Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Электртехникасының теориялық негіздері

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Комплекстік сандар мен векторлық диаграммаларды электрлік тізбектерді есептеуде қолдану


Жоспар

1 Комплекстік сандар мен векторлық диаграммаларды электрлік тізбектерді есептеуде қолдану 3
1.1 Синусоидалы функцияларды айналатын векторлардың проекциясы түрінде келтіру 3
1.2 Комплекстік түрдегі Ом және Кирхгоф заңдары 8
1.3 Тізбек бөлігінің кедергілері мен өткізгіштіктері арасындағы тәуелділік 16
1.4 Қуаттың комплекстік түрде жазылуы 17
1.5 Активті қуаттың максимумын қорек көзінен қабылдағышқа беру шарттары 20
1.6 Қуаттар тепе-теңдігі 22
1.7 Потенциалдық (топографиялық) диаграмма 23
Әдебиет 25

1 Комплекстік сандар мен векторлық диаграммаларды электрлік тізбектерді есептеуде қолдану

1.1 Синусоидалы функцияларды айналатын векторлардың проекциясы түрінде келтіру

Алдынғы тарауда қарастырылған синусоидалы токтың электрлік тізбектерін есептеудің тригометриялық түрі өзара индуктивтіліктен контурлар мен қорек көздердің көп санынан тұрмайтын қарапайым электрлік тізбектер үшін ғана қолданылады.
Қарапайым электрлік тізбектерді есптеу үшін есептеудің тригометриялық түрін қолдану қиындыққа әкеледі, сондықтан тұрақты токтың тізбектерін есептейтін әдістер сияқты, айнымалы ток тізбегін есептейтін әдістер керек. Ең ыңғайлы әдіс болып комплекстік амплитудалар (комплекстік әдіс) әдісі саналады. Ол синусоидалы функцияларды айналатын векторлармен алмастыруда негізделген. Әрі қарай ЭТН курсы және басқа электртехникалық пен радиотехникалық пәндер осы әдіске негізделген.
Комплекстік жазықтықтағы әр нүкте, сол нүктенің радиус-векторы сияқты анықталатыны белгілі, яғни вектордың басы координат басымен сәйкес келеді, ал соңы берілген комплекстік санына сәйкес келетін нүктеде орналасқан ( 1.1 сурет).

1.4 Қуаттың комплекстік түрде жазылуы

Электрлік тізбек арқылы синусоидалы ток өтсін және де тізбек шықпаларындағы ток пен кернеудің оң бағыттары сәйкес келгендей алынсын ( 1.9 сурет).

1.5 Активті қуаттың максимумын қорек көзінен қабылдағышқа беру шарттары

Қорек көзінен комплекстік кедергісі белгілі болғанда жүктеменің комплекстік кедергісін, қорек көзінен қабылдағышқа максималды активті қуат берілгендей үшін таңдайды.
Кернеу көзі мен жүктеменің комплекстік кедергілерін келесідей белгілейік

1.6 Қуаттар тепе-теңдігі

Энергияның сақталу заңынан келесі шығады. Кез-келген электрлік тізбек үшін активті қуаттардың тепе-теңдік заңы сақталады.Қорек көздері шығаратын активті энергия барлық қабылдағыштармен тұтынылатын активті энергияға тең.
Сонымен қатар, берілетін реактивті қуаттың қосындысы тұтынылатын реактивті қуаттың қосындысына тең.

1.7 Потенциалдық (топографиялық) диаграмма

Синусоидалы ток тізбегі жағдайына кернеулердің потенциалдық немесе топографиялық диаграммасы салынады. Бұл диаграммада, берілген тізбектің әр нүктесінің комплекстік потенциалдары, потенциалы нөлге тең деп қабылдаған бір нүктеге қатысты, векторлық диаграмма түрінде салынған. Сонымен, кернеудің кемуінің векторының орналасу тәртібі схемада тізбек элементтерінің орналасу тәртібіне сәйкес келеді. Әр келесі элементтегі кернеу векторының соңы, алдыңғы элементтің кернеу векторының басына қосылады. Кернеудің векторлық диаграммасын былай құрастырған кезде, электрлік тізбектің әр нүктесіне потенциалдық диаграммада анықталған нүкте сәйкес келеді.
Потенциалдық диаграмма бойынша тізбектің кез-келген нүктесі арасындағы кернеуді оңай анықтауға болады: ізделулі кернеудің нақты мәні мен фазасы потенциалдық диаграмманың сәйкес нүктелерін қосатын түзумен анықталады.