Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Маркетинг

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 31 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І-Тарау. Кәсіпорын басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі 6
1.1 Маркетингтің әлеуметтік –экономикалық мәні және мазмұны 6
1.2 Маркетингтің негізгі түрлері мен принциптері 10
1.3 Кәсіпорынның маркетингтік мүмкіндіктерін зерттеу 12
ІІ-Тарау. Қазақстандағы «Рахат» акционерлік қоғамының маркетингтік қызметіне талдау 15
2.1 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық анализі. 15
2.2 “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау 19
ІІІ-Тарау. “Рахат” Акционерлік Қоғамының жұмысын жақсарту жолдары мен ұсыныстар 24
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни, нарықтық экономиканың амал-тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу міндетті мақсаты тұр. Бұл дегеніміз – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркениеті ел болу. Сонымен қатар Қазақстан Президентінің Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы ролі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді» деп атап айтқан. Яғни ол мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, экономикамыз дамыған болсын деген ұсыныспен халыққа жеткізді.

Курстық жұмыстың объектісі - “Рахат” Акционерлік Қоғамы.
Осы мақсаттан келесідей міндеттер туындайды:
Біріншіден, курстық жұмыстың теориялық негіздерін қарау, ондағы негізі ұғымдардың мазмұнын ашу, талқылау;
Екіншіден, Қазақстан Республикасының бір кәсіпорының алып, менің жағдайымда бұл курстық жұмыстың объектісіне сәйкес “Рахат” Акционерлік Қоғамы болғандықтан, осы компанияның технико-экономикалық құрылымын, көрсеткіштерін, осы кәсіпорындағы қолданылатын маркетингтік технологияларды қарастыру.
Ал үшіншіден, объект ретінде алынған кәсіпорынның, яғни “Рахат” Акционерлік Қоғамының, жұмысын жақсарту жолдары мен ұсыныстар қарастыру.

І-Тарау. Кәсіпорын басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі
1.1 Маркетингтің әлеуметтік –экономикалық мәні және мазмұны
Еліміздегі халық шаруашылық құрылымын қайта құру процесінде болып жатқан өзгерістер, өндіруші еркіндігі мен нарықтық ортаны игеру кезінде кәсіпорынды басқару маркетинг тұжырымдамасын нарықта Кәсіпорынның белсенді басымдық саясатының стратегиясы мен тактикасы, шаруашылық іскерлігі және барлық өндірістік ресурстар түрлерін тиімді қолдану нәтижелеріне әсер ететін маңызды құрал.

1.2 Маркетингтің негізгі түрлері мен принциптері
Маркетингтің негізгі принципі - жалпыға бірдей нысаналығы, яғни тұтынушылардың қалаулары мен нақтылы талаптарына сай өндірістің түпкілікті нәтижелеріне бағдарлануы.

1.3 Кәсіпорынның маркетингтік мүмкіндіктерін зерттеу
Жеткізушілер, делдалдар, бәсекелестер және қоршаған жағдайларды зерделеу, фирма өзінің маркетинг мақсатын орындау үшін не істеу керектігін анықтауға себепкер болады. Өндірісті, қаржыларды, жабдықтарды, оның осылар үшін қолда қандай мүмкіншіліктерінің бар екендігін, қандай ресурстардың қолда бары, олардың қандайларды қажетті, керектілерін қандай бағамен сатып алуын, т.б. анықтауға мүмкіндік береді.

ІІ-Тарау. Қазақстандағы «Рахат» акционерлік қоғамының маркетингтік қызметіне талдау
2.1 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық анализі.
Алматы кондитер фабрикасы ең алғашқы өнімін 1942 жылы шығарды [4]. Москва және Харьковте ескіден сақталған кондитер кәсіпорындарының Алматыға көшіп келген технолог-мамандары көп жылдық өндіріс мәдениетінің салт-дәстүрлерін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып қалыптасқан дағдыларын, тәтті тағам дайындайтын мамандардың шеберлік құпияларын өздерімен бірге ала келді. Жарты ғасырлық уақыт ішінде осындай берік те, сенімді тұғырдың арқасында фабрика ұжымы кондитерлік өнімдер тұтынушыларының саналуан сұраныстарын қанағаттандыра алатын қазіргі заманға сай өндіріс орнын қалыптастырды.

