Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау
Жоспар
Кіріспе 3
1 Лизингтің теориялық негіздері 5
1.1 Лизинг түсінігі, мәні мен маңызы 5
1.2 Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері 7
1.3 Лизингтің субьектілер үшін артықшылықтары мен кемшіліктері 12
II ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизингтік операцияларды талдау 14
2.1 Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау 14
2.2 «Алекс» ЖШС –ң шаруашылық қызметін және лизинг пайдалану тиімділігін талдау 20
III Кәсіпкерлік қызметті жандандырудағы лизингті дамыту жолдары 29
3.1 ҚР-дағы лизингтік операцияларға қатысты туындаған проблемалар және оларды шешу жолдары 29
3.2 «Алекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде лизингті пайдалануды жақсарту жолдары 30
Қорытынды 34
Пайдаланған әдебиет көздері 36
Кіріспе
Қазіргі Қазақстан жағдайында кәсіпкерлік қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселеледің бірі қаржы ресурстар жеткіліксіздігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруде қаржы институттары негізгі құралдарды уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен ұсынуда – лизинг.
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық стратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады.
1 Лизингтің теориялық негіздері
1.1 Лизинг түсінігі, мәні мен маңызы
«Лизинг» түсінігі шет ел және отандық әдебиеттерде де кәсіпкерлік қызмет тәжрибесінде де кең қолданылады . Лизинг мәнін дұрыс түсінбеудің арқасында және әр түрлі көз қарастар мен тұжырымдар лизингтік қатынас жұмысына кері әсерін тигізіп отыр. Лизингтің қаржы-каммерцияалық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Жобамен қазіргі экономикалық, қаржылық әдебиеттерде 100-ден астам анықтамалары бар. Ол анықтамаларды талдай отырып, біз лизингті тар және кең мағынада түсіндіре аламыз, келесі белгілеріне сүйеніп: лизинг келісім шарттарының экономикалық-құқықтық мазмұны, келісім мерзімі, лизинг келісімінің обькетілер шеңбері, келісім шартқа қатысушылардың саны мен құрамы.
1.2 Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері
Лизинг түрлерінің жіктелуі отандық және шет елдік тәжрибе мен теорияда айтарлықтай салмақты зерттеліп жатыр. Лизинг түрлерін көрсеткенде оның жіктелу белгілеріне сүйенеміз.
Жіктемелік белгілеріне жататындар:
- қатысушылар келісімге құрамы
- лизингке берілетін мүлік түрі
- оның өтімділік деңгейі
- амортизация жағдайы
- қызмет көрсету көлемі
- операция өтететін нарық секторы
- салықтық және амортизациялық жеңілдік қатынасы
- лизингтік төлемдер сипаты
Қазақстан заңдық актілеріне сәйкес лизингтің негізгі екі түрі көрсетілген: ішкі және халықаралық.
1.3 Лизингтің субьектілер үшін артықшылықтары мен кемшіліктері
Лизинг - барлық лизингтік қатынасқа қатысушыларға өзекті мәселе, яғни олар: құрал жабдықты алушы, инвестор, лизингтік компания, мемлекетке (экономиканың басымды саласына инвестиция салу мәселесі бойынша) және банкке (лизинг нәтижесінде ұзақ мерзімді, тұрақты кіріс алу мәселесі бойынша).
Лизинг артықшылықтары негізінен қазіргі елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты маңыздылығы келесі мәселелерде айқындалады:
II ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизингтік операцияларды талдау
2.1 Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау
Қазақстанда лизингтің қалыптасуы мен дамуының 15 жылдық тарихы бар. Оны біз келесі этаптарға бөліп көрсетуімізге болады.
Бірінші этап (1989-1992). Ішкі нарықта лизингтің туылуы. Бұл кезде көптеген лизингтік компаниялар құрылды. Олар бір реттік тәртіппен көп көлемде лизингтік операциялар жасады. Олар «КРАМДС – лизинг» 1989ж., «Казтех лизинг» 1990ж., «Инвестлизинг» , «Техника Лизинг», Туран банктің еншілес кәсіпорны «Туранлизинг» 1991ж. және т.б.
Атап кететін жайт Қазақстан лизингінің дамуы европа құрылымымен ұқсас. Европадағы сияқты Қазақстанның да алғашқы лизинг компаниялары жобаларды қаржыландыруға артық қаражаттары бар банктерде құрылды. 1992 жылдың орта кезінде Қазақстанда коммерциялық банк құрамында 120 лизингтік компания және 20-ға жуық лизиг фирмалары жұмыс жасады.
Олар келесі бағыттар бойынша лизингтік қызмет көрсетті:
III Кәсіпкерлік қызметті жандандырудағы лизингті дамыту жолдары
3.1 ҚР-дағы лизингтік операцияларға қатысты туындаған проблемалар және оларды шешу жолдары
Лизингтік қызмет нарығында шешімін таппай жатқан мәселелер бар. 2004 жылы лизингке берілген мүліктердің құрылымында өндірістік құрал жабдықтардың үлесі өскен. Бұл өсім импорталған құрал жабдықтарға қосымша құн салығын төмендетуіне байланысты. Лизингтік компания жетекшілері айтуы бойынша импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын мүліктердің тізімінде қазақстанда қажетті позициялардың барлығы қамтылмаған, яғни шектеулі. Келесі басты мәселелердің бірі әсіресе шағын шаруа қожалықтары үшін сублизингтің дамуы.
«Қаржылық лизинг» туралы заңда сублизингті қаржылық лизингтің бір түрі ретінде нақты көрсетілген. Бірақта қаржылық лизингтің салық заңдарының формалары толығымен сублизингті қамтымайды және оның дамуын қолдамайды.