Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Реферат

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Дина Нүрпейісова

Дина Нүрпейісова – қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлерінің бірі. Оның есімі Қазақстанның түкпір-түкпіріне, тіптен Одақ көлеміне де кеңінен мәлім. Халық Динаны күйлері ел арасына кең тараған дәулескер күйші әрі тамаша домбырашы ретінде біледі. Улы Құрманғазының қадірлі шәкірті, лайықты мұрагері Дина музыканттардың жаңа жас буынына халықтың аспаптық творчествосының тамаша дәстүрін табыс еткен ғажайып дарын.
Дина 1861 жылы қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданында кедей шаруаның семьясында дүниеге келді. Оның бойына музыкаға деген құштарлық, ынта-ықылас домбыраны жап-жақсы тартқан өз әкесінен дариды.

Батыс Қазақстан күйлерінің композициялық дәстүрінде, баяндау мәнерінде шығарылған бұл күй қалың бұқараның аяулы арманы мен жарқын болашағын меңзейді. Басқа авторлардың осы оқиғаға арналған күйлеріндегі ауыр азапты, қайғы-қасіретті бейнелейтін сарындар Дина күйінде ыза-кекті, мойымас қайсарлықты, қарсылықты білдіретін арқаумен өтеді. «Он алтыншы жыл» күйінде халықты кескілескен күреске, қарсылыққа шақырған ерлік пен қаһармандық рух басым.

Өзіндік жеке-дара қасиетімен, творчестволық ой-қиялының алапат күшімен және өзіне ғана тән жарқын музыкалық стилімен Дина халық музыкасының көп шығармасына жаңаша мән-мазмұн, соны үн-бояу қосып, алуан түрлі реңде байыта отырып, әр күйді өзінше орындайатын.
Дина Нұрпейісованың репертуары өзінің төл шығармаларымен бірге халық музыкасының, ұлы ұстазының күйлерін түгел қамтыды. Динаның орындауында Құрманғазының «Төремұрат», «Қайран шешем», «Серпер» күйлері ерекше жігерімен, өзгеше динамикалық күшімен ерекшеленеді. Тамаша халық композиторының күйлеріне тән батыл бастама, тасқын атқан жігер-күшті Дина толыққанды түрде үлкен шеберлікпен суреттей алды.
Дина домбыра ойнаудың барлық әдіс-тәсілдерін түгел меңгерген суреткер десек, асырып айтқандық емес. Оның орындаушылық өнері қашанда асқақ шабыттылығымен, үн-бояуымен тыңдаушысын еріксіз баурап алатын.