Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Дирижер - маманды тәрбиелеу барысындағы өзіндік жұмыстың маңызы

Халқымыздың қалыптасқан салт-дәстүрі, мәдениеті мен өнеріне студенттердің қызығушылығын арттыру ұстаздардың басты міндеті. Халық аспаптарын зерттеу және ұлттық мәдениетіміздің мұраларын сақтау ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Дәл осы бағытта халық аспаптар оркестрі дирижерының бейнесі айқындалады. Дирижер тыңдарман қауымға эстетикалық тәрбие беру жолында алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін ең алдымен өзі жан-жақты білімді маман болуы тиіс. Шығармашылық ұжымды басқарып, өзінің кәсіби дайындығын арттыруда жас үйренуші дирижерлық техниканың әдістерін толық меңгеруі керек.

Музыканы қабылдау қасиеті адамның жас кезінен білінеді және ол өлең айтқан кезде немесе аспапта ойнағанда көрінеді.
Нота желісін оқудың екі жолы бар.
Біріншісі - музыкалық аспапта ойнаумен байланысты. Дирижерлық мамандыққа сәйкес - ол фортепианода ойнау:

Дирижерлық көрсеткіштердің түрлерін (мысалы: 2/4;3/4;4/4 өлшемдерін) қол қимылдары және қозғалыстарымен көрсету арқылы дирижердің шеберлігінің бір қырын айқындауға болады. Дирижерлық техникадағы сермеу қимылы тек көмекші ретінде ғана қолданылады және қол механикалық түрде қозғалады. Шығарманың мағынасын, кейбір ерекшеліктерін толық жеткізіп, сапалы орындау үшін техникалық әдістерді пайдалану жеткіліксіз.

Қол қимылының жаттығуы орындаушылармен тығыз қарым-қатынаста болу нәтижесінде қалыптасады. Дирижерлық кластағы жаттығу процесі ең басынан бастап орындаушылық руымның алдында жұмыс істегенде талап етілетін жағдайға ұқсас қалыпта өтуі керек. Пульт алдында өзін - өзі ұстауға, сөйлеуге, диржерлауға ең бірінші сабақтан бастап дағдыланады.

Студентте өз бетімен музыкалық ойлау, шығармамен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту жақсы музыкант тәрбиелеп шығарудың жалпы міндетінің ең маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан оқу бағдарламаларына нақтыланған мерзімге сәйкес студенттердің өз бетінше жұмыс істеуі үшін шығармалар енгізілгені жөн. Осылай. өздігінше шығармашылықпен еңбек еткен жағдайда ғана, ол ұстазынан алған білімін әрі қарай дамытып, іс жүзіне асыра алады.
Оқу репертуарына казак халық, шетел композиторларының, классикалық музыканың шығармалары енгізіледі. Репертуар таңдау барысында студенттің қабілеті, дайындығы, білім деңгейі мен мүмкіншіліктері ескеріледі.