тұрады: өндірістік сектор, ауылшаруашылық секторы және шетел отарлары. Саудаген экономикалық жүйенің пайдалы іс-әрекетінің маңызды тобы ретінде, ал еңбек – негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылады.
Елдің байлығын алтын мен күміс мөлшерімен бағаланғандықтан, сыртқы сауда меркантилистер мектебінің ойыншағ, мемлекет ұлттық позицияларын нығайту үшін мынадай шаралар жүргізу керек:
1.3 Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар териясның дамуы
Д.Рикардо ХЭҚ ерекшеліктерін атай отырып, халықаралық өзара тиімді сауда үшін А.Смит принциптерін ұстан кедергі келтірмейтінін көрсететін модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар (comparafive advantage) заңын ашты: ел өндіруде ең көп абсолютті артықшылықтарға ие тауарларға (егер ол екі тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болса) немесе аз абсолютті артықшылыққа ие емес (егер бірде-бір тауар) бойынша абсолютті артықшылығы жоқ болса) тауарлар экспортына мамандануы қажет. Ол хрестоматиялық мысал болып кеткен ағылшын матасын португалдық шарапқа айырбасын келтірген. Шарап пен матаны өндірудің абсолютті шығындары Португалияда Англиядан төмен болғанымен, айырбас нәтижесінде екі ел де пайда табады. Осы мысалдың бастапқы шарттары кесте 4 келтіріпген.
1.4 Американ экономисі М.Портер
1991 жылы американ экономисі М.Портер «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» атты зерттеуін жариялады. Бұл зерттеуде халықаралық сауданың мәселелері өте тиянақты карастырылды. Осы тәсілдің бір алғышарты: «халықаралық рынокта елдер емес, фирмалар бәсекелеседі. Бұл процестегі елдің атқаратын ролін түсіну үшін фирмалардың бәсекелік артықшылықты қалай құрып және қалай нығайтатынын түсіну қажет». Сыртқы рыноктағы табысқа жету дұрыс таңдалған бәсекелестік стратегияға байланысты.