Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыстық құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 40 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың нақты түрлері


Жоспар
1 Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың нақты түрлері 3
1.1.1 Терроризм (233-бап) 3
1.1.2 Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру (233-1-бап) 5
1.1.3 Адамды кепілге алу (234-бап) 6
1.1.4 Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастық-қа қатысу (235-бап) 7
1.1.5 Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап) 9
1.1.6 Бандитизм (237-бап) 9
1.1.7 Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-бап) 11
1.1.8 Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты қолға түсіру (239-бап) 13
1.1.9 Теңіз қарақшылығы (240-бап) 14
1.1.10 Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (242-бап) 15
1.1.11 Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау (243-бап) 16
1.1.12Атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (244-бап) 17
1.1.13 Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (245-бап) 18
1.1.14 Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу (246-бап) 19
1.1.15 Радиоактивті материалдарымен заңсыз жұмыс істеу ережелерін бұзу (247бап) 21
1.1.16 Радиоактивті материалдарды талан-таражға салу немесе қорқытып алу (248 бап) 22
1.1.17 Радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу (249-бап) 23
1.1.18 Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап) 24
1.1.19 Айналысатын алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап) қылмысының тікелей объектісі-қоғамдық қауіпсіздік. 24
1.1.20 Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (251-бап) 25
1.1.21 Қаруды заңсыз жасау (252-бап) 28
1.1.22 Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (253-бап) 29
1.1.23 Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (254-бап) 30
1.1.24 Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен қару құрылғыларын талан-таражға салу не қорқытып алу (255-бап) 31
1.1.25 Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (256-бап) 32
1.1.26 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап) 32
1.1.27 Бұзақылық (257-бап) 34
1.1.28 Тағылық (258-бап) 37
Әдебиеттер 39

1 Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың нақты түрлері
1.1.1 Терроризм (233-бап)
Терроризм-қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктірген екі түрлі элемент бар.Оның бірінші терроризм-мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі-терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі- қоғамдық қауіпсіздігі қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар. Азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері осы қылмыстың қосымша тікелей объектісі болады. Қылмыстық кодекстің 233-бабында көрсетілген қылмыс объективтік жағынан:

1.1.2 Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру (233-1-бап)
Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды таратқандық үшін жеке қылмыстық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі- қоғамдық қауіпсіздік. Қылмыс заты терроризмді насихаттайтын әр түрлі материалдар. Объективтік жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы:

1.1.3 Адамды кепілге алу (234-бап)
Адамды кепілге алу халықаралық маңызы бар қылмыс болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда «Адамды кепілге алуға қарсы күрес туралы» халықаралық Конвенция қабылдаған. Қылмыстың тікелей объектісі-кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады.

1.1.4 Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастық-қа қатысу (235-бап)
Көрсетілген қылмыс құрамы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне тұңғыш рет енгізіліп отыр. Ұйымдасқан қылмыс жеке адам, қоғам, мемлекет үшін аса қауіп тудыратыны жалпыға мәлім.

1.1.5 Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап)
Қылмыстық кодекстің 236-бабында «Заңсыз әскерилендірілген құрама (бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге де топ) құру, сондай-ақ ондай құраманы басқарғаны» үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстың объектісі-заңмен белгіленген әскерилендірілген құраманы ұйымдастыруды реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан мынадай белгілермен сипатталады:

1.1.6 Бандитизм (237-бап)
Бандитизм-аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілі сол, банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды. Қылмыстың тікелей объектісі-қоғамдық қауіпсіздік. Қосымша тікелей объектісі-адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай мүдделері. Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша сипатталады:

1.1.7 Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-бап)
Бұл қылмыстың мәні: Басып алғандардың босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру, оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытумен ұштасуда болып табылады. Қылмыстың тікеелей объектісі-қоғамдық қауіпсіздік. Объективтік жағынан қылмыс:

1.1.8 Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты қолға түсіру (239-бап)
Әуе, су кемесін немесе жылжымалы темір жол составын өз бетімен айдап әкету, соларды қолға түсіру арагідік көрініс беретін құбылыс. Бұл тұрғыдағы қылмыстың тікелей объектісі-қоғамдық қауіпсіздік. Көрсетілген қылмыстың қосымша тікелей объектісі-адамдардың өмірі, денсаулығы сондай-ақ меншігі болады.

