Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 66 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Абай - қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, көшбасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Абай – қазақ әдебиеті тілінің негізін қалаушы, көшбасы 7
1.1 Әдеби тіл оның даму мен қалыптасуындағы ерекшелік 7
1.2 Абай тіл тазалығы үшін күресуші 14
1.3 Абай Құнанбаев – ұлы ағартушы 22
1.4 Қазақ тілі мен орыс тілінінің лексикасын дамытудағы А. Құнанбаевтың рөлі 27
2 А. Ақын шығармашылығы – өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі 32
2.1 А.Құнанбаев шығармашылығындағы мәдениет, білім тақырыбы 32
2.2 Абайдың өлең, сөз өнері тақырыбындағы лирикасы 37
2.3 Түркілік өлең өрнегі және Абай поэзиясы 39
2.4 А.Құнанбаев шығармаларындағы нағыз адам бейнесі 43
2.5 А. Құнанбаев шығармаларында адам бойында кездесетін жағымсыз қылықтың суреттелуі 51
2.5.1 А. Құнанбаев шығармаларындағы қайғы сөзінің сипатталуы 55
2.5.2 А.Құнанбаев шығармаларындағы мақтан сөзінің сипатталуы 56
2.5.3 А. Құнанбаев шығармаларындағы жағымсыздық мәселесі 57
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 66

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жалпы Абай есімін атағанда ойымызға ҚАЗАҚ сөзінің еріксіз түсетіні белгілі. Абай өзі өмір сүрген дәуірде халқының қамын жеп өткені, Абай туындыларының алғаш бетін ашып оқығаннан-ақ байқалады.
Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озат үлгілерімен деңгейлес тұрғаны білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абайдың маңдай алды ақын болып үздік шығуы, алдына жан салмауы, әрине, оп-оңай өзінен-өзі бола қалған нәрсе емес. Ұлы ақынды заман туғызады. Абай халықтың мүддесін, тілек-талаптарын терең түсініп, өз шығармаларына өмір шындығын арқау етті.

1 Абай – қазақ әдебиеті тілінің негізін қалаушы, көшбасы
1.1 Әдеби тіл оның даму мен қалыптасуындағы ерекшелік
Сөйлеу де, жазу да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудын. дәстүрлі үлгісі болады.
Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір пышақ,
Сөз білетін адамның
Әр сөзіне бір тұзақ.
Осы мақалдын, қай кезде, қай ғасырда қалыптасып нақыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұнын біркелкі түсінеміз. Өйткені мақалда сөз қолдану туралы айтылады. Сонымен тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз.

1.2 Абай тіл тазалығы үшін күресуші
Абай - қазақтың әдебиет тілінің негізін салушы, дамытып, ілгерілетуші дегенде, біздің әдебиетшілеріміздің ескермей жүрген мәселесінің бірі - Абайдың алдындағы әдебиетіміздің тілі қандай еді, онда поэтик тілдерден не бар, не жоқ деген мәселе. Мұны әлі ешкім сөз қылған емес. Абай жөніндегі тексеру-зерттеулерді ақтарсақ, бұл туралы еш нәрсе таба алмаймыз.
Абай - ұлы ақын, кемеңгер ақын дегенде, онан бұрын еш нәрсе жоқ деп қарау дұрыс болмас еді. Абай - өзінен бұрынғы ауыз әдебиетін, жеке ақындардың әдеби мұраларын толық меңгеруімен, өз тұсындағы әдебиетке сын көзімен қарап, кемшіліктерін көре білуімен және кейінгілерге үлгі аларлық мұра қалдыруымен Абай.

1.3 Абай Құнанбаев – ұлы ағартушы
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.

1.4 Қазақ тілі мен орыс тілінінің лексикасын дамытудағы А. Құнанбаевтың рөлі
Қазақ әдеби тілінің сөздік қорын дамытуда, еcкертетін жайт, Абай енгізген сөздердің көп бөлігі қазақ тілінде оның аудармашылау қызметінің, өзге тілден енген сөздердің нәтежесінде пайда болды.
Абай Құнанбаев пен Ыбрай Алтынсариннің орыс сөздерін қолдануы оң тоғызыншы ғасырдың екінші жартысына 1917 жылғы революцияға дейінгі кезенді қамтиды. Осы уақытты Г.Г. Мұсабаев, орыс тілін қолданушылардың кезеңін құрышы, орыс сөздерін тарихта иемденушіліктің үшінші кезеңіне жатқызады.

2 А. Ақын шығармашылығы – өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі
2.1 А.Құнанбаев шығармашылығындағы мәдениет, білім тақырыбы
«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.

2.2 Абайдың өлең, сөз өнері тақырыбындағы лирикасы
Поэзия туралы өлеңдерінен Абайдың бір жағынан өз көзқарасын мүмкіндігінше образды теңеумен білдіретінін, енді бір жағынан сол образды суреттеулердің ара-арасында, кейде бірер жол ақыл-кеңес, ұлағаттық сөздерді де қыстыруға мәжбүр болатынын байқаймыз.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең».
(«Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол»).
Осындағы ұғымға айналдырылған соңғы екі жолы алдыңғы екі жолындай образды бейнелеу емес. Бірақ, қазақ оқырмандары мұны аса тамаша жазылған шумақ деп біледі, олай дейтіні, осы бір шумақ өлең қазақтың ұлт екенін де, өлең мен өмірдің айырылмастай біте қайнасқан байланысын да әйгілейді. Абайдың поэзия туралы өлеңдерінің көбі осындай. Автор образды сөздерді қолданған кезде әлгіндей ұғымдық жолдарды қайта-қайта өңдеп, ырғағына түсіріп, ұйқастарын күшейтіп, сөздерін саралай қолданады, Сондықтан оның поэзия туралы өлеңдері лирикалық және философиялық өлеңдері сияқты замандар бойы өлмей ел аузында жатталып келеді. Жаңағы бір шумақ өлең қазақ атаулының өлеңсіз жүре алмайтынын да түсіндіреді. Поэзия туралы жазылған мақалаларға қарағанда өлең туралы өлеңнің оқырманы қазақ арасында көбірек болатыны даусыз. Абайдың поэзия туралы өлең жазуының басты себебі осы болса керек.

