Қазіргі өндірістің факторлары мен өндірістік мүмкіндіктер
Жоспар
1 Қазіргі өндірістің факторлары мен өндірістік мүмкіндіктер 3
1.1 Өндірістің адамдық факторы 4
1.1.1 Жұмыс күші, еңбек және оның өнімділігі 4
1.2 Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адамдық фактор 5
1.3 Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті 7
1.4 Өндіріс құралдары 7
1.5 Капитал шығару, жинақтау және оның айналымы 9
1.6 Негізгі капитал, айналым капиталы және оны пайдалану көрсеткіштері 10
1.7 Өндіріс қорларын тиімді пайдалану 12
1.8 Бүгінгі күнгі өндірістің басқа факторлары 14
1.8.1 Өндірістің ұйымдық-технологиялық факторлары 14
1.9 Өндірістің ақпараттық факторы 14
1.10 Ғылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде 15
1.11 Энергетикалық фактор мен инфрақұрылым 16
1.12 Өндірістің экологиялық факторы 17
Әдебиеттер 18
1 Қазіргі өндірістің факторлары мен өндірістік мүмкіндіктер
Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс, яғни өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үрдісі қажет. Өндіріс деген ұғым қоғамдағы бір қатар элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын өндірістік күштерді білдіреді. Адамның барлық даму кезеңдеріндегі өндірістің басты факторлары жұмыс күші (жеке, немесе адамдық фактор) және өндіріс құралдары (заттық немесе материалдық фактор) болып табылады. Алайда өндірістік күштер өзгеріске ұшырап отырады. Қоғам өркендеген сайын олар үнемі дамып, жетілдіріліп отырады. Қазіргі ғылыми-техникалық революция жағдайында олардың елеулі күрделенуі байқалып отыр. Қалыпты жұмыс күшіне және өндіріс құралдарына жаңа дербес маңыздары бар элементтер мен факторлар қосылуда .
Өндіріс (жаңа заманға сәйкес) «қоғамдық үрдіс» болып табылады. Бұл дегеніміз, барлық адамдар бір-бірімен байланыста хабарласып жұмыс істейді. Мына суретте қоғамдық өндірістің негізгі сатыларын бөліп көрсетеді (сурет 1.1).
1.1 Өндірістің адамдық факторы
1.1.1 Жұмыс күші, еңбек және оның өнімділігі
Жұмыс күші дегеніміз – адамның еңбекке деген қабілеті, оның өндірісте қолданатын жеке және ойлау күшінің бірлігі. Жұмыс күші еңбек үрдісінде іске асырылады, сондықтан “жұмыс күші” және “еңбек” деген ұғымдар өндірістің адамдық ресурсы ретінде жиі байланысып жатады. Еңбекті адамдардың тұрмыстық құндылықтарды құру бойынша мақсатты бағытталған қызметі ретінде қарастыруға болады. Оның маңызды көрсеткіші еңбек өнімділігі, яғни оның өнімділігі, нәтижелілігі болып табылады. Ол: 1) еңбек бірлігіндегі өнімдер санымен немесе; 2) өнім бірлігіндегі уақыт санымен өлшенеді. Еңбек өнімділігінің артуының арқасында еңбек ресурстары үнемделеді, өндіріс арзандайды, қоғамның байлығы арта түседі. Еңбек өнімділігіне бір қатар факторлар әсер етеді (1.2 сурет).
1.2 Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адамдық фактор
Жедел дамып келе жатқан ғылыми-техникалық революция (ҒТР) экономикада үлкен өзгерістер туғызды. Оған электроника, компьютер, икемді автоматтандырылған жүйе мен басқа да жаңалықтарды енгізу ғылыми-техникалық жетістіктердің жалпы деңгейін арттыра түсті. Жаңа жағдайлардың салдарынан өндірістегі қызметкер-адамдардың рөлі мүлдем өзгереді. Ол “машина жанындағы” механикалық атқарушы болмай, технологиялық үрдістегі басты кейіпкерге – бақылаушы және реттеушіге айналады. Бұл жаңа үлгідегі қызметкерге деген қажеттілікті арттырады.Ол жоғарғы және жан-жақты білімді, кәсіби құзыреттілікті,белсенді және өз қызметіне деген жауапкершілікті арттырады (1.3 сурет).
Осындай үлгідегі қызметкерлерді қалыптастыру ел санатындағы күрделі және ұзақ үрдіс. Ол мына негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі (1.4 сурет)
1.3 Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті
Өзінің еңбекке деген қабілетін адам екі негізгі бағыт бойынша пайдалана алады: өз бизнесін ұйымдастырған кәсіпкер ретінде, не болмаса кәсіпкерлердің жалданбалы қызметкері ретінде. Өндірістегі ерекше адамдық ресурс кәсіпкерлік қабілет болып табылады. Ол адамның бизнес немесе кез-келген басқа бір жаңа істі ұйымдастыра білуі мен дайындығы болып табылады. Осы іспен байланысты барлық шығындарды, тәуекелдік пен жауапкершілікті өз мойнына алады.
1.4 Өндіріс құралдары
Келесі бір басты өндірістік фактор өндіріс құралдары болып табылады. Бұл материалдық ресурстар, заттардың екі тобын қамтиды. Біріншіден еңбек құралдары – олардың көмегімен адамдар қажетті құндылықтарды құрады (саймандар, машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар, құрылымдар және т.б.). Екіншіден, еңбек заттары – еңбек процессінде адамдар әсер ететін заттар, олар келешектегі өнімнің материалдық негізін құрайды (мұнай, кен, шикізат, материалдар және т.б.). Осылай өндіріс үрдісінде еңбектің материалдық ресурстарын құралдар мен заттарға олардың міндеті ойынша бөледі. Осы ресурстарды бөлудің тағы бір белгісі олардың шығу тегі (1.5 сурет).
1.5 Капитал шығару, жинақтау және оның айналымы
Өндірісті инвестициялау – тұрақты үдеріс. Өндірістің қайталануы мен үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, капитал салымдары бірінен соң бірі жалғасын тауып отырады. Өндірістің үзіліссіз қайталанатын үрдісі – ҰДАЙЫ ӨНДІРІС деп аталады. Ұдайы өндіріс жай (өндіріс бір мөлшерде қайталанатын жағдайда) және ұлғайтылған (ұлғайып отыратын көлемде) болады (1.8 сурет).
Жай ұдайы өндірісте өнім мөлшері әрбір келешек өндіріс цикліндеөзгеріссіз қалады. Бұл жағдайда, өнім тіпті қосымша өнім өндірілсе де, жеке тұтыну мақсатына ғана жұмсалады. Ұлғайтылған ұдайы өндіріс нәтижесінде өнімнің мөлшері әрбір өндіріс циклінде өсіп отырады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің бірден-бір көзі – қосымша өнім. өндірістің жаңа цикліне қосымша, немесе сапасы жоғары ресурстар қажет.
1.6 Негізгі капитал, айналым капиталы және оны пайдалану көрсеткіштері
Бастапқыда атап өткендей негізгі капитал (немесе негізгі қорлар) - өндірісте КӨП РЕТ қатысатын еңбек құралдары, олар біртіндеп физикалық және моральды түрде тозады (ескіреді) және бөлшектеп (тозу шамасына қарай) өз құнын өндірілген өнімнің құнына (амортизация) қарай ауыстырады. Осылай, негізгі капиталдың құныдайын өнімнің құнымен біртіндеп өтеледі. Тауар сатылғаннан кейін ол кәсіпкерге ақшалай нысанда амортизациялық аударымдар түрінде бөлшектеліп қайтарылады, олар еңбек құралдарын жөндеуге, жаңартуға және жандандыруға пайдаланылады. Ақшалай нысандағы негізгі қорлар негізгі қаражат деп аталады. Негізгі капиталдың құрылымында актив қорлар (өндіріске ткелей қатысатын – станоктар, машиналар және басқа да жабдықтар) мен пассив қорлар (өндіріс үшін қажетті жағдайлар туғызады - өндірістік ғимараттар, құрылымдар және басқа да объектілер) болады (1.9 сурет).
