Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тауарлық - материалдық қорлар жайлы түсінік


Жоспар
1 Тауарлық материалдық қорлар жайлы түсінік 3
2 Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі 5
4 Материалдың номенклатурасы 8
5 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау 10
6 Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері 16
7 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі 20
8 Материалдардың бухгалтериядағы есебі 23
9 Материалдық қорларды түгендеу 26

1 Тауарлық материалдық қорлар жайлы түсінік
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары,сату үшін сатып алған тауарларды (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері отындары, ыдыс және ыдыстық материалдарды жартылай фабрикаттар және басқа да материалдарды сол ұйымның тауарлық материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

2 Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі, оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материал;
- көмекші материал;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.

4 Материалдың номенклатурасы
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.
Материалдардың номенклатурасы деп өндірісте пайдаланатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері тағы да басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық тізімде әр материалдың дұрыс аты, оған берілген номенклатуралық нөмірі мен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір материалдың бухгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те айтады.

5 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі.

6 Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

Бұл кестеден көріп отырғанымыздай шығыс етілген 250 дана материалдық қорлардың құны былайша есептелінеді.
ФИФО әдісі бойынша:
Бірінші кіріс етілгендер, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 тенге, бірінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 тенге, екінші топтамада кіріске алынғаны 80 дана сомасы 9600 тенге, үшінші топтамада кіріске алынған материалдардың тек қана 20 данасы сомасы 2600 тенге шығыс етіледі. Барлығы 250(50+100+80+20) дана, сомасы 28200(5000+11000+9600+2600) теңгенің материалдары.
ЛИФО әдісі бойынша:
Соңғы кіріс етілгендер, соның ішінде: бесінші топтамада кіріске алынғаны 70 дана, сомасы 10500 теңге, төртінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана, сомасы 14000 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған 90 дана материалдың сомасы 11700 теңге, 80 дананың сомасы 10400 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (70+100+80) дана сомасы 34900 (10500+14000+10400) теңгенің материалдары.
Материалдық қорларды ФИФО және ЛИФО әдістерімен бағалау барысында материалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.

7 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі
Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын бухгалтериясында есептеледі. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс.

8 Материалдардың бухгалтериядағы есебі
Материалдардың бухгалтериядағы аналитикалық (талдамалық) есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындылығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолданылуда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында материалдардың талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келеді.Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр номенклатуралық нөміріне бөлек карточка ашылады.

9 Материалдық қорларды түгендеу
Қазақстан Республикасында осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің меншігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек.Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі: