Рыноктық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі
Жоспар
Кіріспе 3
1 Рыноктық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі 4
1 Рыноктық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі 4
1.1 Рынокқа өту жағдайындағы саясат пен экономика 4
1.1.1 Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы 7
1.1.2 Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі 10
1.1.3 Нарықты реттеу тәсілдері 11
1.2 Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі 14
1.3 Мемлекет пен заң шығарушы билік 15
1.4 Мемлекет және дағдарысқа қарсы шаралар 18
1.5 Мемлекеттік кәсіпкерлік 19
1.5.1 Шетелдік инвестициялар мен мемлекеттік реттеу 20
1.5.2 Рыноктық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері 20
1.5.3 Рыноктық құрылымды қалыптастыру 21
Пайдаланылған әдебиеттер 23
Кіріспе
Өтпелі кезең экономикасындағы мемлекеттің ролін жаңаша ойластыру қажет. Бұл кезде мемлекеттің экономикалық сфераларға тікелей араласуы кеміп, бірте-бірте жанама реттеумен алмастыратыны айқын. Расында, әрбір кәсіпорынға жоспар белгілеп берудің қажеттігі жоқ. Мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарының өкілдіктерін кеңейтіп, оларға дербестік берген, мемлекет өзіне тән іс – дамудың стратегиясын анықтаумен шұғылдануға мол мүмкіндік алатыны тәжірибеден белгілі.
1 Рыноктық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі
1.1 Рынокқа өту жағдайындағы саясат пен экономика
Рынокқа өту процесіне жоғары серпін беру үшін қандай да негізгі шараларды орынлдау керек ? Білетініміз, бұл жол жеңіл емес, өтпелі кезеңнің ауырпатылқтарын жеңу де оңайға түспейді.Реформалар үшін терең ойластырылған және ғылыми негізделген іс-әрекеттің өте қажеттілігін, оған шешімділік пен табандылықтың керектігін өткен жылдар тәжірибесі көрсетті. Өтпелі кезеңде пайда болатын жаңа заңдар, ең алдымен осы уақытта дейінгі қоғам жинақтаған жақсы тәжирибені, нақты бекіген, өміршең қатынастарды (адамдар, ұйымдар, мекемелер арасында) қорытындылау қажет, содан кейін ғана жаңа қатынастарды орнықтыра бастану керек. Өтпелі кезеңді бастан көшіре отырып, белгілі нақыл сөзді естен шығармау маңызды: «Қирату (бұзу, жаңадан жасау емес)».
1.1.1 Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы
Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым жасайды. Мұның өзі кестелік түрде көрсетілген.
1.1.2 Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі
Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықтық қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Шаруашылық байланыстарын интернационализациялау мемлекеттің экономиканы реттеудегі ролін күшейтуге объективті жағдайлар жасайды. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа сызылған эволюцияның жемісі, бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды. Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері мен тәсілдерін жасауда дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар, әсіресе 1929-1933жылғы «ұлы депрессия» аталған әлемдік экономикалық дағдарыс ерекше роль атқарды. Бұл жағдайда мемлекет өзіне бірқатар қызметті алуға мәжбүр болды, сөйтіп нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуының оңтайланған шекараларын іздеді.
1.1.3 Нарықты реттеу тәсілдері
Нарықты реттеу тәсілдері – бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеудің мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеу өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.
Салғырттықтың методологиясына негізден шаруашылық жүйесінен бұрынғы Одақтың бас тартуы, экономиканы реттеу тәсілінің мағынасын түбегейлі өзгертеді. Себебі нарықтың құрылуы жаңа өндірістік қатынастарға көшуді байқатады: халық шаруашылығын басқарудың вертикальды құрылымынан бас тарту, оны горизонтальды құрылыммен ауыстыру. Нарық мемлекетпен, кәсіпорын, тауар өндірушілермен де реттелуі әбден мүмкін.
1.2 Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі
Өтпелі кезең экономикасындағы мемлекеттің ролін жаңаша ойластыру қажет. Бұл кезде мемлекеттің экономикалық сфераларға тікелей араласуы кеміп, бірте-бірте жанама реттеумен алмастырылатыны айқын. Расында, әрбір кәсіпорынға жоспар белгілеп берудің қажеттілігі жоқ. Мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарының өкілдіктерін кеңейтіп, оларға дербестік берген, мемлекет өзіне тән іс – дамудың стратегиясын анықтаумен шұғылдануға мол мүмкіндік алатыны тәжірибеден белгілі.
1.3 Мемлекет пен заң шығарушы билік
Мемлекеттің заң шығарушылық функциясы қоғамның қалыпты өмір сүруіне көмектесіп, заңдардың баптарымен жұмыс істеу механизмін жасап шығаруды қалыптастырады. Бұл көрер көзге жеңіл іс емес, өйткені заңдарды жасайтын, қабылдайтын және орындайтын адамдар өздерінің көзқарастарын көптеген позициялар бойынша өзгерту тиіс. Сонымен қатар қоғам өмірінде кездесетін өзгерістерге байланысты заңдарда мүмкін болатын тенденцияларды алдын-ала болжай білу қажеттілігін ескерту қажет. Оған қоса бар деп айту психологиясынан неғұрлым тезірек арылу жөн болар еді. Тиянақты жасалған заңдар нарықтың күшті реттеушісі. Олар нарықтағы «ойын тәртібін» белгілеп, жабайы нарықты өркениетті нарыққа айналдырады.
Қалыпты жұмыс істейтін нарықтық шаруашылық құқытық реттеу жұмыстарына мыналар жатады:
1.5 Мемлекеттік кәсіпкерлік
Мемлекеттің кәсіпкерлік іс - қызметіне оның толық не жартылай қатысуымен атқарылатын экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі нысандары кіреді. Олардың арасынан, мемлекеттік меншікті, жекелеген кәсіпорындар қызметіне мемлекет капиталының қатысуын, мемлекет мүддесін жүзеге асырудың басқа да формалары мен тәсілдерін бөліп көрсетуге болады.
1.5.2 Рыноктық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері
Қоғамдық өзгерістер қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Ол үшін түбірлі экономикалық реформалар мен эксперименттер жүргізу уақыт талабы. Сондықтан әлеуметтік экономикалық жағдайды күрт жақсарту үшін ұйымдастыру мен басқарудың жаңа тәсілі қажет. Шынында, егер өте үлкен елде, табиғи және еңбек ресурстарының өте зор қоры мен жоғары интеллектуалды потенциалы болып, бірақ керекті нәтижелері болмас, оның себебін қоғамдық жүйенің өзінен іздеу керек. Осылайша объективті жағдайлардың, адамдар санасына ықпалы өте үлкен болғандықтан, өмір сүріп отырған қоғамдық жүйені өзгертуге қолайлы мүмкіндіктер туды.