1.7 Өндіріс қорларын тиімді пайдалану
Әрбір кәсіпорын өз капиталының тиімді пайдалануына мүдделі. Материалдық игіліктерді өндірумен байланысты кәсіпорын пайдаланатын қандай да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Өндіріс қорларын оңтайлы пайдалану тиімділігін арттырудың үш басты бағытын бөліп айтуға болады:
1.8 Бүгінгі күнгі өндірістің басқа факторлары
1.8.1 Өндірістің ұйымдық-технологиялық факторлары
Өндірістің жұмыс күші мен құралдарынан кейін бүгінгі күнгі экономиканың маңызды факторлары ретінде өндірістің ұйымдары мен технологиясын атау керек. Солардың арқасында өндірістің жұмыс күші мен құралдарының тиімді қатынасына қол жеткізіледі. Өндірісті ұйымдастыру дегеніміз - өндірістің барлық үдерісінің бірлігі мен тәртібін қамтамасыз ететін ішкі өндірістік байланыстың белгілі бір қондырғысы. Мысалы, автомобильдер өндірісін ұйымдастыру түйіндер мен бөлшектерді жинақтайтын шикізат жабдықтаушыларымен заводтың байланысын жеңілдетеді (цехтар, учаскелер, бригадалар және т.б.)
1.9 Өндірістің ақпараттық факторы
Ақпарат дегеніміз білім, мәліметтер мен түрлі сигналдар. Қазіргі өндірісте ол маңызды және әртүрлі роль атқарады. Әсіресе, ақпарат мыналарды қамтамасыз етеді: 1) техниканың қызмет етуі (бағдарламалық басқарумен); 2) өндірістің өзінің тиімді ұйымдастырылуын және оның барысына бақылау жасау; 3) өндірістің жедел қайта құрылу мүмкіндігі; 4) қызметкерлердің білім деңгейі мен біліктілігін арттыру; 5) алдағы идеялар мен технологияларды тез тарату.
1.10 Ғылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде
Бәрімізге белгілі, ғылым дегеніміз – теориялық жүйеге салынған объективтік білім. Қазіргі ғылыми зерттеулер ағымында үш негізгі бағытты бөліп алуға болады.
1.11 Энергетикалық фактор мен инфрақұрылым
Энергия - өндіріс құралдарын қажетті қозғалысқа салатын бірден бір күш. Өндіріс әрқашанда осындай қозғалтқыш күшті керексінеді. Бірақ бастапқыда ол тек адамның өзінің немесе олар пайдаланатын жануарлардың механикалық энергиясымен қанағаттанды. Бүгінгі күнгі өндіріс күштері болса қуатты және түрлі отындық-энергиялық (ең алдымен электрлік) қамтамасыз етілуді талап етеді. Сондықтан өндірістің энергетикалық факторы маңызды және ең бастысы дербес маңызға ие болды. Энергиямен қамтамасыз ету мәселесін жеке шешпей ешқандай орта немесе ірі кәсіпорын құру мүмкін емес.
1.12 Өндірістің экологиялық факторы
Экологиялық фактор дегеніміз жалпы алғанда қорғау, сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі бар қоршаған орта мен адамның қарым-қатынасымен байланысты проблемалардың ортақ жиынтығы. Адамзат дамуында табиғат екі түрлі роль атқарады: 1) өндірістің ресурстар көзі және 2) адамдардың тұратын ортасы ретінде. Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі бірінші функция - өндіріске “қызмет ету” маңыздырақ деп санайды. Бірақ табиғат бірыңғай және оған абайсыздан шаруашылық басып ену оның ресурстарын ғана кемітіп қоймайды, сондай-ақ адамдардың тұрмыс жағдайларын, олардың денсаулықтарын әлсіретеді.
Қазіргі өндіріс табиғатпен өте кең және терең әрекет етеді, сол себепті шаруашылық практикадағы экологиялық факторды ерекше есепке алу міндетті болып саналады. Бұл әсіресе мына жағдайларда айқындалады: