Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 11 стр.

Полный просмотр работы

Райымбек батыр

Райымбек Түкеұлы (1705-1785) – жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда атамекенін жаудан азат еткен батыр әрі әулие, қолбасшы.
Батыр қазіргі Алматы облысында туған. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18-ші ғасырдың 1-ші жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанған. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түскен.

Елбасымыздың тiкелей басшылығымен өмiрге келген «Мәдени мұра» бағдарламасы тарихымызды түгендеуге айтарлықтай әсер еттi. Аңыз төңiрегiнде - ақиқат, шежiре, әңгiме астарында - шындық жатады. Ел жады - ел тарихы, тың деректiң өзi көмескi дүние, ежелгi ғасырлар сырын ашып үлкен кәдеге асатыны күмәнсiз. Егемендiк тiзгiнiн ендi ала бастаған елдiң өткенiн iздеп, өз ата-тегiне назар аударуының еш әбестiгi жоқ. Бұл ұлтымыздың өзiн-өзi танып, бiлiп, бағалауының игiлiктi бастамасы.

Райымбек батырдың басына 1976 жылы белгi қойылды. 1981 жылы белгi жаңартылып, мұсылман жамағаты зиратының басына құран оқуға келе бастады. 1995 жылы ондаған иманды азаматтар қол ұшын берiп. зәулiм кесене тұрғызылды.

Батыр атаның 300 жылдығы қарсаңында оның есiмi күллi дүниеге паш етiлдi. Зерттеушiлердiң ендiгi сүйенетiн қорытындысы осы болуы керек деп бiлемiз. Баба рухына басымызды иемiз.