Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 58 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Қазақ антропонимдерінің танымдық сипаты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 7
1.1 АНТРОПОНИМИКА - ТІЛ ТАРИХЫ МЕН ҰЛТ МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУДЕГІ БАҒАЛЫ МҰРА 7
1.2 ЭТНОАНТРОПОНИМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ СИПАТЫ 13
1.3 ЛАҚАП ЕСІМДЕР МЕН ФАМИЛИЯЛАР 17
1.4 ТОПОНИМДІК ЖҮЙЕДЕГІ АНТРОПОНИМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ 21
2 АНТРОПОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ НЕГІЗІ 26
2.1 ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ КІСІ АТТАРЫ 26
2.2 ПРЕЦЕДЕНТТІК АНТРОПОНИМДЕР 30
2.3 АРАБ ПАРСЫ ТІЛІНЕН ЕНГЕН АНТРОПОНИМДЕР 36
2.4 КИЕЛІ АНТРОПОНИМДЕР 38
3 ҚЫПШАҚ-ПОЛОВЕЦ ЕСІМДЕРІНІҢ СИПАТЫ 43
3.1 ЖЫЛНАМАЛАРДАҒЫ ТҮРКІ ТЕКТІ ЕСІМДЕР 43
3.2 ТҮРКІ ТЕКТЕС ЕСІМДЕР МЕН ОРЫС ФАМИЛИЯЛАРЫ 47
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 58

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі Қазақ тіл біліміндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына негізделген қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқан зерттеулерде мәдениеттің өзі метатіл деп анықталып, оның коммуникативтік, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет метатілін этномәдени негізде сипаттайтын өзекті арнаның бірі ­ жалқы есімдердің (антропонимдердің) лингвомәдени, әлеуметтанымдық жүйесі.
Тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы, фразеологиялық жүйедегі тілдік деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі - қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің негізгі арқауы.

1 Қазақ ономастикасының зерттелуі

1.1 Антропонимика - тіл тарихы мен ұлт мәдениетін зерттеудегі бағалы мұра

Тіл қызметінің ерекше бір саласы - ономастика. Жалқы есімдердің жинақтық атауын лингвистикада ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылым ономасиология деп аталады. Ономастика – кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «оnomа» есім, ат) onomastika - ат қою өнері, яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала. Ономастиканы (кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары т.б.) зерттеудің теориялық-әдістанымдық негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В.В.Радлов, В.В.Бартольд, Н.Катанов, А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Қ.Жұбанов, І.К.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ә.Қайдар, Т.Жанұзақов, Ә.Абдрахманов, Е.Жанпейісов, Қ.Рысбергенова, Г.Мадиева, А.Жартыбаев т.б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді: топонимика (жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым), антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым), этнонимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика (хайуандар аттары), гидронимия (теңіз,өзен, су, көл атауларын зерттейді) т.б.

1.2 Этноантропонимдердің әлеуметтік-мәдени сипаты
Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық, әлеуметтік құрлысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алды. Біз зерттеу нысанымызда тікелей қатысы бар профессор Т.Жанұзақов зерттеулеріне ерекше назар аудардық. Профессор Т.Жанұзаков зерттеулерінен бастап, кейінгі Қ.Рысбергенова, С.Оңайбаева, Ұ.Ержанова, М.Мұсабаева, Б.Бияров, З.Жанғабылова, А.Арысбаев, Г.Мадиева, А.Жартыбаев, Б.Тілеубердиев т.с.с. ғалымдардың зерттеулері қазақ антропонимиясына тән бір ерекшелік ретінде оның тақырыптық шеңберінің өте кең екенін көрсетті.
Қазақ есімдерінің де өзіне тән тарихы, шығу пайда болу жолы бар. Кісі есімдерінің шығу, қойылу тарихы өте көне замандарға, алғашқы рулық қоғамға барып тіреледі. Әуелде ру, тайпа аттарының, содан кейін кісі атттарын шыққаны күні бүгінде ғылымда белгілі болып отыр.

