Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: География

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ақсу-Жабағылы қорығы


Мазмұны

Кіріспе 3
Негізгі бөлім 6
1. Ақсу-Жабағылы қорығы 6
2. Алакөл қорығы 7
3. Алматы қорығы 9
4. Барсакелмес қорығы 10
5. Батыс Алтай қорығы 11
6. Қаратау қорығы 12
7. Қорғалжың қорығы 13
8. Марқакөл қорығы 14
9. Наурызым қорығы 16
10. Үстірт қорығы 17
Қорытынды 19
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 20

Кіріспе

Адам баласы ХХ-ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп-қатердің бірі - қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық дәрежеде қорғау жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы Халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы - IUCN ) болып табылады, оған бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен алты белгілі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі – қорғалатын территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия (WCPA), табиғи экожүйені қорғаудың тоериялық және практикалық мәселелерімен айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді, тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін құруға ұсыныстар дайындайды.

Негізгі бөлім

1. Ақсу-Жабағылы қорығы

Ақсу-Жабағылы - Орта Азия мен Қазақстандағы ежелгі қорық. 2006 жылы оған 80 жыл болды. Қорық құру мәселесін көтерген белгілі гидробиолог А.Л.Бродский болатын. 1926 жылы маусымда Қазақ Республикасының Кеңес халық комитеті Ақсу-Жабағылы қорығының құрылғаны жайлы арнайы қаулы (хаттама №25) қабылдады, ол 1927 жылы 27 мамырда Ресей Федерациясының Кеңес халық комитеті шешімімен бекітілді. Қазіргі кезде Ақсу-Жабағылы қорығының көлемі 128118 га, ол Қазақстанның Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасы тоғысқан жерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысында орналасқан. Ақсу-Жабағылының негізгі территориясы Талас Алатауы жотасының батыс бөлігі мен теңіз деңгейінен 1100-4200 метр биіктіктегі Угам жотасының қиыр Солтүстік-Шығыс тарамын алып жатыр. Мұндағы тау жынысының басымы – төменгі карбон мен жоғарғы девон ізбестері. Солтүстік баурайлары әдетте жазық, кең тегіс сатылы бедерлер, тау адырлары, қар және мұздықтармен көмкерілген. Оңтүстік баурайлары – тік, құрғақ және жартасты. Орталық бөлігінде қалың мұзды жота Бұғылытөр көзге айқын түсіп тұрады.

2. Алакөл қорығы

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені атырауындағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі, табиғи бірлестіктерді, сонымен қатар Алакөл көлі аралдарындағы мойнақ шағаланың бірегей популяциясын және басқа топтас құстарды қорғау мақсатында 1998 жылы 21 сәуірде ҚР Үкіметі Қаулысымен құрылды. Ол Алматы облысы Алакөл ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Ұржар ауданында орналасқан. Қорықтың алғашқы көлемі 12520 га болатын, сонан кейін 20743 га кеңейтілді. Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесі Қазақстанның Оңтүстік Шығыс бөлігіндегі Тарбағатай мен Жоңғар Алатауы тау жүйелері арасындағы шөлді ойпатты алып жатыр. Ойпат ортасында ірі көл жүйелері – Сасықкөл, Қошқаркөл, Ұялы, Алакөл, Жалаңашкөл орналасқан.
Аймақ ауа райы қатаң континентальды - жазы құрғақ және қысы салыстырмалы суық, қары аз және желді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 146 мм-ден 279 мм-ге дейін. Орташа температурасы 0-тан жоғары жылы кезең ұзақтығы 8-8,5 ай.

4. Барсакелмес қорығы

Барсакелмес қорығы тарихы 1929 жылы ұйымдасқан. Бағалы аң терілері одағының аңшылық шаруашылығынан басталды. 1939 жылы осы шаруашылық негізінде қорық құрылды. 1983 жылдың санақ мәліметтері бойынша аралды 230 ақбөкен, 160 қарақұйрық, 242 құлан мекендейді.
Қорық территориясы қазіргі кезде 2 бөлімнен – “Барсакелмес” және “Қасқақұланнан” тұрады. “Барсакелмес” бөлімі бұрынғы қорық территориясынан (16975 га) және құрғаған жермен кеңейтіліп, жалпы көлемі 50884 га болды, оның 37725 га қорық орталығы, ал 13159 га аралық аймақ. “Қасқақұлан” бөлімінің көлемі 109942 га, оның 68154 га қорық орталығы, аралық аймағы – 41788 га. Қорықтың әкімшілік мекен-жайы Қызылорда облысының Арал ауданы, Арал қаласынан оңтүстік-батысқа 1300 шақырым және Қазалы қаласынан батысқа 210 шақырым жерде орналасқан. Барсакелмес түбегінің жер бедері 2 бөлімге бөлінеді. Оңтүстік бөлігі теңіз деңгейінен 108 м биіктіктегі көтеріңкі қыраттан тұрады. Солтүстік бөлігі – уақытша су ағысы аңғарлары басып өтетін едәуір аласа адырлы жазықтық.