2.3 Түркілік өлең өрнегі және Абай поэзиясы
Қазақ әдебиеттану ғылымында Абай шығармашылығы ең көп зерттелген саланың бірі болғанымен, абайтануда ақын өлеңдерінің поэтикасы, өлең өлшемі, оның ішінде шығыстық, түркілік уәзіннің мәселелері түбегейлі зерттеліп қойылды деп айта алмасақ керек. Кеңес тұсында Абай поэзиясының идеялық мазмұны мен танымдық, этикалық қырына, орыс және батыс поэзиясының әсері мен аудармаларына бас көңіл қойылғаны да жасырын емес. ХХ ғасырдың отызыншы жылдары ғалымдар М.Әуезов, Ғ.Сағди, Қ.Жұбанов, С.Мұқанов Абай поэзиясыдағы шығыстық, түркілік дәстүр жалғастығы, Абай феномені туралы сөз қозғап, тұжырымдарын ұсынғанымен, реакцияшыл атанған Шығыс мәдениетінің біржақты мансұқталуынан діттеген мақсатына жете алмады.

2.5 А. Құнанбаев шығармаларында адам бойында кездесетін жағымсыз қылықтың суреттелуі
Әрбір тілдің сөз байлығы мен көркемдік қуатын сол тілдегі көріктеу амалдары және сөздік қордың деңгейімен ғана өлшеу жеткіліксіз. Сонымен қатар, тілдің байлығы ұлттың тілдік тұлғасының танымдық деңгейімен де өлшенеді. Ол үшін сол ұлттың танымдық әлемі және содан өрістейтін ұғымдар кеңістігіне тұтастай барлау жасалуы керек.

2.5.1 А. Құнанбаев шығармаларындағы қайғы сөзінің сипатталуы
Бұл тараушада Абай шығармаларында аса жиі қолданылған лексикалық бірліктің бірі – “қайғы” сөзінің мән-мазмұны талдау нысанына алынады. “Күйік, шер, мұң, қасірет” мағынасындағы қайғы семантикасының мәні Абай шығармаларында тереңдей түседі. Абай шығармасында кездесетін бұл лексеманың нақты қолданысы жайлы проф. Р.Сыздықова былай дейді: “Әр адамның тіршілігінде жиі кездесетін үлкенді-кішілі уайым-қайғының үстіне, заманын, айналасын ойлаған күйініш сезімі қосылғанын білсек, “бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды” деп шынын айтқан Абайдың бір басында қайғы-қасіреттің аз болмағанын көреміз. Сондықтан оның тілінде қайғы жеу, қайғы басу сияқты үш-төрттен келген тіркестерден өзге, жеке тұрып қолданылған қайғы тұлғасын 60-тан астам рет кездестіреміз. Бұл – ақынның жан даусын тілмен, сөзбен, сөздің активтігімен танытуы.

2.5.2 А.Құнанбаев шығармаларындағы мақтан сөзінің сипатталуы
Р.Сыздықова: “...Бұрын жеке көп қолданыла бермейтін мақтан сөзін Абай бірде фразалық тіркес жасауға қатыстырып (мақтан қуу, мақтан күйлеу), бірде қарапайым сөз ретінде, бірде ғылыми атау ретінде (21-сөзінде) пайдаланып, 60-қа жуық рет келтіреді. Мұндай фактіні Абайдан өзге тұстастарынан немесе алды-артындағылардан кездестірмейміз”, – деп шығармашылық зерттеуінің бір түйінін айтады.

2.5.3 А. Құнанбаев шығармаларындағы жағымсыздық мәселесі
Аңдар мен жануарлар, құс пен жәндік атаулары (зооморфизмдер) көркем мәтінде жиі метафоралана қолданылады. Өйткені әдебиеттің нысаны – адам мен оның өмір сүрген ортасы болып табылатыны белгілі. Сол адамның мінез-құлқы мен қимыл-әрекетін сипаттайтын тілдік құралдың бірі ретінде зооморфизмдерді метафоралап қолдану жиі байқалады.
Көркем туынды авторы жан-жануарлар атауы мен өзіндік ерекшелігін адамға ауыстыра отырып, адамның ішкі-сыртқы қасиеттерін, мінез-құлқы мен бет бейнесін, әлеуметтік жағдайы мен өмір салтын білдіру үшін тілдік бірліктердің үстеме бояу-реңкі қалың көптеген түрін көркем мәтінде жиі қолданады. Абайдың шығармаларында ұлттың өзіндік түйсінуі мен дүниетанымы дүниенің тілдік бейнесі арқылы көрініс табады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Абайды - қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы деп тегіннен-тегін айтпаймыз. Абай қазақ әдеби тілінің негізін қалауда өте көп қызмет етті. Ұлы ақынның артынан қалған мол мұрасы – соның дәлелі.
Абай қай тақырыпта жазбасын, не ойлар айтпасын- бәріне тұтастық беретін ақынның өз ырғағы, жүрек дүрсілі бар. Ақын өлеңдерінен үнемі қарапайымдылықты және терең мәнділікті кездестіреміз. Абай қарапайымдылығы қарадүрсінділік емес, оның реализмнен, өмір сырына терең үңіліп, шынайы бейнелеуінен туған, сұлулық, көркемдік заңғарына көтерілген әсем қарапайымдылық.