1.3 Лақап есімдер мен фамилиялар
Қазақ дәстүрінде адамның жалқы есімнен басқа да толып жатқан (жанама, бүркеме лақап, балама т. б.) қосымша аттары болады. Қосымша аттар адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың ыңғайына қарай өзгеріп, әр алуан морфологиялық тұлғалармен түрленіп, сұхбаттасушы субъектілердің бір-біріне деген ізет-құрметін, көңіл-күйін, ішкі сезімін, дәстүрлі әдептілік пен жол-жоралғыны таныту үшін, жан дүниесін паш ету мақсатында жұмсалады.

1.4 Топонимдік жүйедегі антропонимдердің әлеуметтік мәні
Қазақ топожүйесін қалыптасуындағы антропонимияның көрінісі негізінен, лингвомәдени негізде анықталады. Oңтүстік Қазақстандағы топонимдерін зерттеген Ж.Исмаилова, Қ.Рысбергенова, А.Сембиев, Шығыс Қазақстанда Б.Бияров, А.Әлімхан, Батыс Қазақстанда Ұ.Ержанова т.б. Оңтүстік Қазақстан аймағындағы топонимдердің құрамында жеке есімдер мен әулетесімдерден (фамилия) жасалған топонимдер көп кездеседі. Негізінен елді мекендер кісінің жеке атымен аталса, бірқатар жерлердің атауында әулетесімі қосарлана айтылады. Жекелеген адамдардың аты жөнімен аталатын географиялық объектілер атаулары сол нақты елді мекеннің негізін қалаған немесе сол төңірегінде тұрған, халық арасында, өз ортасында үлкен беделге ие болған кісі ататары кездеседі.

2 Антропонимдердің лингвомәдени негізі

2.1 Қазақ эпосындағы кісі аттары
Ә.Қайдар, А.Мұқатаева «Қазақ ономастикасының мәселелері» атты жинақта қазақ тілінің көне де байырғы лексикалық байлығын, әсіресе, оның кісі аттарын зерттеудің тіл тарихы үшін маңызы зор екені көрсетеді. Солардың ішінде ғасырлар бойы қалыптасып, халық арасында кеңінен тараған батырлық эпостар мен лиро-эпикалық дастандардағы кісі, ру-тайпа аттарын зерттеудің ономастика саласындағы орны бөлек. Себебі эпос антропонимдеріне тән ерекшелік – олардың көнелігі. Сондықтан эпос топонимиясы мен антропонимиясының басқа салаларға қарағанда өзіндік ерекшеліктері көп. Қазақ эпосымен, этникалық мәдениетімен тікелей байланысты, қазақ топырағында дүниеге келіп, халық арасына кеңінен тараған, тіпті Қазақстаннан тыс көршілес өлкелерге де жайылған эпостардың бірі – «Қозы Көрпеш - Баян сұлу».

2.2 Прецеденттік антропонимдер
Ұлт тарихындағы маңызды оқиғалар тілдің құжаттық, мәдени танымдық қызметінің негізінде фразеологиялық, паремиологиялық жүйеде, көне мәтіндерде тарихи есімдер арқылы таңбаланып, халық жадында сақталады. Ерекше ұлттық мазмұндық сипаттағы, мәдени ақпараттық мәні басым бұл атаулар тіл білімінде прецеденттік деп анықталып, тіл мен мәдениет сабақтастығында қарастырылады. Мысалы, Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – бекет, Асанқайғыға салыну.
Тіл арқылы мәдениетті тану қызметіне байланысты зерттеуші Г.Мәдиева бұл атаулардың мәнін төмендегідей бағалайды: «К ядерным элементам национальной когнитивной базы относятся прецедентные имена, которым принадлежит одна из ведущих ролей в накоплении и передаче культурной информации, понимании определенной ситуации и целого комплекса ассоциации, которые возникают при актуализации прецедентного имени в речи» [40, 122 б.].

