Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны
Азаматтық қоғам және саяси жүйе. Билік және оның көрінісі. Қоғам өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, құқықтық жүйелер жиынтығы ретінде. Қоғамның саяси жүйесі – құқық және өзге де әлеуметтік нормалар негізінде тәртіпке келтірілген, белгілі бір елдің саяси өмірін қамтамасыз ететін және саяси билікті жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы.
«Саяси жүйе» түсінігі саяси процесстердің қалай реттелетіндігін, саяси биліктің қалай қалыптасатындығын және қызмет ететіндігін көрсетеді. Бұл саяси әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың механизмі. Билік және оған қатынас әртүрлі әлеуметтік институттардың саяси функциясын сипаттайды. Билік, егеменділік, тұлға бостандығы тәріздес қоғам өмірінің аймағы көптеген адамдардың мүддесін қозғайды да, саяси аймаққа айналады. Осы тұста кешенді алынған адамдардың үлкен тобының билікті, егемендікті, тұлға бостандығын қамтамасыз етуді, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану барысы бойынша қатынасы саяси сипатқа ауысады.
Қоғамның саяси жүйесі мынандай қызмет атқарады:
Қоғамның кез келген жүйесі, соның ішінде саяси жүйе өзара әрекеттестікте болатын көптеген элементтерден құралады. Құрамдас бөліктердің өзара бірлігі жаңа сапа тудырады. Саяси жүйенің құрылымы деп оның элементтері мен олардың арасындағы байланысты айтамыз. Саяси жүйенің келесі компоненттері танылған:
Саяси жүйеде қоғамның саяси өмірінің маңызды әлеуметтік институты саяси партиялар расында үлкен роль атқарады. Саяси партиялар - өздерінің негізгі мүдделерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану мақсатын көздейтін идеологиялық және ұйымдық біріккен адамдардың ерікті қауымдастығы. Партияларды парламенттік - билікті демократиялық жолдармен, парламент жұмысына қатысу арқылы жеңіп алуды мақсат ететін және билікті күшпен басып алуды, қоғамдық құрылымды күштеп өзгерту міндетін қоятын партиялар деп ажыратуға болады.
Саяси жүйелер тарихында мемлекет пен дін қатынасы туралы мәселе ерекше орнымен танылған. Тарих теократиялық (діни) және зиялы, жаугер-атеистік және конфессиялық-плюралистік мемлекеттермен, соған сәйкес саяси жүйелермен таныс.