Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар


Жоспар
1 Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар 3
1.2 Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптар 5
1.3 Ұйымның есеп саясаты 6
Әдебиеттер 12

1 Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау,құндық өлшеу ағымдағы топтау мен шаруашылық қызметінің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін жинақтап топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құру барысында бұйрық және жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керектігін көрсетеді.
Бұл бекітілген құжаттардың қатарына мыналар жатады:

1.2 Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптар
Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік қорытынды есебі мынадай негізгі талаптарға жауап беру керек: сенімділікке, тұтастыққа, тізбектілікке, салыстырымдылыққа, есепті кезеңге және рәсімделуге.
Сенімділік дегеніміз бұл бухгалтерлік қорытынды есептің сенімді және толық түрде кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын таныстырытын шаруашылық қызметтегі қаржылық нәтижелері болып табылады. Сенімді бухгалтерлік қорытынды есеп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебі стандарттарына, сондай-ақ белгіленген нормативті актілермен ережелерге сәйкес жасалады.

1.3 Ұйымның есеп саясаты
1- бухгалтерлік есеп стандартында есеп саясаты жинақталған тәсілдер болып басқарушының қабылдайтын субъектілерін, олардың принциптері негізіне сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігінің ашылуына енгізу. Есеп саясатының мақсаты болып: ұйымның бухгалтерлік есебінің шынайы енгізілуіне қамтамасыз ететін әдістерді жасау; банктің қаржы-шаруашылық қызметі жайлы толық және нақты ақпаратты құрумен қамтамасыз ету; бұл ақпаратқа қызығушылық танытқан пайдаланушыларға қамтамасыз ету; ішкі бақылау жүйесін жасау.