2.3 Араб парсы тілінен енген антропонимдер
Қазақ антропонимдерінің қалыптасуындағы лингвомәдени негіздің бірі араб-парсы атаулармен байланысты. Қазақ тіл білімінде араб-парсы есімдерді зерттеген Т.Жанұзақов, Р.Сыздық, Л. Рустемов, Н.Оңдасынов, Ж.Ағабекова, Ә.Байтелі, Б.Жұбатова, т.б.
Қай тілдің болсын антропонимиялық қазына байлығын тек төл есімдер ғана емес, басқа тілден енген антропонимдер де құрайды және олардың жалпы антропонимиялық қордағы үлесі әр түрлі болып келеді. Бұл құбылыс қазақ тіліне де тыс қалмайды. Этностың мәдени, рухани даму жолында тарихи-әлеуметтік, діні үрдістің белгілі қалып-күйі, ізі қалады.

2.4 Киелі антропонимдер
Қазақ киелі лексикасын (агитопонимдерді) арнайы қарастырған Қ.Рысбергенова, Р.Мұстафина, А.Керімбаев т.б. Киелі адамдар атауларына жататын сөздер лексика-семантикалық тұрғыдан екі топқа бөлінеді: 1) киелі антропонимия 2) жалпы сөздер - әулиелер атаулары. Киелі антропонимия - әулиелердің жалқы есімдерінің құрамындағы антропонимдердің саны өте көп, оларды Р.Мұстафина негізгі 8 категорияларға жіктеген. Олар негізінен әулие сопылар есімдеріне қатысты аңызға ұқсас көптеген шежіре аңыздарда, әңгімелерде қолданылады [51, 176 б.].

3 Қыпшақ-половец есімдерінің сипаты

3.1 Жылнамалардағы түркі текті есімдер
Көне түркі ономастикасына қатысты маңызды материалдар түркілер мен славяндардың ұзақ уақыт бойы тығыз қарым-қатынаста болғанын дәлелдейтін ежелгі славян ескерткіштерінде көрініс тапқан. Бұл қарым-қатынас пен өзара тығыз байланыс Киев Русінің қалыптасу кезеңінде және оның тарихи даму кезінде Шығыс Европада мекендеген, осы территорияда бірқатар мемлекеттік билігін жүргізген түркі тайпасымен тығыз қарым-қатынас орнату кезеңінде ерекше мәнге ие болды. Н.А. Баскаков славяндар мен көне түркі тайпаларының арақатынасын былай көрсетеді: «Ежелгі орыс жазба ескерткіштерінде, оның ішінде негізінен қолжазба ескерткіштері мен көркем шығармаларда Шығыс Европадағы көне түркілердің топонимдері, антропонимдері мен этнонимдері сақталған. Бұл мәліметтер филологтардың, этнографтардың, тарихшылардың қызығушылығын арттырып, зерттеуге септігін тигізген». Ежелгі орыс мұраларынан табылған түркілер ономастикасына қатысты бұл құнды материалдар зерттеушілердің бірқатар еңбектерінде айқын жарық көрді.

3.2 Түркі тектес есімдер мен орыс фамилиялары
Ортағасырдағы араб жазу ескерткіштегі кездесетін антропонимдер бізге көне түрік ескеркіштер арқылы белгілі.
Ч.М.Гусейндзенің «Ортағасырдағы араб жазу ескерткіштерінің көне түрікі антропонимдер» деген мақаласында араб жазу ескеркіштегі антропонимдердің (кісі есімдерінің) этимологиясы берілген [64, 291 б.]. Мысалы, Boran Боран, Буран есімі, араб деректерінде бұл парсы Хосорва Парвиза (VІІІ ғ.) әмірінің қызының есімі және Момина (ІVғ.) халифтың әйелінің есімі. Боран есімі ресми есімінен кейінгі берілген лақап есімі. Хосрова Парвиза әмірінің қызынің ресми (шын) аты - Захра, ал Момина халифтің әйелінің аты - Хадиджи екен [65, 382 б.].

ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар қазақ тіліндегі антропонимиялық кеңістіктің жалпы сипаты мен ұлттық-мазмұндық құрылымын, номинациялық қағидалары мен атау жасаудағы уәж табиғатының дәстүрлі модельдерін, мәдени таңба ретіндегі коннотациялық сипатын тануға мүмкіндік берді.
Лингвомәдени аспектіде «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағидаға сәйкес жүргізілген зерттеу жұмысы ұлттық антропонимдер жүйесін тіл біліміндегі антропоөзектік парадигма шеңберінде анықтауға негіз болды.