Ауыл шаруашылығының қазіргі даму жағдайы және оның дамуын талдау
Жоспар
Кіріспе 3
І АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Агроөнеркәсіптік кешен және оның инфроқұрылымы 5
1.2 Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің негіздері 8
1.3 Ауыл шаруашылығы өндірісін басқару механизмдері 17
ІІ АУЫЛ ЩАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ 22
2.1 Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының даму деңгейін талдау 22
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы аграрлық сектордың жағдайы 29
III АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 42
3.1 Рынокты экономика жағдайында агробизнестің даму ерекшеліктері 42
3.2 Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі жолдары мен бағыттары 47
Қорытынды 53
Кіріспе
Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатынастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр .
Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты .
Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының стратегиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзімдік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен асырмау, халықты экологиялық азық –түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.
І АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Агроөнеркәсіптік кешен және оның инфроқұрылымы
Аграрлық өнеркәсіптік өндірістің қазіргі және болашақтағы дамуы тек ауыл шаруашылығының тікелей даму деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оған қызмет көрсететін ауыл шаруашылығының даму дәрежесімен де айқындалады, яғни ауыл шаруашылығының инфроқұрылымынада байланысты.
Агроөнеркәсіп кешенінің инфроқұрылымы дегеніміз – салалар, өндірістер, тікелей негізгі өндіріске де, өндірістен тыс (әлеуметтік) салаларға да қызмет ететін қызметтер және қызмет түрлері формасындағы өндіргіш күштер элементтерінің жиынтығы.
Агроөнеркәсіп кешен инфроқұрылымы: өндірістік, әлеуметтік және рыноктық инфрақұрылымдардан құралады.
1.2 Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің негіздері
Мемлекет ауыл шаруашылық өндірісін қолдауға және рыноктық жағдайларға бейімделуге көмек беруі қажет.
Аграрлық өндірісті мемлекеттік реттеу – бұл ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізаттарын және азық-түлік өндіруге, өңдеуге және оларды өткізуге, сондай-ақ тауар өндірушілердің өндірістік-техникалық қамтамасыз етілуіне мемлекеттің экономикалық әсері болып табылады.
Аграрлық сектордағы мемлекеттің рөлін көрсетуде С.В.Киселев «Аграрлық секторды реттеуде және қолдауда бас рөлде, нарықтық экономиканың теориясы мен практикасы тудырған реттеу тетіктерінің қолданатын мемлекет болуы қажет» деп көрсетсе, қазақстандық ғалым Ғ.Қалиев «Мемлекет - дағдарыстық жағдайлар тереңдеген өтпелі кезеңде ауыл шаруашылық өндірісін дамыту шарттарын анықтауда маңызды рөл атқарады» деп тұжырымдайды. Батыс экономикасы нарық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің үлкен тәжірибесін жинақтады, сондықтанда оларға көңіл аудару және оны үйрену бізге пайдалы болмақ. Әрине өтпелі кезеңде мемлекеттік экономиканы реттеуден бүтіндей алшақтады деп тұжырымдауға болмайды.
1.3 Ауыл шаруашылығы өндірісін басқару механизмдері
Еліміздегі нарықтық қатынастарға көшумен байланысты болған өзгерістер экономиканы басқарудың барлық жүйесіне әсер етті. Соның ішінде экономикалық, ұйымдық және әлеуметтік қатынастардан түбегейлі өзгеруіне жағдай жасады .
Ауыл шаруашылық өндірісін басқаруда ұйымдастыру механизімін жетілдіру, ауыл шаруашылық өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі ішкі және сыртқы факторлар ауыл шаруашылығы өндірісін басқару қызметіне тікелей әсер етеді, сондықтан да бұл факторларды ауыл шаруашылық өндірісін басқару жүйесін қалыптастырғанда үнемі ескеру қажет. Оған жататындар ауыл шаруашылығының табиғатпен тікелей байланыстылығы, өндірістің маусымдық сипатта болуы және ауыл шаруашылығының негізгі өндіріс құралы болып жермен тірі биологиялық организмдердің табылуы.
III АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Рынокты экономика жағдайында агробизнестің даму
ерекшеліктері
Рыноктік экономикадағы өзекті мәселелердің бірі - шағын және орта бизнесті дамытудың жолдары, оны ұйымдастыру мен басқару деңгейі болып отыр. Кәсіпкерлік қызмет елдегі жұмыссыздық мәселесін шешуде және экономиканың қарқынды дамуына әсер ететін негізгі күштің бірі.
Қазіргі кезде теориялық тұрғыдан қарағанда шағын және орта бизнесті, соның ішінде агробизнесті дамыту қажеттілігі дұрыс екендігіне көз жеткізе отырып, нақты бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Агробизнес ғылым ретінде өзінің алдына көптеген міндеттерді қояды және олардың өз кезегінде шешімін табуына теориялық тұрғыдан мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру теориялық жағынан оңай болғанымен, оны іс жүзінде жүзеге асыру күрделі процесс.
Қорытынды
Қазіргі таңда ауылшаруашылығын дамыту бірінші кезектегі мемлекеттік басымдық дәрежесіне ресми көтеріліп отыр.
Аграрлық саясаттағы дағдарыс кезеңдері және циклдық өндіріске біртіндеп тартылу аяқталды. Облыстың аграрлық азық-түлік секторында еліміздегі сияқты, тереңдете жүргізілген экономикалық реформаның нәтижесінде нақты және тиімді меншік иелері қалыптасты, ауыл шаруашылығы дамуының басымдықтары анықталды, ауылда несие серіктестігі және екінші деңгейдегі банктер арқылы жаңа қаржы-несие жүйелер істей бастады, мемлекеттік қолдау тетіктерінің және ауыл шаруашылығы өндірісін ынталандыру механизмдері жетілдірілді.