1.1.9 Теңіз қарақшылығы (240-бап)
Теңіз қарақшылығы-ертеден белгілі және қауіпті қылмыстардың бірі. Қылмыстың бұл түрі үшін халықаралық құқық нормасы да жауаптылық белгіленген. Теңіз қарақшылығы (240-бап) құрамының диспозициясы әуе немесе су көлігі не жылжымалы темір жол составын айдап әкету оны немесе сондай мақсатта басып алу (239-бап) құрамына сырттай ұқсас. Қылмыстың тікелей объектісі-теңізде жүзудің халықаралық қауіпсіздігі және бөтеннің меншігі.

1.1.10 Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (242-бап)
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру көп жағдайларда адамдар арасында абыржу, тәртіпсіздік туғызады, мемлекеттік басқа да мекемелердің, кәсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу ырқын бұзады. Мұндай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тойтару үшін ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізуге мәжбүр болады. Осыған байланысты бұл қылмыстың тікелей объектісі-қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

1.1.11 Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау (243-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметіндегі жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерінің орындалуын реттейтін қоғамдық қатынастар.Қылмыстың заты жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау үшін қажетті технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және қызмет көрсетулер болып табылады.

1.1.12Атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (244-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-атом энергетикасы объектілерін орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану қауіпсіздігі тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты атом энергетикасын өндіретін зауыттар: атом қалдықтарын көметін көмбелер, атом сұйықтарын өндіретін зауыттар, радиоактивті нәрселермен жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу институттары.

1.1.13 Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (245-бап)
Жалпыға мәлім, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу әр уақытта да адамдарға, қоршаған ортаға, жануарлар немесе өсімдіктер әлеміне белгілі бір қауіп туғызуы мүмкін. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше мән берген жөн.

1.1.14 Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу (246-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-жарылыс қаупі бар объектілердің қауіпсіздік ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қосымша тікелей объект адамдардың өмірі, денсаулығы, көлік қызметінің қауіпсіздігі және меншігі.

1.1.15 Радиоактивті материалдарымен заңсыз жұмыс істеу ережелерін бұзу (247бап)
Радиоактивті материалдарды нормативтік құқықтық және технологиялық талаптарға сай дұрыс пайдалану қоғамға, адам-затқа зор пайда келтіруі мүмкін.

1.1.18 Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап)
Кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақаты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ—дәрілерді, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдалануы мүмкін материалдар мен жабдықтарды декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттің кеден шекарасы арқылы өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілген.

1.1.19 Айналысатын алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап) қылмысының тікелей объектісі-қоғамдық қауіпсіздік.
Яғни осы көрсетілген заттармен контрабандалық әрекеттер жасау әр уақытта қоғамның қауіпсіздігіне тікелей қатер келтіреді. Осы қылмыстың заты 250-бабының диспозициясында тізбектеліп көрсетілген. Олар:

1.1.20 Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (251-бап)
Қарудың кез келген түрімен заңсыз іс-әрекеттер жасау өте қауіпті. Қарулы адам әр уақытта да орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан заң осындай заттармен айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Көрсетілген қылмыстың тікелей объектісі-қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды айналымға қауіпсіз шығаруды реттейтін қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қылмыстың заты-қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғылар, суық қару болып табылады.

1.1.21 Қаруды заңсыз жасау (252-бап)
Бұл қылмыстың заты Қылмыстық кодекстің 251-бабында көрсетілген қылмыс құрамындағыдай, сонымен бірге осы қылмыс құрамының заты болып жинақтаушы бөлшектер жатады. Қылмыстың тікелей объектісі қару түрлерінің өндірілу және айналым саласындағы қоғамдық қауіпсіздігі. Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерін заңсыз жасау немесе жөндеу, сондай-ақ оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын заңсыз жасау арқылы сипатталады.

1.1.22 Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (253-бап)
Атыс қаруын ұқыпсыз сақтаудың (қоғамға қауіптілігі сол, ұқыпсыз қалған қаруды кез келген адам (оның ішінде ақыл-есі кемдер де) пайдаланып орны толмас қайғылы қасіреттер келтірілуі мүмкін. Қылмыстың тікелей объектісі-қарумен айналысу саласындағы қоғамдық қауіпсіздік. Қылмыстың заты заңды түрде пайдаланылуға берілген қолдануға жарамды атыс қаруы болып табылады.

1.1.23 Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (254-бап)
Атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын күзету тапсырылған адамның өз міндеттерін тиісінше орындамауы, егер бұл олардың талан-таражға немесе жойылуына не өзге ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса-кінәлы адам Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша жауапқа тартылады.

1.1.24 Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен қару құрылғыларын талан-таражға салу не қорқытып алу (255-бап)
Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын талан-таражға салу не қорқытып алу жолымен иелену көп жағдайларда кісі өлтіру үшін жүзеге асырылады. Осыған орай бұл тұрғыдағы қылмыстың тікелей объектісі-қоғамдық қауіпсіздік болып табылады, ал қосымша тікелей объектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы болып табылады. Қылмыстың заты Қылмыстық Кодекстің 251-бабында көрсетілген заттармен бірдей, ұқсас заттар.

1.1.25 Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (256-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі өрт қауіпсіздігі ережелерін ресми белгілеп, реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың қосымша тікелей объектісі-адам өмірі мен денсаулығы болуы мүмкін. Қылмыстың заты болып өрт қаупін туғызатын кез келген көздер-электр энергиясы, жанар-жағар май материалдары, жарылғыш заттар, өрттің ашық өрістеуі танылады.

1.1.26 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап)
Қоғамдық тәртіпке қарсы қауіпті қылмыстардың бірі жаппай тәртіпсіздіктер болып табылады. Арандатушылар мен ұйымдастырушылардың от жағуына еліккен тәртіпсіз элементтер ең сорақы әрекеттерді жүзеге асыруы мүмкін, жаппай тәртіпсіздік объектілерді қиратумен, өртеумен, көлік, коммуникация, байланыс жүйелерінің бірқалыпты қызметін бұзумен, мүлікті жоюмен ұласып, мұның арты жаппай адам шығынына әкеліп соғуы мүмкін.

1.1.27 Бұзақылық (257-бап)
Бұзақылықтың қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, қайсыбір жағдайларда, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті құқық бұзушылық екеніне дау жоқ. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тәртіпті, адамгершілік салтты өрескел бұзатын, көбінесе себепсіз немесе болар-болмас себепті пайдаланып қоғамды мейлінше сыйламаушылықтан көрінетін, қоғамдық тәртіпке ашық қарсыласуымен, өзін айналасындағыларға қарсы қоюымен, оларға немқұрайды қарым-қатынасымен әдейі жасалған әрекеттері арқылы көрініс табады. Бұзақылық-тұрмыс салты мен қоғамдық тәртіптің бірден-бір жауы. Қылмыстың тікелей объектісі-қоғамдық тәртіп, ал қосымша объектісі-адамның денсаулығы, ар-намысы немесе меншігі болып табылады.

1.1.28 Тағылық (258-бап)
Осы бапта: «тағылық, яғни үйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын өзге де іс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру» деп оған анықтама берілген. Бұрынғы Қылмыстық кодекс бойынша мұндай әрекеттер бұзақылық деп бағаланатын. Тағылықтың бұзақылықтан өзгешелігі сол, тағылықты құрайтын қылмыс құрамының әрекеттері қоғамдық адамгершілік және эстетикалық нормаларды бұзу арқылы жүзеге асырылады, тағылық қоғамдық тәртіпті бұзумен ұштасады. Бұзақылықтың заты-бөтеннің мүлкі болса, тағылықтың заты-үйлер, өзге де ғимараттар, қоғамдық орындардағы мүлік болып табылады.