Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

ҚХДР-дағы қазақтардың тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы


Жоспар
1 ҚХДР-дағы қазақтардың тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы 3
1.1 Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы 3
1.2 Қытай қазақтары тіліндегі диалектілік фразеологизмдердің лексикалық құрылымы 6
1.3 Дауыссыз дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер: 15

1 ҚХДР-дағы қазақтардың тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы
1.1 Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы
Әлеуметтік тұрғыдан тілді зерттеуші белгілі ғалым Б.Хасанов шетелдерде шоғырланған қазақтардың тілін, өмірін зерттеу қазақ тіл білімі үшін ғана емес, дүниежүзі әлеуметтік лингвистикасы үшін мені зор екенін атай келе, былай дейді: «Жер жаһанның 40 елінде қоныс тепкен қазақтың «қазақ» болып қалуынын бірден-бір куәсі - оның сақталған тілі. Бұған дәлел сол - оның ана тілінің көптеген елдерде қазақ өмірінің төрт негізгі саласында, атап айтқанда, тұрмыста, қоғамдық өмір мен көркем шығармашылық, ауыз әдебиеті саласында тиянақты қолданылуы» /4, 250-б./.

1.2 Қытай қазақтары тіліндегі диалектілік фразеологизмдердің лексикалық құрылымы
Қытай қазақтары тіліндегі қолданылып жүрген ДФ-тердің табиғатын түсіну үшін оның лексикалық құрылымына көңіл бөлуіміз керек. 1.Қытай қазақтары тіліндегі жалпы халықтық лексикадан жасалған диалектілік фразеологизмдердің бірқатары әдеби тілде де кездеседі. Алайда, бұл аймақта ол тіркестердің құрамы түрлі лексика - семантикалық өзгеріске ұшыраған. Мұндай фразеологизмдердің көбі сол тұрғылықты халықтың жергілікті әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктеріне сай жасалғандығы байқалады.

1.3 Дауыссыз дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер:
Қазақ тілі говорларының фонетикалық жүйесінде кездесетін қатаң дыбыстың ұянға (к>ғ, к>г, п>б, с>ш) және ызың дауыссызына, үнділердің үндіге (н>ң), тіс дыбыстарына (з>с), үндінің ұяңға (л>д) алмасуы тәрізді дыбыстық ерекшеліктер Ауғ., Ир. қазақтары тіліне тән құбылыс болып саналады. Бірақ бұлардағы айырмашылық тек қолданылатын сөз санына (аз,көп) ғана байланысты. Ол айырма осы құбылысты қамтитын сөздердің біреуінде мол, екіншісінде аздығына байланысты.