5. Батыс Алтай қорығы

Батыс Алтай мемлекеттік қорығы Алтай тау жүйесіндегі биогеоценозды кешенді қорғау мақсатында 1992 жылдың 3 шілдесінде №1519 –ХІІ ҚР Жоғарғы Кеңес Қаулысымен құрылды. Оның көлемі 56078 га, ол Шығыс Қазақстан Облысының солтүстік шығыс шекарасында, екі әкімшілік аудан жерінде – Риддер (бұрынғы Лениногорск) және Зырянда орналасқан. Негізгі тау жоталары : Линей, Коксин, Иван және Ульба, өте биік емес және бедері бүлінген сипатта. Мұхиттан және ашық теңізден алыс орналасқанына байланысты ауа райы қатаң континентальды, жылдық және тәуліктік температурасы қатты ауытқиды. Жылы кезең ұзақтығы 130-145 күн. Аязсыз кезең 57-94 күнге созылады. Мұнда қыс созылмалы, жылымақтар сирек болады. Қар жабынының тұрақты кезеңі 220-240 күн, қыркүйектің соңы мен қазан басынан сәуір басы немесе мамыр ортасына дейін созылады. Қорықтың топырақ жабынында орта тау және биік тау белдеулеріне тән негігі топ түрлері : ақшыл-сұр орман, таулы-орман, таулы-шалғынды альпі, таулы орманды шалғынды топырақтар, сонымен қатар шалғынды-батпақты топырақтар бар.

6. Қаратау қорығы

Қаратау қорығы – еліміздегі қорықтар ішіндегі ең жасы. Ол 2004 жылдың 1 наурызында ҚР Үкіметінің №240 арнайы Қаулысымен құрылды. Қорықтың үй-жайы Түркістан қаласынан 40 шақырым жердегі Кентау қаласында орналасқан. Негізгі өзендер – Қантағы, Біресек, Баялдыр жотасының биік жерлерінен басталады және оның осьтік бөлігіне перпендикуляр ағады.

7. Қорғалжың қорығы

Қорғалжың қорығы 1957 жылы Теңіз көлі аңшылық қорықшасы деп жарияланды, бір жылдан кейін Теңіздің оңтүстігі далалы жерлерді қосып, Қорғалжың қорығы ұйымдастырылды. Одан кейінгі онжылдықта қорғалатын территорияның орны мен қорғау тәртібі бірнеше рет өзгерді. 1968 жылы сол кездегі бар болған орман аңшылық шаруашылы негізінде Қорғалжың қорығы қайта құрылды.

8. Марқакөл қорығы

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1976 жылы 4 тамызда Шығыс Қазақстан Облысының Күршім ауданы территориясында бірегей Марқакөл көлі мен оны қоршаған ландшафтын қорғау мақсатында құрылған. Қорықтың қазіргі көлемі 75048 га, оның едәуір бөлігін (46045 га) Марқакөл көл су айдыны алып жатыр.
Қорық жері Оңтүстік Алтай тауында орналасқан, ол Оңтүстік Сібірдің таулы-тайгалы ландшафтысының оңтүстік-батыс шеті болып табылады.

9. Наурызым қорығы

1931 жылдың 30 маусымында РСФСР Халық Кеңесі Комиссарының №826 Қаулысы қабылданды, онда бір мезгілде 3 қорық – Печеро-Илычский, Кавказ және Наурызым территориясының шекарасы анықталды. Қорық алғашында құрамына көлемі 250 мың га кең тың дала жерлерін, көл жүйелерін, көктеректі-өайыңды және қарағайлы орманды енгізген. 1936 жылы қорықтан “шығыс бөлігі” қайта алынып, оның орнына үлкен батыс бөлігі “Белқарағай” шағын орманды сілемі мен үстіртте орналасқан бетегелі-қау далалары берілгені жайлы қаулыға қол қойылды. Осы шекара бойынша қорықтың көлемі 320 мың га кеңейді, ол екі үлкен бөліктен тұрады.
Қорық жерінің көп бөлігі Торғай жырасының орталық бөлігінде жатыр және Солтүстік Торғай физика-географиялық провинциясына кіреді. Бұл жер ауа райы континентальды, қысқы және жазғы температурасы қатты қарама-қайшы келеді.

10. Үстірт қорығы

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылы 12 шілдеде Қазақ СРО Министрлер Кеңесі Қаулысымен заңды түрде ұйымдастырылған, ол Маңғыстау облысының оңтүстігінде Ералы ауданында орналасқан. Оның көлемі 223300 га. Қорықтың негізгі орталығы –Кендірлісор соры, оның көлемі 50 мың га.

Қорытынды

Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан, қорғалатын табиғи территориялардың әлемдік жүйесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Біздің мемлекетімізде қорық құру тарихы 1922 жылдан басталады. Бұл жылы мәдени және көне табиғи ескерткіштерді қорғау жөніндегі Түркістан комитеті құрылған, ол алғаш рет сол аймақта қорық құру қажеттілігі мәселесін көтерді.