2.2 “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау
Отандық кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингті енгізу ерекшеліктері 1990-шы жылдар басында пайда болды, бүгінгі күні ол сыртқы орта фактормен байланысты. Олардың әсері маркетинг іс-әрекетін бірталай қиындатып, осы жүйенің нақты проблемаларына әкеледі. Қазақстан Республикасының қазіргі шаруашылық жағдайын, біздің ойымызша, дамыған елдерге тән нарықтық экономика моделіне қарай өтпелі экономикалық кезең ретінде сипаттауға болады. Экономикалық реформалар басталғаннан бері өткен жылдар нарықтық әрекет етуінің негізгі алғы шарттарының қалыптасуы жайлы айтуға мүмкіндік береді. Өтпелі кезеңде экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру процестері, ескі шаруашылық байланыстардың үзілуі және жаңа нарықтық қатынастардың құрылуымен байланысты әр түрлі меншік түріндегі шаруашылық субьектілер жаңа экономикалық қатынастары пайда болады. Маркетингтің даму деңгейі осы қатынастар, жалпы экономика және жекелей ішкі жүйелердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты.

4-ші кестеде көрсетілгендей маркетинг бөлімшелері олардың атқаратын қызметтеріне сай құрылған. Бірақ бұл құрылымда өндіретін өнімдер ассортименті көбейген сайын өндіріс икемділігі төмендейді, себебі сыртқы ортадағы өзгерістерге икемделу және оған жауап беру уақыты азаяды. Маркетингті ұйымдастырудың бұл түрі ағымдағы тиімділікке бағытталған және оның стратегиясына икемділігі жоғары жаңалықтарды енгізу мен қатар жаңа технологияларды пайдаланып, тұтынушылардың жеке топтың қажеттері мен талғамдарын қалыптастырып отыр. Маман мен бөлім басшысы қызметіне нарықты кешенді жүйелі түрде зертеу, фабрика ассортиментін талдау және жетілдіру, технологтармен бірге жаңа тауарларды құру, сұранымды қалыптастыру мен өткізуді ынталандыру бойынша шараларды орындау кіреді.
“Рахат” маркетинг құрылымы бес бөлімнен тұрады.
Сурет 1. “Рахат” Акционерлік Қоғамының маркетинг бөлімінің құрылымы [4]

ІІІ-Тарау. “Рахат” Акционерлік Қоғамының жұмысын жақсарту жолдары мен ұсыныстар
Негізінен “Казпочта” Акционерлік Қоғамының жұмысын жақсарту үшін келесідей шараларды қолданған жөн:
1. Компанияның корпоративті рухын қалыптастыру. Егер кәсіпорында оған деген берілгенділік, сүйіспеншілік болмаса, онда ол кәсіпорын көпке шыдап өз жұмысын жүргізе алмайды. Нарықтық жағдайда осындай жайды қалыптастыру әрбір фирманың басты міндеті болып саналады. Әр жұмысшы өзінің жұмыс орнының ажырамас бөлігі ретінде өзін тануы қажет және ол компанияға деген берілгенділік, адалдылық деген сезімді әр жұмысшыда оята білу керек.

Макроортаның жағымсыз әсерін төмендету үшін кәсіпорын тарапынан ешқандай әрекеттер жасауға болмайды, бұны шешу үшін мемлекет тарапынан қолдау жүзеге асырылуы қажет.
10. Кәсіпорынның жұмысын жақсарту үшін ол міндетті түрде тұтынушылармен жақсы қарым-қатынаста болу керек. Ол үшін ақпаратпен алмасу үшін келесі схема бойынша жұмыс істеуі қажет:
Схема 1. Ақпаратпен алмасу [10]

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, мен курстық жұмысымда көптеген мәселелерді қарастырып шықтым. Алдыма қойған мақсаттар мен міндеттерді іске асырдым, яғни маркетинг терминіне анықтама бере отырып, оның түрлерімен формаларын білу маркетинг өзінің ісін дұрыс істеуге сонымен қатар экономикалық және заңды шешімдерді тиімді қабылдауға мүмкіндігі болатынын қарастырып өттім.
Жаңа экономикалық шарттарда Қазақстан халқының жағдайын қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелердің бір қатарын жолға қояды деп айтып кеткен болатынбыз. Осы шарттарда маркетинг ерекше орынға ие болды. Өйткені ол құрылымдық – ассортименттік саясатты қалыптастыру кезінде осы механизмнің ең көкейтесті құрамдасы ретінде сипатталады. Маркетинг кәсіпорында кеңінен тарай бастады. Осыдан келесідей қорытындыны шығара аламыз: