Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 77 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Ана тілі сабақтарында мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8
1.1 ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫНДА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ 8
1.2 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ МЕН МАЗМҰНЫ 15
1.3 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 30
1.4 ОҚУШЫЛАРҒА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІНІҢ «АНА ТІЛІ» ОҚУЛЫҚТАРЫНДА ҚАМТЫЛУ ЖАЙЫ 45
2 АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ 51
2.1 АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕСІ 51
2.2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ 56
2.3 АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ 61
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67
ҚОСЫМША А 69
ҚОСЫМША Ә 75
ҚОСЫМША Б 77

КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңдегі саяси және экономикалық жағдайдың шиеленісуі, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың өршуі, адамгершілік құндылықтардың кемуі білімге, адал еңбекке деген ұмтылудың азаюы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің белең алуы, жеке адамның қоғамнан, ұлттық және мәдени дәстүрлерден өзін шектеуі жас ұрпаққа теріс ықпалын тигізуде.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Халық дәстүрлері мен оның озық үлгілерінің жоғалуы, қоғамның рухани жағынан жұтаңдыққа ұшырауына, уақыт пен ұрпақ байланысының ыдырауына әкеліп соғуда. Көптеген адамдар өз тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін білмейді [l, 25].

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫНДА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
Қазіргі кезде біздің қоғамымыздың ілгерілеу үдерісінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайында адамгершілік тәрбиесінің мәні мен оның проблемалары күрделендіріп отыр.
Қоғамның тарихи даму тәжірибесі адамгершілік тәрбиесінің проблемалары үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін дәлелдейді.
Адамгершілік-қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Бірде-бір адамзат қоғамы адамгершілік тәрбиесінің тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

1.2 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Ауыз әдебиеті талай ғасыр жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері анау заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің күнімізге жеткізген.
Ауызекі халық шығармашылығында мақал-мәтелдер елеулі орын алды. «Мақал-мәтел – халықтың сан ғасырлық көрген-білгенін, бастан кешкен оқиғаларынан қорытынды ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы табиғатта, өмірде үнемі қайталанып тұратын оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан сөздің тобықтай түйіні. Әр халықтың мақал мен мәтелі – сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы, ережесі.

1.3 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар Қазақстан Республикасында жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалып отыр.
Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын- білім мен тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда реформалардың тиянақты, жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми-теориялық білімі болу керектігіне, өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды.

1.4 ОҚУШЫЛАРҒА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІНІҢ «АНА ТІЛІ» ОҚУЛЫҚТАРЫНДА ҚАМТЫЛУ ЖАЙЫ
Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасында «Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жекебас-тұлғалық адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени-рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады»,-дей отырып, Ана тілі пәнінің мазмұнында халқымызға тән әдептілік, ізеттілік, қонақжайлылық, мейірімділік, дархандық, бауырмалшылдық, қамқорлық т.б. қасиеттер табиғат пен адамды бірлікте қарастыратын ұлағатты философиялық-логикалық ой-пікірлері т.б. білім мен біліктер беретін мол материалдарды қамтуға кең мүмкіндіктің бар екені айтылған [55.89].

2 АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
2.1 АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕСІ
Мақалдарға тән ерекшеліктердің бірі – оның құрылысында. Мақалдар, көбінесе, бір сөйлемнен құралады («Кеңесті ел – кемімес», «Тіл – қылыштан өткір», «Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады» т. б.) Осындай бір сөйлем арқылы-ақ мағынасы терең, мазмұнды әңгімелерді жеткізе алады.
Мақалдардың құрылысы дыбыс үндестігі, бір дыбысты не бір сөзді қайталаушылық, сөз ұйқасымы айрықша орын алады. Мақалды бұлай етіп құру, оның мазмұнын тереңдете түсумен қатар, айтылатын негізгі ойды көркемдеп жеткізуге себепкер болады, соған көңіл аударады. «Болған іске болаттай берік бол», «Үміт – үзілмес», «Ерлік – елдің сыны», «Болған кісі болдым демес, болдым десе, болғаны емес» дегендерден дыбыс қайталаушылықтың, дыбыс үндестігінің үлгілерін көреміз.

2.2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысымның екінші кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді пайдалана отырып адамгершілік тәрбиелілігін қалыптастыру іс-әрекетін жоғарыдағы зерттеу болжамына жету мақсатында арнайы қалыптастыру эксперименті ұйымдастырылды. Кесте-4. Қалыптастыру кезеңінде 2 «А» сыныбында жүргізілген сабақтардың үлгісі.

2.3 АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ
Оқушының ана тілі сабақтарындағы мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеудегі қалыптастыру мақсатымен жүргізілген бірнеше сабақтан кейін 2 «А» эксперимент сыныбының қалыптасу деңгейін анықтадық. Ол үшін 2 «А» эксперимент және 2 «Ә» бақылау сыныптарымен қайта тәжірибе-эксперимент жұмысының соңғы кезеңінде эксперимент және бақылау топтарының оқушыларынан екінші қайтара тексеру алынды.
1.Тәрбие этикасының диагностикасы.
Нұсқау: Мұғалім оқушыларға: «Мен қазір сендерге аяқталмаған мақал-мәтел оқимын. Ал сендер ойланып барып жалғастыруларың керек».

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қоғамның тарихи даму тәжірибесі адамгершілік тәрбиесінің проблемалары үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін дәлелдейді.
Адамгершілік – қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Бірде-бір адамзат қоғамы адамгершілік тәрбиесінің тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Тарихқа көз жіберсек, қоғамдық өмірдің дамуында адамзат бойында адамгершілік ең негізгі құндылық болып келеді.